Нағыз ғылыммен айналысқысы келетін адам мемлекет қаражатының бөлінбеуіне өкпелеп, ғылыммен айналыспай қоймауы керек қой. Себебі, шын ниетімен ғылыммен айналысқысы келетін адам өз білімімен, өз күшімен жетістікке өзі жететін сияқты. Ал, ол ғалымның практикада қолданатын құрылғыларына қаражаты жетпеуі мүмкін, мұндайда өз қабілетін жоғарыдағыларға апарып дәлелдеп көрсетуге ешкім кедергі емес сияқты, тіпті болмай бара жатса, шет елдіктерге көрсетсін, егер ол жасағаны қолдауға тұрарлық дүние болса, қолдау табылады ғой. Ал қазір бізде жоғарыдағылар айтады, үлкен лабораториялар ашуға мамандар жоқ деп, шындығында ондай мамандар жоқ емес қой, және ондай мамандарды қазір даярлайтын арнайы оқу орындары, арнайы мектеп, кәсіптік мектептер бар. Бірақ, шындығында біздің мемлекетте арнайы ғалымдарға қаражат аз бөлетіні рас.