–2 дауыс
4.6k көрілді

"Махамбет Өтемісұлы жеңілген жоқ, жеңді"  деген атты шығарма керек.  3 бетті. Егер жоқ болса, бұндай сұраққа ұқсас сұрақтарға  сілтемелер беріңіздерші, өтінем!

3 жауап

–1 дауыс

Шығарманы мектеп оқушысы өзі орындауы қажет. Шығарма жазу баланың логикасын, шығармашылық қасиеттерін дамытады.

дұрыс айтасыз! менде солай ойлаймын... Бірақ, маған бәрі-бір, барлық адамзат сіз сияқты  мінсіз емес... Кейбіреуге ғылым, ал кейбіреуіне әдебиет... Екеуінде де үлгер алатын адам емеспін... Өзгелері осындай сұрақтарды аямастан жазып жатса, маған неге тіреліп қалдаңыз?
Мен мұндай пікірді бұрын да жазғанмын, жаза берем де. СЖ сайты оқушылардың үлгірімін нашарлатуға арналған шпаргалка емес.
мен жазушы едим озим...кахак тилин жаксы билсем алайда анам балам казак болсын деп казакша жиберди окуга сондыктан мен мулде укпаймын не тилин не адебиетин
–1 дауыс

Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.

Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.

Қазақстан пошта маркасы,2002жыл

Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдіңҚамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.

1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.

Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.

Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалыларының қолынан қаза тапты.[1] Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.[2]

0 дауыс

МАХАМБЕТ - АЗАТТЫҚТЫ КӨКСЕГЕН КҮРЕСКЕР
Кез – келген тарихи, не болмаса шығармашылық тұлға тек өз халқының байлығы, мәртебесі емес 
жалпы адамзаттық бастау ретінде бағаланады. Қазақ топырағында дүниеге келіп, аты айдай әлемге 
танылған, аламанды соңына ертер ер болған, қарындас халқы аузыңа қарар ақын да болған, заманыңның 
батпан жүгін қара нардай қайыспай көтерер ұлы да болған, ең алдымен, сол ел қамына, оның болашағына 
теңселе тебіренген терең ойлы азамат болған Махамбет Өтемісұлын жастарымызға өнеге қылып, олардың 
бойында батыр бабасы үшін мақтаныш сезімін ояту – тарихшы мұғалімдеріміздің басты мақсаты болу 
керек. 
Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев «Қай халықтың да қадір тұтары - өзінің сөзін 
сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмас жігер мен 
шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір 
жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Екеуі де 
тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кемсіз пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Ал, 
осы екі қас қасиет бір адамның басына сыйып, бағына бітсе ше… Онда таңданатын не тұр! Тек батыр бас 
тігер көзсіз ерлікке алдымен ақынның дәті барып, қарымдас халқына жар салса, тек ақынның асқақ 
шабытына лайық нар тәуекелге тек батыр ғана бел буар болса, одан жарасымды, одан ғанибет не болушы 
еді!-деп батыр бабамыз туралы теке толғанбаса керек .
Көшпелілер тарихында ұшқан құстың қанаты талар ұлан байтақ қазақ жерін найзаның ұшымен, 
білектің күшімен қорғап қалуға тырысқан жаужүрек батырлар көп болған. Махамбет - көшпелiлер 
өркениетiнiң осынау жарық дүниемен шырқырап қоштасқан соңғы үнi. Жалына қол тигiзбейтiн 
көшпелiлердiң қыл сағағын тарих тұзағы қылғындырған сәтте асау рухы Махамбет болып тұяқ 
серiпкендей. Қазақты ұлт ретiнде даралап, тарих сахнасына шығарған көшпелiлер мәдениетiнiң 
буырқанып келiп жартасты соққан ақжал толқыны Махамбет болып тулады. Дүниеде Махамбеттей 
адамдардың болғаны өзіңнің қазақ деген қайсар елдің ұланы екендігіңнің заңды мақтанышын туғызады.
Осыны тарихты оқушы әрбір шәкірт жүрегімен сезіне білуі керек. Әрбір сабақ нақты тарихи оқиға 
желісіне бағытталып, тарихи тұрғыдан әділ бағасын алуы керек. 
Нарынның шағыл бұйраттарындай жонданып, бұратыла бүктеліп, кейде сүр бесіннің көк сағымына
көкірегінен малынып тұрған Қараойдың қатқылындай көсіліп қоя берер шежіре-дастандар азаматтық 
қарым, батырлық қайрат, ақындық шабыттың неден туып отырғанынан хабар бергендей.
Еліміз егемендік алғаннан бері тарихымыз түгенделіп, жаңа тарихи деректермен толығуда.Осыған 
орай кейбір деректерде Жәңгірдің ел тарихында алар орны, оның реформаторлығы туралы 
зерттеушілердің деректерінде Махамбет пен Исатай «ел тыныштығын бұзған бүлікшілер» ретінде 
көрсетіліп жүр. Тарих бұрмалауды көтермейді. Біздің әрбір сабағымыз оқушының санасын биіктетіп, 
Отаншылдыққа баулитынын есте ұстауымыз керек. Траихшы мұғалім тек тарихи дерекке ғана сүйенуі 
керек. М.Өтемісұлын зерттеген ғалымдар: Мөңкеұлы Мұрат, Ы. Шөрекұлы, Халел Досмұхамбетұлы, 
Қажым Жұмалиев Б. Аманшин,И . Кенжалиев, т.б. шығармаларын сабақта пайдалана білуі керек.
Тарихи деректе Махамбет-азаттықты көксеген күрескер, қол бастаған батыр, құдiрет ақын, 
дәулескер күйшi. Өтемiсұлы Махамбет 1803 жылы Iшкi Бөкей ордасындағы Бекетай деп аталатын өңiрде 
дүниеге келдi. Бұл-қазiргi Орал облысының Жәнiбек ауданына қарайтын жер. Даланың ауызша 
тарихнамасы бойынша Махамбеттiң шыққан тегi туралы әр түрлi дерек бар. Ең арғы дерек Бөкеев 
Шәңгерейдiң шежiресi. Бұл шежiре бойынша, жаугершiлiк заманда Махамбеттiң төртiншi әкесi 
Бахрамның Бағыр, Нәдiр деген екi баласы тұтқыннан қашып шығып, он екi ата Байұлының iшiндегi 
Берiшке сiнедi. Нәдiрден Мәлi (кейбiр деректерде Құлмәлi, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлiнiң 
қазақ әйелiнен Өтемiс пен Шыбынтай, қалмақ әйелiнен Қобылбай туған. Өтемiстен-он ұл, Шыбынтайдан-
төрт ұл, Қобылбайдан-үш ұл туып, Мәлi ұлдың өзiнен он жетi немере сүйген адам. Келесi бiр деректерде, 
түркiмен мен қазақ арасында бiр соғыста төрт-бес жасар Мәлi қолға түсiп, Жайық-Берiш iшiндегi 
Жаубасар деген кiсi асырап алады. Қолға түскен Мәлiге “Құлмәлi” деген ат қойылады. Жаубасардың 
Ерназар деген ағасы болған. Бұлардаң әкесi Тұмаш деген кiсi екен. Мәлi (Құлмәлi) негiзiнен Жаубасардың 
ағасы Ерназар қолында өседi. Кейiн Мәлi қазақ қызына үйленген соң, одан Өтемiс пен Шыбынтай деген 
бала туады. Мiне, осы дерекке сүйенген шежiренiң бiр парасы бойынша, Махамбеттiң әкесi-Мәлi, оның 
әкесi-Ерназар, оның әкесi-Тұмаш, одан әрi Жайық-Берiш деп таратады. Махамбеттiң:
“Өтемiстен туған он едiк,
Онымыз атқа мiнгенде,
Жер қайысқан қол едiк”,- деп толғайтыны сондықтан. Өтемiстен туған он ұлдың iшiнде 
Махамбеттiң орны алабөтен. Табиғат оның тал бойына ақындық, шешендiк, күйшiлiк, батырлық сияқты 
бiрнеше кесек қасиеттердi дарытты. Осынау кесек қасиеттердiң бәрi шашау шықпастан асқақ мұраттарға 2
қызмет еттi.Махамбет өзi өмiр сүрген заманның ағымына жүйрiк, қыр-сырын жетiк бiлген, көзi ашық, 
көкiрегi ояу, бiлiмдар адам болған. Орыс, татар, араб тiлдерiн тәуiр меңгерген. Мұның өзi жазған 
хаттардан-ақ аңғаруға болады. Махамбеттiң сергек жаратылысы мен қабiлет-дарыны төңiрегiне ертерек 
мойын бұрғызтқан. Тiптен, Жәңгiр ханның өзi назар аударып, баласы Зұлқарнайынға Махамбеттi ақылшы, 
серiк етпек болады. Осы ниетпен Орынбордағы оқу орнына орналасқан Зұлқарнайынға Махамбеттi қосып 
жiберген.
Махамбет Орынборда 1824 жылдан 1829 жылға дейiн тұрған. Сөз жоқ, бұл уақытты Махамбеттiң 
текке өткiзбегенi анық. Оның ескiше-жаңаша сауатын ашып, қоғамның саяси-әлеуметтiк жай-жапсарын 
зерделеп үлгеретiнi осы кез. Сондықтан да ол Орынбордан қайтқанда Жәңгiр ханның “сарай ақыны”, 
Зұлқарнайынның ақылшысы болып емес, елiнiң жоқшысы болып оралады.. Махамбет Орынбордан 
оралардан бiр жыл бұрын 1828 жылы Каспий жағалауы мен Едiл, Жайық өзендерiнiң бойын қазақ 
шаруаларының пайдалануына тыйым салған заң шыққан болатын. Бұл заң малдың тұяғына iлесiп күн 
көрген халықтың тынысын тарылтып, наразылығын тудырды. Махамбет 1829 жылы Орынбордан қайтып 
келiсiмен бұқара толқуына қатысып, оларды Жайықтан берi өткiзуге ат салысады. Бұл үшiн ол жауапқа 
тартылып, 1829-1831 жылдар арасында Калмыков түрмесiнде отырып шығады.
Замана тауқыметiндей озбыр да дүлей күшпен Махамбеттiң беттесуi алғаш рет осылай басталады.
Махамбеттiң өз заманына адалдығы, өлара шақтағы сүйек сырқыратар өкпек желге ықтамай, 
омырауын ашып тастап, қасқайып қарсы жүргендiгi тарихи деректерде көп жазылған .
Ресейдiң Бөкей хан Нарын құмына оқшау билiк құру үшiн Бiрiншi Павелден рұхсат сұрап, Бiрiншi 
Павелдiң 1801 жылғы наурыз айының 11 – i күнi берген бұйрығы бойынша Едiл мен Жайықтың арасында 
бөгiп жатқан Iшкi Орда деп аталған Бөкей хандығы құрылды. Ресей енді бүкiл мақсат – мүддесiн хандық 
билiк арқылы жүзеге асырып отырды. Хандық билiктiң iшкi құрылымын хан депутаты, хан кеңесi, 
старшын – есауыл, базар сұлтаны, арнаулы тергеушi, iс жүргiзу кеңесi дейтiн жүйеге түсiрiп, даланың 
тiршiлiк - тынысын толық бақылауға алды Бiр кездегi халқы үшiн оққа кеудесiн тосатын хандар, 
рулармен бiрге у iшетiн байлар ендi өз халқының қанын соратын қарсыластарына айналды. Патша 
отаршылдарына қолшоқпар болған хан – сұлтандар мен байлар бүкiл Iшкi Ордадағы халықтың 4 процентi 
бола отырып, 5300 мың десятина жарамды жердiң 4500 мың десятинасын иемдендi. Салықтың бұрын –
соңды көрiп бiлмеген, от ауыз, қызыл киiз, тұяқ ақы, хан соғымы, хан қонақ ақысы, пiтiр, құшыр деген 
түрлерi пайда болды. Бiр ғана Жәңгiр хан халықтан жыл сайын 18 мың қой, 1000 жылқы, 700 түйе жинап 
алып отырды. (Қаз. КСР ОМА, 4-қор, 4197 - iс) Сол кезде Орынборда шекаралық комиссиясында 
полковник шенiнде қызмет атқарған орыстың белгiлi жазушысы, лексикографы және этнографы, 
Петербург Ғылым академиясының корреспондент – мүшесi В.И. Даль (1801-1872) былай деп жазды: 
“Шекара бойындағы қазақтар мейлiнше кедей тұрады. Гурьев пен Звериноголовскiнiң арасындағы, 
ұзындығы 1850 шақырым жердi қыстайтын мың үйдiң әр қайсысында орта есеппен бес жаннан бар. Ал әр 
үйге шаққанда жетi мүйiздi iрi қарадан, бес жылқыдан, бiр түйеден, жүз қойдан келедi. Бiрақ нақтылы 
шындыққа ден қойсақ, ондаған мың қой мен жылқы бiткен байлар және жалғыз ешкiге қарап отырған 
тақыр кедейлер бар. Олар бүкiл ауыртпалығын осы жалғыз ешкiге артып, сүтiн күнара, тiптен үш күнде 
бiр кезек – кезек қорек қылып отыр. Бұл ойдан шығарылған ертегi емес таза шындық” (Даль. В.И. Полн. 
Собр. Соч. т. 1-10. СПб. 1897-1897, 7-том, 235-бет). В.И.Даль мұнан да өткен сұмдық мысалды “Северная 
пчела” журналының 1834 жылғы 101- санында келтiрген: “Шекара бойындағы қазақтар осы қыста тағы өз 
балаларын сата бастады. Жақында мен 75 сомға (ассигнациямен) сатып алынған төрт ер баланы көрдiм .
Кiшiсiнiң жасы жетiде …” Мiне, көшпелi қазақтардың азатшыл рухы отаршылдықтың темiр қамытын 
мойнына iлген соң, кешiкпей-ақ осындай күйге тап болды. Махамбет осы сұмдықтарды көзiмен көрдi. 
Сондықтан да, 1836 жылы әбден шыдамы таусылған халық теңiздей толқып көтерiлгенде, осынау 
тегеурiндi дүмпудiң дем берушiсi Махамбет болды. Ол Исатай батырмен бiрге арыстандай ақырып, 
азаттық туын қолдаса көтерiп шықты. Бiрақ әдiлдiк жеңiлдi, озбырлық жеңдi. “Кезенген жауға кез келдiк, 
жалғыз найза, бiр атпен”,-деп, Махамбеттiң өзi айтқандай, жаужүрек батырдың қолындағы жалаң қылыш 
отты қарудың алдында дәрменсiз болды. Ең сұмдығы, көшпелiлер тарихында тұңғыш рет ханы халқына 
қарсы шығып, ата жауымен ауыз жаласты. Алдымен Жәңгiр хан, кейiн Баймағамбет сұлтан подполковник 
Геккеге арқа сүйеп, әдiлдiк сұраған халықты қанға бөктiрдi. Арыстан туған Исатай оққа ұшты. Одан да 
өткен сұмдығы, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақынына көшпелiлердiң тарихында тұңғыш рет 
қол көтерiлдi. 1846 жылы Баймағамбет сұлтанның жұмсауымен Төлейдiң Ықыласы, Боздақтың 
Жаңабергенi, Нұралының Мұсасы, Өтеулiнiң Жүсiбi, Тұрымның Төрежаны сияқты пенделер Махамбеттi 
өз үйiнде, балашағасының алдында қылыштап өлтiрдi.
1836-1838 жылы Нарын құмындағы халық көтерiлiсiнiң жеңiлуi, түптеп келгенде, көшпелiлер 
басынан бақыт құсы ұшып, дәуреннiң өткенiн көрсетедi. Яғни, жеңiлген Исатай мен Махамбет бастаған 
азатшыл рухтағы қауым емес. Өйткенi, олар сол азатшыл рухына қылау түсiрмей, мақсат-мұратынан 
айнымай құрбан болды. Жеңiлген-сол заманның сұрқай саясаты. болатын. 
Махамбет өзiнiң рухы асқақ жырларын жыршылығы тасып шығармаған. Оның бойындағы 
буырқанған аста-төк өнер күрес жолындағы ең оңтайлы қаруы болған. Тек қана жырлары емес, оның 3
арынды күйлерi де ұдайы ситуация үстiнде туындап отырған. Бодандықта өмiрi өксiген халқының қағажу 
көрген хал-күйi, өз халқына қарсы сырт күштiң қол шоқпары болған Жәңгiр хан мен Баймағамбет 
сұлтанға деген запыран ашу, ел қамын жеп еңiреп өткен Исатай батырдың ұрпаққа өнеге өр тұлғасы, 
көтерiлiс күндерiнiң ең бедерлi сәттерi, асыл арманның күйреуi.
«Махамбет екі образ жасады, - дейді академик Қ.Жұмалиев. – Бірі Исатай образы, екіншісі Махамбеттің өз 
образы». Дәл айтқан: Махамбет бірнеше толғауында әлгідей «алтын сөздермен» майдандас ағасы – «ақ кіреуке 
жағасы» Исатай Таймановтың – ол басшы, бұл қосшы боп қасында бірге жүрсе де ұсынса қолы жетпес алыс 
«арманының – таудан мұнартып ұшқан тарланының, кермиығы – кербезінің, керіскедей шандозының, құландай 
ащы дауыстының, құлжадай айбар мүйіздінің, қырмызыдай ажарлының, Хиуадай базарлының, теңіздей терең 
ақылдының, тебіренбес ауыр мінездінің» тастан қашалғандай сом тұлғасын әуелі осылай мүсіндеп, мінездеп 
алады да, одан әрі бұл суретті қимылсыз статика қалпында қалдырмай, алай-дүлей асау динамикаға көшіріп, 
асқақтата, аспандата шырқап әкетеді:
Батыр ақын батыр қолбасының сөз өнеріндегі мәңгілік бейнесін осылай сомдады да, бұрқанған 
күшке, бұла қайратқа, шиыршық атқан жігерге, ызалы ашуға, ақылды нақылға толы өлең-жырын тұтастай 
алғанда өзінің автопортретіне айналдырды. «Махамбеттің өз образы» деген – сол! Өйткені, оның 
«қорғасыннан құйылған» ап—ауыр әр сөзінен Өзін танимыз. 
Ашаршылық шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме!!!» - Қай елде, қай халықта да дана тұлғалар, данышпан қайраткерлер тарих 
ағымының биік жалында, халық тағдырының терең шайқалыс шақтарында дүниеге келетіні белгілі. 
Қолбасшы батыр, қаһарман ақын Махамбет Өтемісовты тудырған ондай кезеңді шақ – патша 
отаршылдығы мен хан өкіметінің езгісі мен қысымына қарсы бұрынғы Ішкі Орда шаруаларының 1836-
1837 жылдардағы көтерілісі.1836-1837 жылдардағы көтеріліс халқымыздың көпғасырлық тарихының ең 
жарқын беттері болып саналады. Елдің жадында Исатай – Махамбет көтерілісі деген атпен белгілі бұл 
көтеріліс ел шегіндегі, халықтың өз ішіндегі одан бұрынғы да, одан кейінгі де талай қозғалыстар 
қатарында еңбекші халық мүддесін көздеген таптық сипатының айқындығымен ерекше тұр.
Исатай – Махамбет көтерілісі – халықтың даналығы мен құдыретінің айғағы.

...