+2 дауыс
854 көрілді

Мұқағали Мақатаевтың қарасаздағы мұражайының архитекторы кім?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

С.Фазылов пен Б.Кәрімов

+1 дауыс

Қосымша ақпарат:

Қарасаз ауылындағы былтырғы жылдың еншісіндегі бір үлкен біткен іс – осындағы ақын мұражайының күрделі жөндеуден өткені. Облыс әкімі Серік Үмбетов Райымбек ауданына арнаған іссапарында осы мұражайда болды. Облыс әкімімен бірге облыстағы бірқатар басқарма, департамент басшылары бірге жүрді. Облыстық ақпарат құралдарының өкілдері де жақсы істің басы-қасында. Ақын тойын өткізу жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімі Аян Айтжанов облыс әкіміне жол бастады. 
Облыс әкімі Серік Үмбетов құшағынан жылылық ескен мұражай есігін құрметпен, қастерлей ашты. Жалпы, республикалық және жергілікті бюджеттен 90 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеуден өткен мұражай ғимаратын бұрынғысымен мүлде салыстыруға келмейтіндей. Еуропалық түрге еніп, жайнап тұр. Көрген де, көрмеген де арманда дейтіндей. 
Сонау 1991 жылдары салынған ғимарат шын мәнінде ескірген еді. Ақын мұражайын қалыпқа келтіру үшін А. Рябинин басқарған «Ауыл-құрылыс» акционерлік құрылыс қоғамы көп еңбектенді. Алғаш қырық, одан соң алпыс адамға дейін жұмыс істеді. Бұрынғы сырты алынып тасталды. Іші түгел қырылды. Ғимараттың сырты жылылық сақтайтын құрылыс материалымен қапталды. Оның сырты жылтыр керамикалық гранит тастармен өрілді. Төбесінен күмбез айшықталып, алды қаламұштың көрінісімен көз тартты. 
Жарқыраған мәрмәр баспалдақтарын басуға қимайтындайсыз. Бұрын мұражайда 850 мұрағат болған. Биылғы ақынның 80 жылдығында қосымша 500-600 мұрағатпен толығады деп күтілуде. Ақын мұражайын асықпай аралаған облыс әкімі Серік Үмбетов А. Рябинин бастаған құрылысшылардың еңбегіне лайықты алғысын білдірді. Мұражай күрделі жөндеуден өткен кезде бірнеше қосымша құрылыспен толыққан еді. Облыс әкімі жарқырап, жайнаған мұражайдағы әртүрлі жиын өткізуге арналған 50 адамдық залда отырып ауыл қарттарымен әңгімелесті. 

...