+2 дауыс
10.8k көрілді

Қатты ашуланғанда қалай сабырға келуге болады? Жауаптарыңызға Рахмет!!!

15 жауап

0 дауыс

Психологтың кеңесін ал

0 дауыс
Одан ешқандай пайда келмейтінін түсініп алсаң болды.
0 дауыс

Негізі ең мықты адам сабыр сақтап өзінің ашуын жеңген адам. Шамаңыз келгенше (максимум) сабыр сақтауға тырысыңыз. Ашуланған нәрсеңіз туралы ойлай бермеңіз.

+1 дауыс

"Ашу дұшпан, ақыл дос. Ақылыңа ақыл қос" деп іштей бірнеше рет қайталау керек. Сосын кез келген сөзтартысты әзілге айналдырып жіберіңіз.

0 дауыс

Стенаға басыңды бір ұрсай қалжың, бір кездер боладығой адамның басында проблема бар кездер сондай кездерде таңертең успокоительный дәрі бар "Успокой" деген сияқты соны ішу керек ішкен күні ашуланбайсың мүлдем сабырлы жүресің. 

0 дауыс

1 ден 10-ға дейін санаңыз, болмай жатса ойша 13-ті 7-ге көбейтіп қараңыз (ашуың қалай басылғанын білмей қаласың)

13x7=91 шығады.
–1 дауыс

Жүйкесі әлсіз адамдар өте ашуланшақ болып келеді. Олардың кейбіреулері өз өміріне, тұрмысына риза болмай
қытымырланса, енді біреулері жұмыста тыныш, ал үйде адам төзгісіз ашушаң болады. Бұндай адамдар өзгелерді өз уысында ұстап, оларды басқарғысы келіп, өз айтқаны мен ойлағанына көндіруге тырысады. Осындай мінезден құтылғысы келген адам бір стақан су алып, бір рет «Йа уәдуду» деп, суға үшкіруі керек. Одан кейін осы суды үшке бөліп ішеді. Ал егер оны емші емдесе, онда ол емделушінің суды бірінші рет таңертең күн шығар алдында ішуін қадағалау керек. Ем 40 күннен артық жүргізілмеуі шарт.smiley

 

0 дауыс
Өз-өзіңізді басуға тырысыңыз ашуланған нәрсеңізді ойламауға тырысыңыз
+1 дауыс

Ашулансаң отыр болмаса,жат оған болмаса дәрет ал.Өйткені шайтан оттан,су отты қалай сөндірсе ашуды дәрет солай басат.

0 дауыс

Қатты ашуланғаннан құтылудың бір әдісі бар, ол былай: біреуге жыныңыз тиіп тұр.Қолға қағаз бен қаламды алып, оңаша жерге барып жаңағы жыныңызға тиген адамның суретін салып келіп жібересізде оны шимайлайсыз, түріне неше түрлі заттарды салып қоясыз тіпті суретіне қарап боқтап аласыз әйтеуір білгеніңізді істейсіз соңында суретті жыртып саласыз. Болды!!! Тағы бір әдәсә егенр дартс ойнасаңыз суретіне инелерді қадап тастайға болады!!!

0 дауыс

Жер бетінде бірнеше миллиард адамның болғанына қарамастан, олардың сөз саптауы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, мінезі әр түрлі. Сол мінезі әр түрлі адамдар қарым-қатынас кезінде бір-біріне ұнамсыз қылықтар көрсетуі мүмкін. Ал сол адамның бірі сіз болсаңыз ше? Уайымдамаңыз, кез келген қиын мәселенің шешімі бар. Кезекті мақаламызда біреу жыныңызға тисе, қандай әрекет жасағаныңыз дұрыс екендігін талдаймыз.

Еш нәрсені ұнатпайтын адамдар

Мұндай адамдар ашуланшақ келеді. Көп жағдайда эмоцияларын жасыра алмайды. Өзгелерге сын айтып, үлкен талаптар қояды. Көпшіліктің алдында ұялтуы мүмкін.

Не істейміз? Айыпты болсаңыз, ақталып, дөрекі сөгісіне жауап қайтармаңыз. Мұндай адамдар өзінің өтірігін жасыру үшін ашуланады. Сол себепті салмақты сөйлеуге тырысыңыз. Әдетте, ашуланшақ адамдар өзіне сенімді, байсалды жандарды ұната бермейді.

Өзгелерді тыңдамайтын адамдар

Досыңызға немесе құрбыңызға бір нәрсені түсіндіргіңіз келді делік. Айтқаныңызды ұғатын емес. Еңбегіңіз еш кетіп жатыр. Сізді тыңдап тұрған адам басын изегенмен, мүлдем басқа бір нәрсені ойлап тұр. Нәтижесінде барлығын басынан айтуыңызға тура келеді.

Не істейміз? Мұндай адамдарды таң қалдыру керек. Оған ақылға сыймайтын әрі жағымды бір нәрсе айтып көріңіз. Мысалы, біздің жалақымыз үш есе өсетін болыпты. Мұндай жаңалықтан кейін әр сөзіңізді мұқият тыңдайтыны анық. Артынша өтірік айтқан жеріңізді түзетуді ұмытпаңыз.

Үнемі кешігіп жүретін адамдар

Бұл жағдай мектеп оқушысының да, студенттің де, қызметкердің де басынан өтеді. Әдетте, кептелісте тұрып қалдым, сағатым артта қалып қойыпты сынды сылтаулар айтады.

Не істейміз? Үнемі кешігіп жүретін адамдар өздері ұнататын меркелерге ғана уақытында келеді. Келесі жолы оны екі сағат кеш уақытқа шақырыңыз. Көп нәрсені жіберіп алғандығын түсінген соң, кешікпейтін болады.

Үнемі шағымданатын адамдар

Жанына бара қалсаңыз, өмірінің келеңсіз оқиғаларын айтып, көңіл-күйді бұзады.

Не істейміз?

Егер бұл жаныңызға жақын адам болса, мұқият тыңдап, шешімін табуға көмектесіңіз. Ал бейтаныс көршіңіз немесе алыс туысқаныңыз болса, оның не үшін айтып жатқандығы туралы ойланып көріңіз. Ақылды адам өз сырын өзгеге айтпайды. Бар болғаны оған «аянышты кейіпкердің рөлін» ойнаған ұнайды. Оған қиын өтініш білдіріңіз. Көрген сайын осы әрекетіңізді қайталап отырыңыз. Бұдан кейін жоламайтын болады.

Барлығынан қорқатын адамдар

Өзіне сенімсіз адамдар барлығынан қорқады. Мысалы, біреудің поштасына хат жіберу үшін де оны 10 рет оқып тексереді. Жіберген соң да ойланып жүреді.

Не істейміз? Мұндай адамды жігерлендіруден басқа амалыңыз жоқ. Оған ашылуға мүмкіндік беріңіз. Өмірге бір-ақ рет келетіндігіне, осы өмірде бар мүмкіндікті пайдаланып кетуі тиіс екендігіне сендіріңіз.

Табысқа сенбейтін адамдар

Олар қолдарынан еш нәрсенің келмейтіндігіне әбден сеніп алған. Табысқа жетіп тұрса да, артынша қандай жамандықтың күтіп тұрғандығын ойлаумен болады.

Не істейміз? Бір қызығы пессимист адамдар өте еңбекқор келеді. Оның жоғарыдағы қорқынышын жаңа іске дайындық деп түсінген жөн. Бұл адамдар жарты сағат өтпестен жатып жақсы нәтиже көрсете бастайды. Сол себепті бұл секілді тақырыптарды талқылап өз уақытыңызды шығындамағаныңыз жөн.

Үнемі үндемей жүретін жандар

Сұр тышқан секілді көпшілікпен сөйлеспейтін адамдар болады. Бұл тіл табыса алмағандықтан емес, оны қажетсінбегендіктен деп түсінгеніңіз абзал.

Не істейміз? Арнайы жобаны ойластырудың қажеті жоқ. Екеуіңізге де қызық болатын тақырыпты қарастырып көріңіз. «Ия», «жоқ» деп қысқа ғана жауап беруге келмейтін қиын сұрақтар қойыңыз. Оны сөйлеткіңіз келгендігін емес, шын ниетіңізбен сөйлескіңіз келетінін білдіріңіз.

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/16462

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/16541

0 дауыс
Сабыр сабыр сабыр. Деп айт.
0 дауыс
Ашу дұшпан, ақыл дос, дейді қазағымыз. Ашуланғанда адамның денесі ысып кетеді. Себебі: ашу шақыру шайтаннан. Пайғамбарымызға (с.а.с.): бір адам ақыл сұрап келеді. Пайғамбарымыз оған: Жай ғана ашуланба деді. Жалпы ислам дінінде ашу туралы тақырыптар көп-ақ. Сондықтан ашудан сақтанайық.
0 дауыс
Су іш, тамақ же, жатып ұйықта, бірақ, ешнәрсені ойлама.
0 дауыс
Ашуыынызды акылга женгизу керек
...