+4 дауыс
1.5k көрілді
Аппақ француз тойкөйлек. Қалыңдық гүлі . Сәнделген лимузин. .. қиялдап кеттім) киноларда байқаған болсаңыз, қалыңдық гүлін лақтырып жібереді ғой артына қарап. Осы гүлді қағып алған қыз тұрмысқа шығады деп. Шын мәнінде де солай ма? Қай елдің ырымы бұл сонда?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Сені қалай қағып алсам екен?" – тұрмыс құру "эстафетасының" иегері болғысы келетін әрбір бойжеткен қалыңдық гүлі туралы дәл осылай ойлайды. Себебі, гүлді қолына түсірген қыз көп ұзамай-ақ тұрмыс құрады деген түсінік қалыптастып қалған. Бұл сөздерге сенетін қыздарымыз той соңында қалыңдық артына қаз-қатар тізіліп тұрып жатады.

Дәстүрдің пайда болғандығына көп уақыт бола қойған жоқ, солай бола тұрғанымен, ешбір той қалыңдық гүлісіз өтпейтін болды. Біріңіз гүлді лақтырып, екіншіңіз оны қағып та көрген боларсыздар, ендеше, оның шығу тарихы туралы біле жүріңіз.

Қалыңдық гүлін лақтыру – көне дәстүр, бірнеше халықтың мәдениетінде әбден орнығып үлгерген. Алайда, оның қашан және қайда пайда болғандығы туралы нақты дерек әлі күнге дейін жоқ. Бізге Америкадан келіп жеткен. Ал америкалықтар еврейлік тойлардан «ұрлап» алған деседі.

Ықылым замандарда әрбір халық өз бетінше отбасын құруға байланысты қуаныштарын бөлісудің әдістерін ойлап тапқан. Мәселен, украинқыздары өзінің мерекелік гүл шеңберін ең жақын құрбысына табыстаса,орыс халқының тұрмыс құрмаған қыздары қалыңдықтың көзін байлап, айналып жүреді, қалыңдық бірнеше айналымнан кейін қыздардың біріне гүл шеңберін ұстататын болған. Орта ғасырларда Еуропадағыбойжеткендер той көйлегін безендіріп тұрған әрбір зат әйел бақытын әкеледі дегенге сеніп, той соңында қалыңдықтың жалба-жұлбасын шығара отырып, әшекейлерді талап әкететін болған.

Уақыт өткен сайын дәстүр өзгере бастады. Француз қалыңдықтары той көйлегін аман сақтап қалу үшін, гүлдермен безендіретін болды, енді тұрмыс құрғысы келетін арулар сол гүлдерге таласуды шығарды. Басқа еуропалық елдерде қалыңдықтар жалғызбасты құрбыларына аспа бауларын, алқаларын тарататын дәстүр етек алды.

Мұндай қызықты салттар жігіттер арасында да бар еді, мәселен, Англияда бойдақ жігіттер шұлықтарын күйеу жігітке қарай лақтыратын, кімнің шұлығы күйеу жігіттің бетіне тисе – келесі той соның отбасында болады деген сөз.

Безендіру жұмыстарына таңдалған гүлдердің де едәуір өзгешеліктері бар. Мәселен, Египетте лалагүл, Грекияда апельсин гүлі немесе шырмауық таңдалса, римдік қалыңдықтар гүлшетенді (розмарин) құп көреді. Ал мұндай салтанатқа қолы жетпейтін қыздар қарапайым гүлдердің көмегіне жүгінеді.

Осы дәстүрлердің ізімен қалыңдық гүлі де қолданысқа енді. Той болатын күні таңертең жігіт қызға әдемі гүл шоғын әкеліп береді. Қыз ол гүлді неке қиыла салысымен, теріс бұрылып тұрып, құрбыларына лақтыратын. Рәсімге тек қана тұрмыс құрғысы келетін қыздар  ғана қатыса алатын, ал ондай ниеті жоқ бикештер қалыс қалды. Ең алғашқыда осылай болғанымен, бүгінгі күні гүл шоғын күйеу жігіттер таңдай бермейді. Қалыңдық оны әшекей бұйымдарына, той көйлегіне лайықтап өзі таңдайды, ал «гүл лақтыру рәсімі» неке қиылғаннан кейін емес, той соңына қарай өтеді.

Тойды халқының қазынасына айналдырып үлгерген қазақ халқында осы рәсім туралы әртүрлі әңгімелер айтылады. «Біздің салт-дәстүрімізге жат, шетел асып келген дүние» деп қарсы шығатындар да жоқ емес. «Қалыңдық гүлінің» орнына орамал тапсыру рәсімін енгізіп қойғандар да табылады. Алайда, көпке қарсы шыға алмайсың, «жаңа дәстүрді» қолдамайтындарға қарағанда қолдап, жүзеге асырып жүргендердің қатары әлдеқайда көп. Мұны бізге ертеден таныс «жұғысты болсын» дәстүріне теліп қойғанымыз да абзал болар. Бастысы – бұл дәстүр жақсы ниеттен туған екендігін естен шығармайық.

+2 дауыс

Оган байланысты емес. Менин саседкам 4 рет кагып алды али жур гой неше жыл болды

+3 дауыс

Бұл салт қазақтарда жоқ. Себебі қазақтар бұрынға кезде қызын тұрмысқа шығарған кезде, гүл беріп, гүл лақтыру болмаған. Бұл ең алғаш Ежелгі Римде, Ежелгі Грецияда, бертін келе Славяндарда, яғни Батыста пайда болған. Бізге ол жәй әзіл ретінде сіңді. Ежелгі Римдіктерде қалындық қолында "гүлшетен мен сарымсақтан өрілген шеңбер" болған. Бұл гүл шоғы, "бай отбасылық өмір" мен "бір-біріне деген сенімді" білдірген. Ал Ежелгі Грецияда, "шырмауықтан жасалған себетке, апельсин ағашының гүлін" салып, қолына ұстап шығатын болған. Оларда "шырмауықтан жасалған себет" - "мәңгілік, аяқталмас махаббатты", ал "апельсин ағашының гүлі" - "болашақ отбасының бай болуы мен гүлденуін" білдірген. Бұл салт шындыққа жанаспайды.

Ақпарат осы жерден алынды.

+3 дауыс

Ол АҚШтан келген дәстүр. Қыз тұрмысқа шығуы үшін оның сүйген жігіті болуы керек.

0 дауыс
Ең бастысы ол ырым жәй ғана шетелден келген
0 дауыс
Қяздың тұрмысқа шығуының ол гүлге еш қатысы жоқ.
0 дауыс
Ол қазақтың ырымы ғой.Оның тұрмысқа шығуға ешқандай қатысы жоқ.
...