+2 дауыс
1.7k көрілді
Бір үнді киносында көргенім бар еді, сыбызғы сияқты бір аспаппен жыланды билетіп отырғанын. Жыландар ести ала ма сонда? Бала кезімде ысқырсам әжем ұрсатын, -жыланды шақырма деп. Ысқырсаң жыландар басын көтереді дейтін. Құлағы жоқ қой оның я?! Сосын көңілді кештерде мойынға жылан орап билеу қашан пайда болған? Қайдан келген өнер ?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Цирк киноларда сиқыршы жыланды сыбызғымен билетіп жатқанын көреміз. Сыбызғының әуенімен жылан ирелеңдеп кәдімгідей, сыбызғының ырғағына билейді. Кейбір адамдар ол жыланды жәндіктерде де сезім болады, құдайдың құдіреті, фантастика дейді. Басында мен де солай ойлағам. Сөйтсем жағдай басқаша екен. Негізі жылан дыбысты естімейді, әуенді де естімейді. Жыланда "құлақ" болмайды. Егер арқасына жай барып қатты айқайласаңда, ол түк сезбейді. Жылан сілкіністі сезеді. Егер қолмен жерді қатты ұрсаң, ол жаққа қарайды. Ал енді жылан әуенге қалай билейді дегенге келсек, ол былай. Жыланды кішкентай кезінен асырап, жаңағы сыбызғы немесе соған ұқсайтын затпен басынан жайлап ұрып отырады. Сонда ашуланған жылан өсе келе жаңағы сыбызғы көрсе сақтанып шабуылға дайындалып тұрады. Жаңағы сыбызғы қимылдаған сайын, жылан басымнан ұрады деп ойлап, басын көтеріп ашуланып тұрады. Сыбызғыны алып тастаса, қауіптің кетіп қалғанын көріп құтысына кіріп кетеді. Бұл құпияны француз ғалымы оншақты жыл үнді елінде болып біліп алып, жұртқа жайып жіберген. Осындай істейміз деп дала жыланын ұстап алып істеуге болмайды. Билетуге негізі кобра пайдаланады, шағатын тісін жұлып тастайды.

Ақпарат осы жерден алынды.

 

...