Поездта жануар тасымалдауға болады ма?

+3 дауыс
723 қаралым

Поезд арқылы жануар тасуға болады ма?

Жанұя

5 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

Болады, мал тасуға арнайы жабдықталған вагондар (скотовоэ) болады.

+1 дауыс

Қажетті ветеринариялық документтерін рәсімдеп, жануарларды алыс жерге арнайы вагонмен тасуға болады. Жақын қашықтыққа арнайы жарақталған жүк машинасымен тасу қажет.

0 дауыс

Малдардан, жануарлардан адамға жұғатын аурулар көп. Сондықтан, малдар, жануарлар арнайы жарақталған вагондармен немесе автомашиналармен тасылады.

0 дауыс

Әрине,болады.Бірақта ешқандай ауру және т.б зияндылығы болмаса,міндетті түрде тазуға болады.

0 дауыс

Жануарларды тасуы

СВ вагондарынан басқа барлық санаттағы вагондарда үй жануарларын, ит, құстарды алып жүруге рұқсат етіледі, ол үшін әр данаға және орынға 20 кг. жүктің есебімен ақысы төленеді. Ұсақ үй жануарлары, құстар жәшікке, торға, себеттерге салынып, қол жүгін тасымалдауға арналған жерлерге еркін сиятындай болуы керек.

Үй жануарларын, ит және құстарды тасымалдау кезінде иелері вагондағы санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуын қадағалауы қажет.

Ұсақ тұқымды иттер мен күшіктерді поездардың барлық қатты вагондарында сөмкеге, себетке, торға салып өзімен бірге алып жүруге рұқсат етіледі.

Жолаушылар поездарында ірі тұқымды иттерді алып жүру былайша жүргізіледі:

  1. жолаушылар поездының локомотивінен кейінгі бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурында (екі иттен көп емес) сол вагонда келе жатқан иелері мен алып жүруші адамдардың бақылауымен тұмылдырық кигізіліп немесе шынжыр арқылы алып жүруге болады; Тасымалдау бет жағында «Багаж жолаушының қолында» деген жазуы бар жүк түбіртегі бойынша жүргізіледі;
  2. иттерді топтап тасымалдау (екі иттен көп) поездың жөнелтілуінен 5 күн бұрын тасымалдаушыға алдын ала өтініш тапсырыс беру арқылы жүк вагондарын жалға беру шарты бойынша жүзеге асырылады;
  3. ауданаралық немесе ішкі қатынаста поездың тамбурында (екі иттен көп емес) иесінің бақылауымен;
  4. жүк вагондарында арнайы контейнерлер мен жәшіктерде осы поезда келе жатқан иелері мен алып жүруші адамдардың бақылауымен жүргізіледі. Иелері мен алып жүруші адамдар арнайы контейнерлер мен жәшіктерді тұғырықпен қамтамасыз етеді;
  5. зағип жолаушылар өздерімен бірге алып жүретін иттерді барлық санаттағы поездардың қатты вагондарында тегін алып жүре алады.

Аралар тасымалдауға күз-көктем мезгілдерінде сырттағы ауа температурасы +10 градустан аспайтын температурада жүк вагондарына қабылданады. Аралар сол поезда келе жатқан алып жүрушінің бақылауымен арнайы фанер пакеттерде тасымалданады. Жабайы жануарларды, ақ тышқандарды, кеміргіштерді алып жүруге рұқсат етілмейді.

Жүк вагондарында ұсақ үй жануарларын, ит, құстар, араларды тасымалдағанда мал дәрігерінің арнайы формаға сәйкес анықтамалары тексеріледі.

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы