0 дауыс
3.6k көрілді
Мұқағалидың Ақылыңа айырбаста күл­кіңді, қайтесің сол күлкі деген шіркінді. Бейқам күліп өспеген соң өз басым, Ұнатпаймын сол күлкіні біртүрлі деген өлеңін интерннеттен толық нұсқаын таба алмадым білсеңіздер толық нұсқасын салыңыздаршы.

1 жауап

0 дауыс

ТОҚТА, БАЛАМ, АТАҢ КЕЛЕДІ АРТЫНДА


Тоқта, ботам! Атаң келеді артында!

Бұр мойнынды қалжыраған қарт ұлға.

Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын,

Айырбастап ала алмай жүр алтынға.

Тоқта, ботам!

Атаң келеді артында!


Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,

Жастық дейтін көктеменің шағында.

Өскен едік сенің анаң екеуміз,

Осы қарттың мәпелеген бағында.


Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,

Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.

Жинап алып жүрер еді жарықтық,

Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.


Ей, болашақ!

Қарт келеді зиялы,

Кейімесін ата-қыран ұялы.

Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін,

Атаң саған ұзақ өмірін қияды.

Ақылыңа айырбаста күлкіңді,

Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!

Бейқам күліп өспеген соң өз басым,

Бос кұлкіні ұнатпаймын бір түрлі...


Тоқта, ботам!

Атаң келеді артында!

Тоқта, ботам!

Атаң келеді артыңда!

Дария шалқар даналығын, ал, тында!

Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын,

Айырбастап ала алмай жүр алтынға.

Токта, батам!

Атаң келеді артында!


● Мұқағали Мақатаев

...