+1 дауыс
590 көрілді

Әлемдегі  ең  қиын  яғни  үйренуі  қиын  қандай  тіл ?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ең қиын тіл қай тіл? *.Әлемде үйренуге ең қиын тіл –баск тілі болып саналды. Оның қиындығы соншалық, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аталған тілді шифр ретінде қолданған. *.Нивх тілінде (Сахалин аралының солтүстік бөлігінде қолданылады) үшке дейін санаудың өзі оңай емес. Нивх тілінде сандар санайтын затқа байланысты әртүрлі дыбысталады. Аталған тілде санаудың жалпы 26 түрі кездеседі. *.Табасаран тілінде (Дағыстаннның ресми тілдерінің бірі) септіктің 48 түрі бар. *.Эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы мен қарапайым зат есімдердің 253 жалғауы бар екен. *.Санскритте мәтін аударып немесе сол тілде жаза білу үшін адам оны кем дегенде 12 жыл үйренуі қажет. *.Солтүстік америкалық үнді тайпасы Чиппеваның тілі – әлемдегі ең көп етістік формасы кездесетін тіл болып саналады. Тілде 6000 етістік формасы бар. *.Ресей Федерациясының құрамындағы Карачаево-Черкесия Республикасында қолданылатын Абазин тілі жайлы бала кезден білмей, есейгенде үйреніп алу мүмкін емес деп айтады. Себебі тіл фонетикасы өте қиын. *.Қытай тілінің толық сөздігі 87 000 иероглифтен тұрады. Олардың әрқайсысының өз мағынасы бар. Ең қиын көне иероглиф се – «мылжың». Ол 64 сызықтан тұрады. Ал қазіргі таңда қолданыста жүргендердің ішінде – иероглиф нан. Ол 36 сызықтан тұрады. Мағынасы – «мұрын бітіп қалу». Ақпарат мына жерден алынды: http://massaget.kz/bilim/bilesiz-be/9681 Әлемдегі ең қиын және ең оңай тілдер Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте,-дейді дана қазақ. Осы бір аталы сөзді бағдарға алып, өзге тілді үйренгісі келетін әрбір қарадомалақ қазақтың «әлемдегі ең оңай және ең қиын» тілдерді білгісі келетіндігі ақиқат. Осы орайда Лингвистер қауымы: «сіздің жолдаған сауалыңыздың жауабы жоқ, бәрі де өз ана тіліңізге байланысты(мәселен, украиндық пен чех азаматы үшін орыс тілін үйрену тым оңай, ал жапондық және түріктік азаматқа қиынның-қиыны)" - деп жауап қатса, нейрофизиологтар қауымы:«ең қиын тіл – мидың қабылдауына ауырлық тудыратын араб, қытай сынды тілдер» деген пікірді ортаға салады. Туыстық тұрғыдан қарағанда үйренуде аса қиындық тудыратын тіл ретінде –«баск»тілін атап өтуге болады. Өйткені басктің әлемге танымал тілдердің ешбірімен байланысы жоқ. Біз білетін өлі тілдермен де, тірі тілдермен де ұштастыра алмаймыз. Ал Гиннестің рекордтар кітабына көз жүгіртер болсаңыз,чиппева(үндіс халықтарына тән),хайда(Солтүстік Американың солтүстік-батысын мекендейтін халыққа тән),табасаран(Дағыстанның кейбір халықтарына тән) және эскимос, қытай тілдеріне ең қиын тілдер деп баға бергендігін оқисыз. Кітапта аталған тілдердегі қиындықтарды былай деп түсіндіреді: қытай тілі– иероглифтік хаттардың ерекшелігімен қиын, табасаран тілінде 48 септік бар; хайда тілінде 70 префикс қолданылады; чиппева тілінде 6000-ға жуық етістік формалары бар; эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы, қарапайым зат есімдердің өзінде 252 флексия бар. Жазу жағына келгенде, қытай, жапон және араб, корей тілдері ең қиын тілдер болып табылады. Бұл тілдер тіпті жергілікті қолданушылардың өзіне ауыр тиеді. Мәселен, Жапониядабілім беру мерзімі он екі жылға созылады да, бұл уақыттың жартысы ана тілі мен математика пәндеріне арналады. Сондай-ақ жапон оқушыларын мектепке дейін даярлау жұмыстары өте қызу әрі қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мектепті аяқтау емтиханында 1850 иероглифті жаттап, тапсыру керек екен. Тағы бір сұрағымыз жауапсыз қалып барады:«Ең оңай тілдер қандай? Меңгеруде аса қиындықтарға соқтыра бермейтін, оңай тілдердің қатарына африкаанс, дат, голланд, француз, итальян, норвег, португал, румын, испан және швед тілдерін атауға әбден болады. Тек қана жеті түрлі тілді меңгеріп немесе жеті түрлі білім ғана біліп қоймай, әлемнің көптеген тілдерін бағындыра білгенге не жетсін! Ақпарат мына жерден алынды: http://massaget.kz/alemtanu/syrly-alem/4256
+1 дауыс

Қытай тілі шығар

Әлемдегі ең қиын тіл-Қытай тілі.

Онша қиын емес екен. Қытайлық қазақтардан бір-екі сабақ алып көргенмін. Бірақ, жазулары мүлде түсініксіз екен.
+1 дауыс

Ғалымдардың айтуы бойынша орыс тілі мен қытай тілі.

Орыс тілі күлкілі екен орыс тілін ең онай тіл шығар ?
Ол онай бізге,ал ағылшындар басқа қытай солар қиынға түседі,себебі біздегі әріптер орыс тілінде барлығы бар!
0 дауыс
Бірінші ең қиын тіл қытай тілі шығар, ал шенеуніктерге ең қиын тіл ол қазақ тілі.
0 дауыс

Әлемдегі ең қиын тіл-Қытай тілі сияқты.Қытай тілі басқа тілдерге ұқсамайды.

+1 дауыс

Ең қиын тіл Қазақ тілі қазақтардың өздеріде үйрене алмай жүр...

Себебі, шалақазақ мәңгүрттер "ұлттық намыс" дегеннен жұрдай. Сондықтан ғой, көгеріп-көктей алмай жүргеніміз.
0 дауыс

"Говорящие с ветром" (АҚШ) фильмінде әскерилер код есебінде навахо үндістерінің тілін қолданады. Код тасушылар сол навахо үндістері болады. Себебі, бұл тіл өте қиын тіл болып есептелген.

0 дауыс

Мен "үйренуге ең қиын тіл жапон тілі" деп естігенмін.

...