Аға Мына видеоны аяғына дейін көрсеңіз "Неге террористтердің барлығы дерлік мұсылмандар?" -деген сұрағыңызға жаксы жауап табасыз деген ойдамын.Террористер мұсылмандар емес олар мұсылман атын жамылушы дінсіздер.
Өйткені Ислам дінінің жаулары өте көп. Бұрын әсіресе ағылшындар болған. Олар Исламның қарқынды дамып келе жатқанын тоқтатқысы келеді. Олар Ислам дінінің, Құранның күші қаншалықты екенін дым көрмейтін біздерден жақсы біледі. Сондықтан, олардың басты мақсаты мұсылмандарды жою үшін ең дұрысы құранды құртып, ислам дінін жаман етіп көрсету. Бірақ, жоя ала ма?Жоя алды ма? Жоқ. Құранды құрту үшін оны өртеген, суға ағызған, қабірлерге көмген, оны жатқа білетін адамдарды өлтірген. Бірақ, жойылмады. Қалайша? Аллаһ Тағаланың өзі: "«Расында Құранды біз түсірдік. Әрі шын мәнінде, оны Біз қорғаушымыз» деген. Алысқа бармай-ақ кеңес үкіметі кезін алайық.. Олар құдай жоқ деді. Біреу қарсы шықса аямады. Бірақ, Ислам діні қайта келді. Тіпті келгенде де мүлдем өзгеше кейіпте. Құдды қыстың күнгі ақ қардың астында қалған ағаштар көктем келіп, күннің нұрына малынған сәтте қалай бүршік атып, келер жемісті сүйіншілегендей гүлдерін шашу етіп шашып, әп-сәтте жайқала түсетіні тәрізді Ислам да кешегі кеңестік қыстан соң лезде құлпырып шыға келді. Жастарымыз көптеп мешітке бет бұруда. Олар мешіттердің аздығынан қыстың қақаған аязына қарамастан жерге сыртқы киімдерін төсеп, аулада намаздарын өтеп жатыр. Олардың бұл іс-әрекеттеріне, нұрға толы имани жүздеріне қарап тұрып сүйсінесің. Сүйсінесің де «дін дұшпандарының түрлі ақпараттық жолдармен күндіз-түні «ислам терроризмі» сынды нахақ жала жабуларына қарамастан бұларды құдайлық нұрға жүгірткен қандай күш? Жаңа өмірдің қызылды-жасылды сән-салтанаты тұрғанда, оларды осынау мұсылмандық парызға бет бұрғызған нендей құдірет?» деген ойға батасың.