0 дауыс
11.1k көрілді

"Ертегі әлеміндегі сүйікті кейіпкерім" 5-6 сөйлемді әңгіме құрастырып беріңізші?

2 жауап

0 дауыс

"Менің ертегілер әлеміндегі ең сүйікті кейіпкерім - Ер Төстік" деп бастауға болады.

0 дауыс

Менің сүйікті кейіпкерім

Ұлт ұятын сақтаған

Кітап қай кезде де адам баласының айнымас досы, мызғымас тірегі, таусылмас ақылшысы. Мен үнемі «Кітап — өмір азығы» деген мақалды есімнен шығармай, өз ұранымдай жадыма тоқып жүремін. Достарыма да мұны айтудан жалыққан емеспін. Қолым қалт етсе кітап оқып, сол кітап кейіпкерлерімен мұңдасып, сырласып, өзгеше бір әлемде жүргендей ерекше бір күйге түсем.

Мен үшін барлық кітап қызықты, әрбір кейіпкер ұнамды. Бірақ солардың ішінде өзім ерекше қадір тұтатын, қастерлеп, үлгі ететін бір кейіпкерім бар. Құпия емес, сондықтан сіздермен бөлісе отырайын. Ол — Тайлан батыр. Кәдімгі еліміздің қайсар ұлдарының, қарымды жазушыларының бірі Әбіш Кекілбаев қаламынан туған «Үркер» романындағы қазақтың дара хандарының бірі Әбілқайыр ханның досы.

Көкейлеріңізде «Не үшін ұнайды екен?» деген сауал тұрған шығар, әрине, бұл орынды сұрақ. Себебін де айта отырайын, маған Тайлан батыр өз ұстамдылығымен, ақылды, парасаттылығымен, қайсар, ер жүректілігімен ұнамды. Қандай болмасын, қысылтаяң шақта өзіне ғана тән ерекшелігімен ақыл-айла тауып, елі үшін, жері үшін басын бәйгеге, бағын таласқа тігіп, ұрандатып жауға шапқан батыр, асқар тау әкесінен, аяулы жарынан, сүйкімді ұлынан айрылса да, өмірден баз кешіп түңілмей, керісінше, жігерленіп, досына тіреніш болып, жауға ел намысын, ұлт ұятын бермей жалғыз өзі бір бүйірден ұрандай тиіп, апшыларын қуырады. Міне, бұл нағыз ерлердің ісі. Бойында қазақ қаны бар ер жігітті жігерлендіретін іс. Міне, сол үшін де маған Тайлан батыр ұнамды.

Қазақта жау төбесіне атой салып, ат ойнатқан ерлер аз болған жоқ. Оларды бүгінгі бейбіт замандағы ұрпақтар бірін білсе, бірін білмей жатады. Ал бұл біздер үшін ұятты жағдай. Ұлтарақтай елді, ат төбеліндей жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған бабалар әруағы алдындағы кінә. Сондықтан осы асыл текті батыр бабаларды ұмытпай, осындай жайма-шуақ күндері де жадымызда сақтағанымыз жөн. Ал бұл турада кітаптың атқарар маңызы зор.

Олай болса, жасы үлкен замандастар, ойы бір құрдастар, кітап оқиық. Себебі, кітап — өмір азығы!

Нұрберген ӨМІРТАЕВ

Причом тут китап
...