+1 дауыс
5.2k көрілді

Осы ЖАмбылға барғанымда  алдынғы жыл декабрь де,сонда Бір үйге бардық,қарасақ иттін еттін жеп отыр,екен сұрапғанымда олар иттке күріш береді екен,тазалап ұстайды ,потом сойып жіиді екен,пайдалы  диді распа ?

16 жауап

+1 дауыс

Жасыратыны жоқ, ел ішінде иттің еті десе, сілекейі шұбыратындардың қатары аз емес. Бұл - жайт кім-кімді де ойландырмай қоймасы анық. Өйткені, халқымыз итті жеті қазынаның бірі санағанмен оның зиянды жақтарына көп көңіл бөлген. Иттің етін жеуді жарамсыз санап, одан аулақ жүруге тырысқан. Себебі, ит көрінген нәрселерді жей береді, тілімен зәр шығаратын мүшелерін түртіп тазалайды. Басқа жануарлар сияқты ит терісінен емес, тілінен терлеп өте улы микробтарды бөліп сыртқа жаяды. Иттің тілі тиген зат қауіпті екенін білген ата-бабаларымыз итті табалдырықтан бері аттатпаған. Ұстаған адам кемінде қолын үш рет жууы керектігін айтып, иттің тілі тиген асты жуындыға төккен. Ит иіскеген ыдысты құммен ысқылап жуып, тазартуды үнемі еске салып отырған.  Ал, ғалымдар мен дәрігерлер ультрадыбыстық тексеру арқылы анықталатын бауыр эхинококкозы дейтін індет адамға тек иттер арқылы таралатынын айтып күнде қақсайды. Бірақ ит жегіштер тиылар емес. Тіпті, иттің етіне қол жеткізе алмай қызыл сұрағандары ауыр қылмысқа да баруда. Таңданбасқа шараң жоқ! Соншалықты иттің етіне өліп-өшіп, құмар болатындай ненің күні туды екен?

Бізді де осы мәселелер қатты толғандырғандықтан «ет» жегіштермен жақынырақ жолығып көруді алдымызға мақсат тұтқанбыз. Алайда оларды іздеп табу, олармен тілдесу қиынға соғатынын ойламаған екенбіз. Алғаш жолыққан адамымыз ә дегеннен итше арсылдап бетімізден алды. «Иттің етін жейміз бе, басқаны жейміз бе, жұмыстарың не?» деп арсылдап қоя берді. Салғыласып береке таппасымызды білдік. «Үмітсіз - шайтан». Келесісімен жолығуға ұмтылдық. Ол да солай, бір-бірінің аузына түкіріп қойған дерсің...

Тілге келетін біреуін әрең таптық.  Қырықтың үстіндегі,  елпілдеп қалған Меңдіқара деген ақ сары жігіт екен. Біздің не себеппен жүргенімізді білгеннен кейін, пәлсініп жатпады, біз сұрақ тастап та әуреленбедік. Көрген-білгенін бір деммен сырғытып айтып берді.

«Құдайдан жасырмағанды сіздерден жасырып несіне әуре болам.Уақтысында кәрістермен қосылып иттің етін жегенім рас. Жастықтың желігі болар, алғашында «иттің етін жесең, қасыңдағылардан мәртебең жоғары жүреді» дегенге малданып, қара басты. Қызық көрдік, ерлікке, батырлыққа баладық. Кейін кішкене ес кіре бастаған соң иттің етін жеген дұрыс емес екенін сездім. «Ұялған тек тұрмас» дегендей «иттің еті ем екен» деп жұртқа өтірік соғып, өзімді ақтап жүрдім. Бірақ, онымды құдай өзі кешіретін шығар деп ойлаймын. Неге десеңіз, жемегенім иттің еті болсын деп тәубеме келіп, серт бердім. Иә, кейбіреулер бұған сенбеуі де мүмкін. Өйткені иттің етіне әбден үйреніп алған өз басымда күндердің күнінде иттің етінен туалай безіп кететінімді ойламаппын. Құдайдың құдіретімен болды бәрі.

Иттің етін жесе де кәрістерге ырза болатыным жерім бар. Біздің қазақтарға ұқсап көшеде қаңғып жүрген итті пышаққа іле салмайды. Болмаса көршісінің итін ұрлап алып, қазанға атып ұрып жатқан кәрісті көрмейсің. Базардан байлауға болатын итті таңдап жүріп сатып алады. Байлауға қоятын жерін көрсеңіз, тап-таза - айнадай жалтырап тұрады. Иттің үстіне ауық-ауық су сеуіп шомылдырып, ыстығын басып қояды. Беретін тамағы да таза. Қой, кәрістерге қарай кетіп бара жатырмын ғой, әңгімеге көшейін.

Менің кәрістердің ішінде жақсы сөйлесіп жүрген Виталий деген досым болды. Менің бұрыннан келе жатқан әдетімді өзгертетін оқиға болатын күні Виталий неше түрлі дәруіш шөп-шаламды қосып, жақсылап қурдақ жасап шақырды. Содан сылқия тойып, кештетіп, түн жарымда үйге келсем, үйдегілер итті әлі босатпаған екен. Әдетімізде итті күндіз байлап, түнде қарғы бауын алып қоя беретінбіз. Босата салайын деп қасына жақындай бергенімде, итім біреу бүйірінен біз сұғып алғандай қаңқ етіп үйшігіне қарай тығылды. «Бұған не болған өзі?» деп ашуланып, үйшігінен сүйреп шығармақ болған едім, зәрін бей-берекет төккілеп, жанын қоярға жер таппай қыңсылап қоя берді. Үні - жердің астынан шығып жатқандй құмығыңқы жаман дауыс. Төбе құйқам шымырлап кетсе де түкке түсінбей, «не көрінген бұған» дедім де қойдым. Ертесіне иттің етіне тыңқиып алған Виталийді бір жұмыстармен қабаған иті бар танысымның үйіне ертіп бардым. Нансаңыз, айна қатесіз тура осындай жайт қайталанды. Аңғал басым мұның жайын сонда барып ұқтым. Иіс сезу қабілеті күшті болғандықтан ит иттің етін жеген адамды біліп қояды екен. Сосын, қорыққаннан қыңсылап, ит жеген адамды қарғайды екен. Оның үстіне  «Иттің қарғысы жаман болады» деген қарияларлың сөзін естіп жүргенмін. Сол-сол екен иттің етін татып алмайтын болдым» деп Мәкең сөзін тәмәмдады.

 

Бұл сұраққа жауап беру үшін біз стан­дарттау саласының маманы Бекжан Махмет­тегіне хабарласқан едік. Оның айтуынша, Қазақстанда әрбір жануарды жеуге рұқсат беретін нақты заң болмаға­нымен, арнайы санитарлық норма бар. Бірақ оның ішіне сіз айтып отырған үй жануары кірмейді. Демек, елімізде иттің етін жеуге рұқсат беретін заң жоқ деген сөз. Жалпы, иттің етін жеу шариғат­қа да қайшы келеді. Бұрынғы кезде қазақтар иттің етін жегендерді кәпір деп атаған. Қазақтардың ұғымында ит дегеніміз – қасиет­ті жануар, ол – жеті қазынаның бірі. Б.Махмет­тегінің сөзіне қарағанда, қазіргі күні елімізде «Қазақстан-Ислам стандарты халал» деген бірлестік құрылғалы отыр. Егер ол ашылатын болса, мамандар жеуге болатын халал жануар­лардың тізімін жасап, заң жүзінде бекітуді көздеп отыр.
МА Бекжан Махметтегінеде хабарластынызба не?
жоқ интернеттен тапқан мәліметім
0 дауыс

Қазақтар иттің етін жемейді, кәрістер иттің етін жақсы көреді кәрістер жейді

0 дауыс

Негізі жеуге болмайды.Көбінесе,басқа елдер жейді.Нақты білмей отырмын.Қазақтардың көбісі иттің етін жемейді(немесе барлығы).

Жамбылға барған көрдім Қазақтарды жегенін
0 дауыс

Негізі болады.Бірақ қазақтар иттің етін жемейді.Ал ит еттері бір ауруларға ем

Жамбылда көрдім жегенің өз көзім сойып алып қуырдақ жаса жегендерін?
негізі болатын болса үндемей жеп жүре бер. бірақ жеуге болады деп айтпа басқа адамдарға
+4 дауыс

Құранда Мәйда сүресінің 3-аятында Аллах тағалла былай дейді:

 Сендерге: Өлексе, аққан қан, доңыз еті және Алладан басқаның атымен бауыздалған мал арам қылынды. Бірде буынып, ұрылып, құлап, сүзіліп өлген малдар және жыртқыш жеген мал арам. Бірақ (жаны шықпай) бауыздағандарың басқа. Және тігілген тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған мал әрі оқтар арқылы талай сынауларың (бал ашуларың) да арам етілді. Бұларың бұзықтық. Бүгін кәпірлер діндеріңнен (тосудан) күдер үзді. Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар. Бүгін діндеріңді толықтастырдым және нығметімді тамамдадым. Сондай-ақ сендерге Ислам дінін қоштап ұнаттым. Кім аштықтан шарасыз қалса, күнәға ауытқымаса (жеуге болады.) Шәксіз Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

Осы кез келген сұраққа діни мағына берудің қажеті жоқ.
0 дауыс
Итин ети арам оны муслмандарга жеуге болмайды ит адамнын досы деген атам казак.
0 дауыс

Жеуге болмайды .Одан да қазы жеп жүре бер .)

УУУ мен Иттін еттін жендер жедім деп айтып тұрғаным жоқ сұрақты дүрыс оқындар иттін еттін жеуге болама деп сұрақ қойдым және көргенімді айттым
бос сұрак қоя берме ...
0 дауыс

Негізі иттің етін кәріс халқы жиді. Оларда арнайы иттің етінен тағам әзірлейтін ресторандар бар. Ит жиді деп, кез келген итті сойып жей бермейді. Ол үшін иттің арнайы тұқымдары болады. 

0 дауыс

Ит барлық нәрсенің етін жейді, бірақ иттің етін жемейді жейтін адамдар иттенда нәшар адамдар деген сөзғой. 

Жейіндер көп негізі бірақ жемеу керек  

0 дауыс

Иттің еті мен майын өкпе туберкулезімен ауыратын адамдар пайдаланады.

0 дауыс

Фу тәбетті құртатын сұрақ қоймашы!Баяғыда кеңес дәуірінде кәрістер келген сон ит ұрланып соны жейді деп естігем

қаттын сияқты болмаш онда сұрақ кірме оқыма сұрағым жауап берме  тәбеттінді құртсам немінге жауап беріп тұрсын тупой
0 дауыс

Жамбылдағы қазақтар жеді екен деп қаншама қазақты жиркендіретін сұрақ қойғаның не? қарындас жылқы мен сиыр етін жеп жатсың ғо одан артық не керек? біреу жеуғе болады десе жейтн түрің барғо сенин)))

0 дауыс

Жамбылда қанғыған иттерді жемид, атады)) Ал Кореяда кангыган ит кормисын)

 Кореяда иттің етін тек байлар жейді деп естігем) Иттің еті пайдалы деген рас, бірақ қалай адам өзінің досын жейді?sadЕще ет тәтті әрі жұмсақ болуы үшін ұрып өлтіреді екен((((

0 дауыс
Иттің етін жеу дегенді естігем,бырақ көрмеппін. Және де иттің майы дегенде бар емеспе?!
+1 дауыс

Жоқ. Шариғатта рұқсат етілмейді. Ал, мұсылман болғың келмесе жей бер!

Жоға жеммей просто білгім келді неге олар жиді ?
жегісі келген соң жейді н/е басқа ештеңе жоқ шығар жейтін

Ұқсас сұрақтар

...