Геннадий Головкин мен Осумана Адама арасындағы кездесу Монаконың Монте-Карло ауданындағы атақты орталық казинода өтеді. Жекпе-жек ақпанның 1-нен 2-сіне қараған түні Астана уақытымен сағат 02:00-де басталады деп жоспарланған.
Бұл кездесу Головкин үшін 2014 жылғы алғашқы, ал өз мансабы жолындағы 29 кездесу болғалы тұр. Генаның алдағы кездесуі 26 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарланған. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз. Ал Головкин соңғы жекпе-жегінде америкалық Кертис Стивенсті техникалық нокаутпен жеңгендігін айта кетейік.