№1.
Турист 1,5 км\сағ жылдамдықпен таудағы жолмен жоғары көтеріліп, межелеген жерге барады. Қайтарда ол 5км\сағ жылдамдықпен төмен түсіп, алғашқы орнына қайтып келеді. Туристің межелеген жерге барып қайтуына 2бүтін 5-тен 3сағ уақыт кетеді. Турист таудағы жолмен жоғары көтеріліп , межелеген жерге жету үшін қанша уақыт жұмсады ?
Артындағы жауап бойынша 2 сағат шығуы керек. Өтінемін, толығырақ, дұрыстап жазып беріңіздерші.Мен есептерді түсінбей қалып едім.
№2. МОтор құрастыратын цех жұмысшылары тапсырманы белгіленген мерзімде орындау үшін күніне 6 мотор құрастыруы керек еді. Олар күніне 2 моторды артық құрастырып , тапсырманы белгіленген мерзімнен 3 күн бұрын орындады.Мотор құрастыратын цех жұмысшылары тапсырма бойынша барлығы неше мотор құрастырулары керек?
Артындағы жауап бойынша 72 мотор шығуы керек.
ӨТІНЕМІН ШЫҒАРЫП БЕРІҢІЗДЕРШІ. КЕМ ДЕГЕНДЕ 1 ЕСЕПТІ.