0 дауыс
717 көрілді

Сәлем Достар, Менің білгім келгені Өмірді немен елестетесіз сұрағына жауап берулеріңіз,

Мен мысалы өмірді, ГТА Сан андреас ойынымен елестетем, әр ойынның кодтары бер, Өмірдіңде сондай құпиялары бар тек оны біліммен ғана білуге болатынын мен білемін.

Кей біреулері өмірді, Өзенмен теңейді иии сосын т.б

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

"Поезд...
Біреулер купеде жайланып жатыр.
Біреулер плацкартта қысылып отыр.
Біреулер отыратын орын таппай жүр.
Бірақ бәрінің баратын жері бір.
Өмір де осы поезд"
© Жақсылық ОРЫНБАСАР

+3 дауыс

Мен  өмірді өзенмен  елестетемін

+2 дауыс

Атам-қазақ өмірді қамшының сабына теңеген ғой, мен де солай айтар едім. Дегенімен қазіргіше айтқанда өмір ол: жылдам жүйіткіп бара жатқан шетелдік автокөлік секілді - керемет, жайлы, рахат баратын жеріңе қалай тез жетіп қалғаныңды да байқамай қаласың.  

+2 дауыс

Өмірді фортопианомен теңеймін. Себебі жақсы ән шығу үшін қара және ақ батырмаларын басуың қажет. Өмірде солай.

керемет сөздер!
рахмет....
Фортепианоның ақ пенен қарасы Жақсылықпен жамандық сияқты Егіз десей
0 дауыс

Махабатсыз дүние бос, Бәрінің жартысы бар, мысалы Марс пен Шолпан, Жақсылық пен Жамандық, Өмір мен Өлім сияқты. Және күнді - көңілді жігітке, айды - мұңды қызға теңеймін

+1 дауыс

Өмір деген – жәннат пен тозақ үшін, 
Ібіліспен болатын ұлы майдан.

+1 дауыс

Жас адам саналы ғұмырын бастамай жатып ауыр трагедияға ұрынып, оның бағалы тағдыры  қайғы мен қасіретке айналғанда түпкі себебі біреу деген. Жап-жас өрімдей жігіт немесе қыз баласы өзінің өмірге не үшін келіп, не үшін өмір сүру керек екенін ұмытып, ақылы шатасқанда оның тағдыры қайғы мен мұңға тола бастайды.  Сондықтан кез келген қоғамдық дерттен жас ұрпақты аман алып қалу үшін оларға өмірдің мәні мен тіршіліктің ақиқат тірегі туралы шындықтарды анықтап беру ең маңызды шаруа.

 

...