+2 дауыс
4.1k көрілді

біз жалпы жер уйде тұрамыз. бирак тусимде мен этажды уйде турады екенмин, сол уйге кайным ырсылдап котерилип келипти, бизден кеширим сурап жатыр екен ,осы тустін алдында кайным бир окига тап болды осы тусимди калай жоруга болады.

5 жауап

+1 дауыс

<Түс — өте бір ұлық нәрсе. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалардан көрген түстері жайында сұрап, олардың мағынасын айтып беретін еді. Және жаман түс шайтаннан екенін айтты, көрмеген түсті көрдім деп жалған сөйлеуден қатаң ескертті.>   Түсті жақсыға жору керек.  Жақсы түс – Алладан, жаман түс шайтаннан деген, сондықтан жаман түсті жай орындалмайтын ой ретінде қабылдаңыз. Мен негізі түс жору білмеймін, бірақ сізгі бір мысал келтірейін. Түсіңізде этаж үйде тұратын болсаңыз, жақын арада сіз баспаналы боламын деп ойлаңыз, қайныңызэың ырсылдап келгеніне қарағанда ол этаж емес катеж үй болуыда әбден мүмкін. Ал, қайныңыздың кешірім сұрағаны өз қателігін түсінгені және оны қайталамайды деген сияқты жорысақ өте жақы түс(менікі жәй мысал ғана).

+1 дауыс

"Түс - түлкінің тезегі" дейді атам қазақ. Бірақ, қандай түс болса да жақсылыққа жору керек.

0 дауыс

Бехтерев деген ғалым: "Сон - это невероятная комбинация дневных впечатлений" деген екен. Сондықтан, түске аса мән берудің қажеті жоқ. Өз басым көрген түстерімді ұмытып қаламын.

0 дауыс

Jakup.ucoz.ru сайтында түс жорулар туралы жазылған.Негізі сіздің түсіңіз ойдан шығарылған сияқты.Қайыныңыз сізден не үшін кешірім сұрайды?

0 дауыс

Түс жорулар

Атамзаманнан бері адам баласын қызықтырып келген, әлі де қызықтыратын, сыры толық ашылмаған құбылыстың бірі – түс көру. Ұйқыдағы адамның шытырман оқиғаларға қатысып, қорқынышты жағдайларға ұшырап, кейбіреулердің айғайлап сөйлеуі, қара терге малынуы, әртүрлі әрекеттермен қимылдар жасауы жиі кездесетін жағдай екендігі көпшілікке мәлім.

Ал қазіргі заманғы ғылыми деректерге келтірілген дәйектемелер мен болжамдарға сүйенсек, түс көрудің сыры туралы төмендегідей түсініктеме жасауға болады.

Ғалымдардың айтуынша, мида адам баласы жаралғалы бергі барлық ақпараттық хабарламалар, деректер бар көрінеді. Дені сау, ақыл-ойы дұрыс дамыған деген адамның өзі ми қызметінің 3, әрі кеткенде 4 пайызын, тіпті ғұлама жанның өзі 6 немесе 7 пайызын ғана пайдалана алатын көрінеді. Былайша айтсақ, ми — адам еркіндегі ақыл-ой және адамның еркінен тыс ақыл-ой орталығы болып екіге бөлінеді.

Адам еркіндегі ақыл-ой орталығы өсіп-жетілу барысында, өмірді көріп, тәжірибе арттырып, оқып-білім алу негізінде жетіліп толықтырылатын болса, еріктен тыс ақыл-ой орталығы адам еркінен тыс жалғанған құбылыстардан тоқтаусыз толықтырылып отырады дейді ғылыми болжамдар.

Адам ағзасындағы ең күрделі, атқаратын қызметі мен ағзаны басқарудағы тылсым сыры әлі толық ашыла қоймаған мүше — ми. Оның сан қырлы қасиеттері мен құпияларын толық ашарлық зерттеу деңгейіне ғылым әзірше қол жеткізе қойған жоқ. Дегенмен де ми қызметінің оның ағзамен үндестігінің, ағзаға қызмет ететін әсерлік күшІНІҢ біршама жәйттері мәлім бола бастаған тәрізді.

Адам еркіндегі ақыл-ой дегеніміз бұл адамның күнделікті тіршілігіндегі іс-қимылын, ОЙ-ТҮЙСІГІН, арман, мақсатын орындаудағы әрекетін көру, білу, тану сияқты талап-тілектерін іске асырудағы қимылын адам қалауына орай басқаратын орталық. Ал мидың қалған 93 пайызы адам еркінен тыс, адамға бағынбайтын орталық болып есептелінеді.

Түс жору — адам баласына даритын сирек қасиет. Түсті мүмкіндігінше көрген-түйгені мол, ақыл тоқтатқан кісіге жорытқан ләзім. Әзілдесіп ойнайтын құрдастарға, ойланбай сөйлейтін бала-шағаға айтпаған жөн. Дегенмен жақсы түске де, жаман түске де садақа беру керек.

Ертедегі тайпалар адам ұйықтағанда оның жаны кеудесінен шығып кетеді деп ойлаған. Сондықтан шырт ұйқыда жатқан адамды оятуға болмайды деп есептеген. Өйткені, «саяхаттап» жүрген жан өзінің иесіне қайтып келуге үлгере алмай қалады-мыс.

Түс көрудің бес түрлі себебі.

1. Ерекше әсер қалдырған, күндіз өңінде көрген жайлардың, оиғалардың әсерінен түс көру.

2. Күндіз істеген шаруаларға, жұмыстарға байланысты түс.

3. Ауырған себепті көрген түс.

4. Аян беру.

5. Жанның мазасыздануына байланысты түс көру.

Алғашқы үш жағдайда көрген түске мазасызданудың көңіл аударудың қажеті жоқ. Ал аян берудің жөні бөлек. Қасиетті дін кітаптарында мұндай түсті жоруға болмайтыны айтылады. Осылардың ішінде ертедегі ойшылдардың басты зерттеу объектісі болғаны — жанның мазасыздануына байланысты түс.

Сондықтан да, түстіжорыр алдында мына жайларды анықтап алған жөн:

1. Түс көруші адамның денсаулығы қалай еді? Түскөрер алдында көңіл-күйіне ерекше әсер еткен жайларды бастан өткерген жоқ па?

2. Түс көрер алдында нендей іспен шұғылданды? Сол кезде оның көңілін алаңдатқан, ерекше назарын аударған жай болған жоқ па?

3. Түс көріп жатқан кездегі айналаңдағы ахуал қандай еді? Сартылдаған тарс-тұрыс дыбыс, музыка үні, өте суық немесе өте ыстық бөлме, тыныс тарылтар ауа түс көруіңе ықпал ететіні есіңізде болсын.

4. Көрген түстің басыңнан өткен оқиғалардың қайталануына немесе бұған дейінбастан кешкен жайлардың сәл-пәл езгертілген бейнесіне ұқсай ма?

5. Егер түскөруші адамның денсаулығы жақсы болса, егер түс өңінде көрген жайлардың әсерінен тумаса, егер айналаңда түс көруге әсер етерлік ерекше бір жағдай болмаса, егер түс бастан кешкен жайлардың қайталануы болмаса, онда мұндай түсті жан мазасыздығы деп айтуға негіз бар.

Түс жорыған кезде сондағы көрген оқиға мазмұнына түгелдей көңіл аудару керек.

Мысалы, сен түсіңде шарбақ көрдің делік. Бұл сіз үшін ештеңе білдірмейді. Бұған бола мазасызданудың, ойланудың қажеті жоқ. Ал егер ол сіздің үстіңізге құласа, онда бұл түстің мағынасы бар.

Адам өзінің ойын сан алуан әдіспен, сөз өрнегімен береді. Түс те сол сияқты. Оның мағынасы сан алуан жолдармен беріледі. Мұның бәрін санамалап шығу мүмкін емес.

Нұрманов Әбен(Әбдіәлі) Алдабергенұлы

э.ғ.д.профессор, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Нострадамус атындағы Халықаралық Академияның (Франция) академигі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

— бір құшақ немесе арбалап отын әкелсең, келешегің жарқын болады, болашақта жақсы өмір сүресің;
— машина мініп, есік алдына айдап әкелсең, үлкен олжаға кезігесің;
— жылан көрсең, жақында қуанышқа кенелесің;
— өзің қайтыс болсаң, онда өңіңде ұзақ өмір сүресің;
— пышақ көрсең, әйелің ұл табады;
— дарбыз көрсең, қуаныш-шаттыққа бөленесің;
— жел тұрып тұрса, махаббат нышаны;
— балық көрсең, жолың болмайды;
— мысық көрсең, қас адамыңа жолығасың;
— лас нәрсе көрсең, ауырасың;
— жалау көрсең, біреумен силасасың;
-қарға көрсең, үйленесің, тойың болады;
— қағаз ақша көрсең, қуанышқа молығасың;
— ай көрсең, бір сұлуға жолығасың;
— сүлгі көрсең, біреуден хат-хабар аласың

А

Абайламай біреуді қағып кетсеңіз — шығын болғалы тұр;

Абақтыға қамалу – ісіңізде сәттілікке тап боласыз;

Абжылан – қасиеттің қонуы; айбат шегіп тұрса – сізді жаманшылықтан сақтандыруы; беліңізге оралып қалса -тылсым сырдың қасиетін білетін кісі боласыз;

Ағаш аяқ енсе – сіздің достарға деген сеніміңіздің жоқтығын айғақтайды. Ақсақал таяқты беріп тұрса — игіліктің ерте-кеші жоқ;

Ағаш – табыс, кесіндісі –мұра;

Ағаш басында сарнап отырған қара торғайды көру – дәулет;

Ағашты тақтай етіп тілгенін көрсе — өлім хабары;

Ағаш жару — өсектен азат болу;

Адам: жас бала – қуаныш, танымайтын – дұшпан, ересек адамды жас бала кейпінде – сенімсіздік, өзіңіз танымайтын жас жігіт – біреудің өкініші, келіншек – байлық, қызықшылық, ақсақал – тоқтық, жас жігіт қартайса – көңіл көтеріледі;

Ажалдың аузында жату – жақсы бір адымды ренжіткеніңіз;

Азу тістеріңді құрт жесе – қиындық;

Айбат шегіп тұрған арыстанға тап келу – сәтсіздік;

Ай мүйізді ешкі көрсең — есіктен кіріп, төр менікі деме;

Ай – ұлы, қызы бар кісі, құдалыққа барысар;

Айды бұлт жапса – өлім туралы хабар;

Ақ атқа мінгенін көрсе — үйіріне тап болмақ абыройдың, байлықтың;

Аққу – сыйлық, байлық, мұра; өлсе – сәттілік;

Ақ киімді ақ сақалды көрсе – аброй беделге кенелмек;

Акула — түсіңізде акулаға тап болып, қорқып судан қашып шықсаңыз, қыздармен құмар басып қуанасыз;

Ара — ұтыс;

Ара шақса – өтті-кетті қызықты күн;

Арыстанның өліп жатқанын көрсеңіз – асылмұраға тап боласыз, даңқыңыз артады;

Арап – егер түсіңізде ұлты арап адам сөйлесе — жақсы. Бұл түс барлық кедергіден, қиыншылықтан сақтап, сәттілік пен бақытқа апарады. Түсіңізде арап теріс айналып кетсе – сізге кедергі жасамақ адамдар болса, сондан құтыласыз әрі сізге сақ, айналаңызға мейірімді болуды ескертеді;

Артист – күтпеген жағдай, егер сахнада тұрсаңыз – өтіріктің ортасында қаласыз;

Артист – сахнадаойнаптұрған артистке басқабіреукедергіжасаса – отбасыңыздаүлкен дау болуымүмкін. Абайламасаңыз, ажырасуыңызғажапемес. Күтпеген, ойламағанжердегіөкініш. Түсіңізде артист масболыптұрса – сіздің істеріңіз ақшалай шығынға ұрындырады;

Артист күліпкеліп, бар дауысымен бас салса – сенімдегі достарыңыз сізді алдап жүр. Абройыңыз айрандай төгіліп, көпке мазақ болауыңыз мүмкін, сақ жүріңіз;

Арақ – құйсаң – қуаныш, тойсаң – сәтсіздік, сатсаң – ұрыс-керіс, түсіңізде арақты төгіп алсаңыз, уайымға батырар;

Арқан – егерде түсіңізде байлаулы арқанды шешіп алсаңыз, көрген-білгеніңіз бен түйгеніңізді айтып, мақтанасыз. Түсіңізде тұзақ етіп қойған жуан арқан көрсеңіз – қулық пен күнк өріп жүрсіз. Олай болмайды;

Артезиан құдығын көрсеңіз – молшылық, береке, табыс;

Археология қазба жұмыстарын жүргізсеңіз – абыройыңыз артып, сән-салтанатқа кенелесіз;

Арық – таза: жағдайыңыз жақсарады; қатты ақса қуаныш; терең: достасасыз; су алып ішсеңіз көңіліңіз тоқ; ағыс: бақытқа жолығасыз;

Арайлы таңды көре алсаңыз – істейін деп жүрген мақсатыңыз айқын, сәттілік тілейміз;

Аруақты көрсеңіз – сізге арнаулы қазына бар екенін ескертуде. Оған адамгершілік пен сабырлық арқылы ие боласыз;

Аспан – ашық: сәттілік, береке, ақшаңқай бұлт: қиыншылықты жеңу;

Аспан – түсіңізде аспанда ұшып жүрсеңіз ғұмырыңыз ұзақ болады, дәулетіңіз тасып, байлыққа кенелесіз, қуанасыз. Егерде аспаннан тесік көрсеңіз отбасыңызда ұрыс-керістің болуы мүмкін;

Аспандағы айды толық күйінде көрген адам – бір сұлуға кезігіп, махаббаты ашылмақ;

Аспандағы жарқырап тұрған жұлдызды көрсе – үлкен бақытқа кенелмек;

Ат үстінде құрық ұстап келе жатқанын көрсе — бұл да күтпеген сәттілік белгісі, малы көбейіп, тұрмысы жақсарады;

Ата – түсіңізде есігіңізді ашып, үйіңізге ақ сақалды ата кіріп тұрса, сізге бақ-дәулеттің қонғаны;

Абысын – байсалдылыққа, сөйлесе — әулетке бірлікті шақыруы, күлсе – рақымшылықты тілеу, жыласа – қажыр қайраты баяу, өкпелесе – қымсынбай әрекет етуді көрсетіп тұр .

Алма – күдіктену; жинау – жеңіс;

Алтын — көрімдік алатын болыпсың;

Алтын көрсе – асқан байлыққа тап болмақ;

Апельсин – тыныштық , қуаныш, барлық ісіңіз берекелі;

Аяқ киім – сапар; жаңа – жеңіс; ескі – байлық, мұра; жамау — сәтсіздік; таза – береке.

Аяғыңызға шұлық кисеңіз – көп ақшаға тап болмақсыз; сапарға шығасыз;

Аялдамада жалғыз тұрсаңыз — өкініш. Көпшілікпен — өз ісіне өкінбеу;

Аят оқысаңыз – Мекеге барасыз; аят оқып тұрғанды естісеңіз – діни қызметкер боласыз;

Ә

Әбдіре – ( сандық) – байлық;

Әбігерге түсу — өкінішті күндердің артта қалуы; біреуді әбігерге түсіру еңбегіңіздің жанғаны;

Әдеби мұраға иеләк ету – болашақта үлкен ғалым болу;

Әдемі гүл шоғы – ісіңізде кедергілерден құтылу, табыс;

Әдеміше келген кісімен танысу – жаңа жұыс көзін ашасыз;

Әже – бұл түс сіздің қиыншылықты жеңгеніңізді паш етеді; Арық ұзын әже – жақын арада жақсы кісілермен танысасыз. Бойы кішкентай әже – барлық істе есеп беруіңізді қалайды;

Әжеңді көрсең – бір нәрседе жолыңыз болады;

Әжетханада дәрет сындырып отырғанды көру – алтын мен ақшаның белгісі;

Әжетханаға оң аяғыңызбен кірсеңіз – пайдалы іс дегеніңіз алдайды;

Әжіміңізге өкінсеңіз — өткен ғұмырыңызға ырзашылық;

Әздекпен (жылауықпен) жүрсеңіз – бақытқа бөлену;

Әзірейілді көрсеңіз – ғұмырыңыз ұзақ болады;

Әйнекші терезеге шыны салып жатса – тез арада мақсатыңыз орындалады;

Әйел адамның басы ашық жүрсе – бойына қарай – қарай көзің талған ба ?

Әйел кісіні арқасынан көру – ақша жоғалтып өкіну;

Әйеліңізбен ажырассаңыз – ауыр бейнеттен құтылу;

Әйнектің сынғаны – аттыға еріп, жаяудың бұты айрылыпты деген мағына;

Әйел – түсіңізде әйеліңіз өліп қалса – сіз жақын арада көптеген кездеспеген қыз жолдастарыңызбен кездесесіз, сырласасыз;

Әйеліңіз тәнін көрсететін жұқа көйлек кисе — өсекке қалу;

Әйел – ісіңізге береке, жүкті – қуаныш, сұлу – мол ақша табу, баламен — жанұя бақытты, әдемі – барлық ісіңіз жүреді, қуанасыз;

Әке – қуаныш

Әке – сөйлесе тез арада бақытқа кезігесіз;

Әке – түсіңізге өкініп кірсе – сіз ұнамды аяулы құшаққа зәрусіз. Ал түсіңізде әкеңіз сөйлемей теріс айналса – сіздің барлық ісіңізге реніш білдіргені;

Әкеңіз толы шелекпен су алып, үйге келсе – еңбегіңіз жанып, бақыт құшағына кенелесіз, байлық;

Әкеңіздің үстінде үлкен тон, белін буып тұрса — қажырлы еңбек ете беріңіз. Еңбегіңіздің жанғаны;

Әкіммен бірге жүру – берекелі өмір, қол алыссаңыз – сәттілік, құшақтасаң – жаңа қызыметке ауысасың;

Әнші кісімен амандассаңыз – тастаған шоқпар сорлыға тиеді;

Әнші – түсіңізде әнші ән айтып тұрып жоғалып кетсе – бұл түс алдағы келе жатқан бей-берекет мезгіл хабаршысы. Әнші өлең айтып тұрып, жыласа – сіз жақын, туыс қызды ренжіткенсіз, тезірек кешірім сұраңыз.

Әнші әйел – шығын; ән айтса – сізде көңілсіздік;

Әріп көрсеңіз — ұтыс;

Әскери киімдегі кексе кісіні көрсеңіз – бұл сіздің өткендегі істеріңіздің дәлелденгендігі;

Әсем қалаға тап болсаңыз – жақсылық;

Әскер көрсеңіз – жеңіс, әкери ант қабылдау — өкінбейсіз;

Әтір – «жолы болар жігіттің, жеңгесі шығар алдынан». Әрекетте берекет бар.

Әткеншек тебу – бақытыңның бал қаймағы бес елі;

Әулие қарттар батасын берсе – «бақ келді деп тасыма, жау келсе де саспа»;

Әуедегі ұшақты көру – «адамның күні адаммен» деген бар, ескерерсіз;

Әуітте балық жүрсе – алыс сапардан табысты ораласыз;

Әшекейлі үйге кіру – береке, шығу – ұтылыс, сырттай көру — күтпеген жерден көмек келеді;

Б

Бабаңды көру – баға жетпес сәттілік, бабаң сөйлеп тұрса – баға жетпес қазынаға тап болу.

Бағбандық қызмет атқару — баға жетпес қазыналықты игеру;

Бадам жеу – табыс, алу – береке, лақтыру — мақсат орындалады;

Базар – түсіңізде базарда саудаласып жүрсеңіз мол дүниеге қол жеткізгеніңізбен, қолыңыздағыдан айырыласыз;

Базарда жаңа бас киім сатып алсаңыз – сіз адал жансыз. Күн көріс молынан жететін дәрежеге жетесіз.

Базарлықты үлестіріп тұру – көп сыйлассаң борышың көбейер, көп қиналсаң өрісің кеңейер деген бар;

Бозаналық жоласа – сізді кемсітуі, өкінбеңіз сіздің бағытыңыз дұрыс;

Байғазыға қамшы беру — әділ істің арты – олжа.

Байлау – түсіңізде ақ боз ат мамай ағашқа байласаңыз – атақ даңқ, байлығыңыз артады. Түсіңізде сізді байлап қойса – ауырып қаласыз.

Байрақ (ту) – түсіңізде үйіңіздің төбесінде байрақ желбіреп тұрса – дәулетіңіз күн сайын арта бермек;

Бақта серуендеп жүру — қуаттылық;

Бақ гүлдеп тұрса мерейің үстем болады, суару — ырыс-береке;

Бақа жамырап тарап жүрсе — құт;

Бақсыға бал аштыру – өзіңнен басқаға сенбе;

Бақсы – түсіңізде бақсы емдеп жатса – орындалмайтын арман;

Бақырауық шыңғырса — біреу сенің затыңды жымқырады, абай бол;

Бақтың саясында жүру – игілік;

Бақтан алма жинап жүру – сенімділік, батылдық;

Бақшаңызды қалың арам шөп басып кеткенін көрсеңіз – жақындарыңыз сіздің аяқ алысыңызды аңдуда, өкіндірмек;

Бал – зиянкестен құтыласыз, мол табысқа жетесіз;

Бала – сүю-тыныштық; ойнаса – сәттілік, шешесімен бақытты болу, ұру – жеңіске жету , өлсе – қуанышты хабар;

Бала емізу – болған кісі болдым демес, байсалды болыңыз;

Балаларды ойнату – жетістік;

Балгер сәлемдессе – көз салма біреудің бермесіне;

Балкон — егерде балконда қорқып тұрсаңыз, сіз қуанышқа кенелесіз. Түсіңізде балконнан кіріп жатсаңыз тілегіңіздің орындалғаны;

Балта – егер түсіңізде балтаны аспанға қарай лақтырсаңыз – мұндай түс көргеннің басына қайғының келгені.

Балта – шабу – келіспеушілік; жұмыс — табыс; жоғалту – қуаныш; сабы сынса – садақа бер;

Балшық – түсіңізде аяғыңызбен балшық илеп жатсаңыз – сізді біреулер орынсыз жазғырады, жақсы істерге басшы боласыз, молшылық.

Балшықпен бір затты істеу – тастап кеткен ісін жандандыру;

Балық аулау – байлыққа тап болмақ, балықтың екеуін көру — жарыңызды алдап жүрсіз, байқаңыз;

Бамбук – жеңгетайлықтан сақтаныңыз;

Банан — сақ болуды ұмытпаңыз;

Барабан алып жүру – намыссыз, арсыз шабармансыз;

Баржада жүзу – байлық;

Бармақ бүгу – игілікті істі игеру;

Барокамерада жату – мамандықты қайта өзгерту;

Барымта жасау — арамзалық;

Бархыт – түсіңізде бархыттан тігілген киім кисеңіз – даңқыңыз артып, ісіңіз сәтті болады;

Бас — үлкен — сәттілік; бөлінсе, кесілсе – құрмет, қалың шаш – үлкен құрмет, байлық; кішірейсе – тұғырдан таю; жуу – еңбек, табыс; шаш алынса – сәтсіздік; шаш ұзарса – байлыққа жету, өмірдің ұзаруы, басқалардың күйзелуі; таз – ақымақтық; шаш түсуі – қарыздан құтылуы, қуанышпен байлыққа жету; ақ шашты – бұл түс сіздің жақын арада үлкен, жоғарғы лауазымды кісілермен кездесетініңді хабардар етуде.

Баспалдақтан төмен түсу – жайсыздық;

Баспалдақ – егерде баспалдақпен түсіңізде жоғары шығып бара жатсаңыз — қызметіңіз өседі;

Бастығыңмен дастархандас болу – бір бәлеге ұрыну;

Басыңа қонған бүркітті көру — бақыт, қуаныш;

Басшыға қарсы сөйлеу — әурешілік, ұрыс – керіс, қызметтен кетесіз;

Бата алу – игіліктің ерте кеші жоқ;

Бата беру – жаманға жалынба, адамға табынба;

Батбақ сасық болса – ақша;

Бұлақ — түсіңізде бұлақ суынан өз сәулеңізді көрсеңіз — сәттілік;

Бұлақ бастауынан су – мақсаттың орындалғаны;

Бәйтеректі көлеңкелеу – беделдің артуы;

Бейітте от жақсаңыз – жақын адам өледі;

Бейіттегі жазуларды оқу – көп жақсы достарға кездесу;

Бекет — мақсатқа жету. Беймазалықтан азат болу;

Бекіре (балық) – табыс, отбасыңызға перзент келеді;

Бел ағашпен су тасысаңыз – аброй, даңқ, береке, ырыс, несібе мол болады;

Белдік – қатты тартылса – мақсаттың орындалуы; шұрық тесік – есепсіз байлық; бос – істің іркілуі; тастасаңыз – көп қиыншылықтан құтыласыз.

Белдік — егерде түсіңізде шүберектен белдік жасап, беліңізге байласаңыз — өлім.

Белдігіңіз қымбат тастармен безендірілсе – жақын арада үйлену тойына куә боласыз;

Белшеден батып суда тұру – дұшпан бетін қайтаратын сәті келді;

Бес атар ұстау – ұл туылады;

Бесік көрсең – дүниеге сәби келеді;

Бесікті жырмен тербету – ісің ақ, құдайың жақ болады;

Бесікте перзентің тербеліп жатса – берсең аларсың, ексең орарсың;

Бет – орташа, әдемі бет — сізге өмір сыйын тартады, қуаныш. Бетті бір қырынан көру әке–шешеңізді ренжіткеніңіз.

Бешпент – істің сәтті орамы келген кезі;

Бидай – асыл мұра, байлық;

Бие сауу – берместен аласың ақыңды;

Болат (темір) – байлық

Боран – жауыздықтан азат болу;

Борсық – мазаның кетуі;

Бос шелекті төңкеріп қою — өкініштен құтылу;

Бота — қуану;

Ботқа – түсіңізде ботқа қайнатып тұрсаңыз — өсекке қаласыз;

Бөбек – сау саламат болып, дәулетің тасып, байлық қонады деген сөз;

Бөкен – базарлық берсең сауға, ісіңде көтерілесіз;

Бөле – ләззатқа кенелу;

Бөлке нан – күтпеген тосын сыиға тап болу;

Бөрене – оңай олжа;

Бөрі – садақа беріңіңз, қиыншылыққа ұшырап барып қуанасың;

Бөстек – мақтаншақтық;

Бөшке – күтпеген қиыншылық; тесік – шығын, толық – байлық; көп — өзге ортада сыйлысыз;

Бура (түйе) — дінге ұрыну;

Бұғы – маңызды іске басшылық жасау;

Бұзау – пайдалы табысқа кезігу;

Бұлан – табыс, мейман келеді;

Бұлбұл – тойға қатысу;

Бұлт – хабар, ұтыс; қара — уайым;

Бұлттар көшсе – адалдығыңызды шек жоқ екен;

Бұлттан күн шықса – өлгенің тірілгендей қуанасыз;

Бұлаққа шомылу – жақсылық;

Бұршақ (горох) – ұтыс;

Бұрым – сапарға шығу;

Бүйе (тарантүл) – арсыздықтан өкіну;

Бүкір – түсіңізде бүкір адамды көрсеңіз – ұтыс деп біліңіз. Егерде бүкір жігіт сізге жол сілтеп тұрса – қуаныш, өз кәсібіңіз алға жылжиды;

Бүлдірген теру — өмірде сәттілік көбейер;

Бүрге – уайымның белгісі;

Бүркіт ұшып жүрсе – маңғаздану;

Бүрмелі көйлек – табыс;

Білезік – егерде қолыңыздағы білезік әдемілігімен күнде шағылысып тұрса – барлық кедергіні жақсылықпен жеңесіз;

В

Вагон — байлық;

Ванна – ваннаңызда су толып тұрса байлық;

Ваннада шомылып отыру – жақсылық;

Вальс — өзіңіздің әйеліңізбен вальс билеп жүрсеңіз, достарыңыздың сүйіспеншілігі сіздерді барынша бақытты етеді;

Велосипед – қатарынан озу;

Вокзал – алыспақ бар, атыспақ жоқ, келісімге кел;

Вулкан – вулканның аспанға атылғанан көрсеңіз, қиыншылықтан құтылып, ұтымды әрекет пен ұлылыққа қол жеткізесіз;

Вино – құйсаң – шатақ; берсең — өлім; ішіп жүрсең – жаман хабар;

Д

Дабыл қағылса – жау алдында бедел артады;

Дала – береке;

Дала гүлдеріне рахаттанып тұрсу – «інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар»;

Даладағы көк майса – береке, ырыс, несібе;

Дамба (тоғанда) шомылу – бақыт, даңқтың артуы;

Дарбыз – күтпеген хабар;

Дастархан – баршылық молшылық;

Дария жанынан құдық қазып, су шығарсаң – молшылық;

Даналарды көрсең – жақсылық белгісі;

Дәнді біреу сеуіп жүрсе – «еккен емес, орған алады» дегенді ұмытпаңыз;

Дауыл – түсіңізде дауыл үйіңіздің төбесін жұлып кетсе – сүйіктіңізден алыстайсыз;

Дауыл – кедергі, бір қалыпты – тазарасыз, жеңіс сіздікі, жұқалап соқса – жақындарыңыздан жаңалық естисіз, теңіздегі – алыстан сізге көмекші келеді;

Дәрігер – кедергі, көпшілікпен кездесу – сәттілік, жағдайыңыз жақсарады.

Дәрі – басыңыз ауырғанда дәрі қолдансаңыз қоныс аударасыз. Егерде түсіңізде сау кісіге дәрі беріп тұрсаңыз – таң қалар өкінішке тап боласыз. Ал ауру кісіге дәрі берсеңіз істеп жүрген еңбегіңізде шыдамдылық көрсетіңіз.

Дене – жанұялық сәттілік; семіз – байлыққа; арық – біреу арқылы сәтсіздік; қайсар – алдану; біреудікі – қауіптен сәтті құтыласыз;

Дене мүшесінен қан аққанын көрсе – алға қойған мақсаты орындалып, қуанышқа бөленбек;

Депутат – уайымның белгісі;

Дихан – байлық, молшылық, денсаулығыңыз зор болады;

Дихан егістік үшін дән сұраса – қолы ашықтың, жолы ашық;

Диханшы жерін мақтаса – Асыр бар – аяқтан аттама

Диірмен – мол байлық;

Дуал (қорған) — қауіпсіздік белгісі;

Е

Европалықты көру – пәле жаладан аман боласыз;

Егеуің сынса – берекесіздік;

Егін егу — молшылық қайда болса, тоқтық сонда

Егін орсаң — ақшаға малығу;

Егізді қатар көру – үміт өлмейді;

Еденде кілем төселсе – табысқа бату;

Екі басты жылан – малды жақсы баққаның, өзіңе абырой тапқаның;

Екі қабат әйел – молшылық;

Елік – елікті атып алсаң — бұрыннан таныс әйелге үйленесіз;

Емхана — әурешілік;

Ер тоқымы бар ат – қашып кеткеннен шошып кеткенің дұрыс болар, сақтық жаса, шығын;

Ерін — әдемі, толық ерін көрсеңіз – барлық ісіңіз берекелі жанұя екеніңіздің белгісі;

Есік – ашылса – жеңіс; жабық – тоқырау;

Есекке міну – тыныш өмір;

Есу – ісіңізге есеп беріңіз, әйтпесе ұятқа қаласыз;

Ет – қой – табыс, сиыр — өлім, шошқа – ауру, сасық – күтпеген дүние, пайда;

Ет асылып жатса қазанда – қазынаға кенелу;

Ет саудалау – сырқат;

Етік – табыс, ескісі – байлық, мұра;

Етік тесік болса – махаббаттағы сәтсіздік, табаны ажыраса сапар;

Ешкі – енесі байлық, семізі – тыныштық өмір;

Ж

Жаға жайда шомылу – бақыттың бастауы, жақсылық;

Жағалау қалың қамыс болса – ақша;

Жағасыз көйлек – қиыншылық;

Жағалау – сәттілік;

Жаз – діттегеніңіз орындалады, жақсылық;

Жақ сақалы қалың кісі – көп ақша;

Жақұт көру – шығыннан құтылу, реніштен ажырау, некенің белгісі;

Жалақы – жаңа шаруа;

Жалаңаяқ жүру – қарызға алғаныңды бермесең өкінесің;

Жолдағы жылан – қасиеттің қонуы мүмкін;

Жалт – жұлт еткен затты көрсең , ер сүрінбей ел танымас ат сүрінбей ат жырға болмас Жамбас мүжу – мақсат орындалады;

Жаңа етік сатып алу – аман ердің аты шығар, табыс;

Жаңбыр сіркіресе – ақталу, нөсер – сәтсіздік, күн шығып тұрса – ойлаған ісіңіз орындалады, басыңыз су болса – қуаныш махаббат;

Жаңбыр – ауық- ауық жауып тұрғанын көрсеңіз – сізді біреу қызғанады;

Жаңбырдың суы тез ағып жатса, қуанышқа кенелесіз;

Жаңғақ – қиындықпен келетін ақша, арты береке;

Жаңа үй – күтпеген жәрдем аласыз,

Жапалақ — өлім хабары;

Жапалақтап қар жауса – көп табыс белгісі;

Жапырағы жасыл қалың ағаш – сәттілік;

Жапырағы сары ағаш – қымбат тасты сақина алу;

Жапырақ – көгі сәттілік, құрғағы берекесіздік;

Жар – кедергі; құласаңыз мұратыңызға жетесіз; шығу – маңызды іс;

Жар – жар айтылса – қызғаншақсыз;

Жара – табыс, береке;

Жарқылдаған қос қанат – қос ұл дүниеге келеді;

Жем – ақша;

Жеміс – игілік;

Жер айдау – той, мереке;

Жерге қазық қағу – сарқылмайтын байлығың құтты болсын;

Жер ошаққа от жағу — қызметтің өсуі;

Жираф – түйе бойына сеніп. жылдан құр қалған, аңқау болмаңыз;

Жиһаз – жақсылыққа бет бұрыс;

Жол жүріп келе жатып, шақырым саны жазылған бағаны көрсеңіз – істегі өзгеріс, қанша сан, сонша көмек;

Жол қысқа болса – тауға қайтадан бір қонуға іңкәр болыпсың, алайда оған өжеттілік керек;

Жаңқа жинау – алдауға ұрыну;

Жоңышқа ору – жақсылық, жинау – береке, беру – молшылық;

Жотаға шығу – мақсат орындалады;

Жуыну – барлық достарыңыз көмектеседі, уайымнан құтыласыз, денсаулығыңыз жөнделіп, көңіліңіз қуанады;

Жұлдыз – жарық, бақыт; көп – шексіз бақыт; екеу — қуанышты хабар; құлау күтпеген сәттілік.

Жұмыртқа – жағдайың жақсарады;

Жұмыртқа жарып алу – шығын, көп – молшылық күту;

Жұрт — қуаныш;

Жүген – ат жүгенін қолыңызда ұстап тұрсаңыз – қуаныш. Сәттілік бақыт пен берекелікке ұласады. Ал егерде жүгенді қолдан беріп қойсаңыз – сенгеніңіңіздің кесірінен опық жейсіз. Егерде жүген үзіліп кетсе — ұтыс дұшпандарыңыздың пайдасына шешіледі;

Жүгері – жайқалып өсіп тұрған жүгеріні көрсеңіз, өзіңіз ойлаған мақсатыңызға жетесіз, байлық, береке;

Жүзік – той, алу – сенімді махаббат; жоғалту – айрылу.

Жүзік – жүзік өзіңізге жарасып тұрса – бұл түс жаңа бастайтын іске сәттілік. Ал, егер жүзік саусаққа симай тұрса – сіздің істеріңізде шалалық бар. Ал, майысқан жүзікті түсіңізде көрсеңіз – сіздің өз достарыңыздың арасында беделіңіз жоқ.

Жүзім – молшылық, сәттілік;

Жүзін айнадан көрсе – бұйырмаған бұттан кетер, шығын;

Жүк – көтеру – мақсат орындалады, жатса – күтіңіз, шыдаңыз;

Жүн – мол байлық;

Жібек ағашынан (бутовник) жеміс жинасаң – олжа;

Жібек құрты – күтпеген оңай олжа табыс;

Жібек тоқу – жаңа таныстық, жаңа табыс көзі;

Жіп – ұзын жіп – байлық;

Жіп әр жерден түйінделген болса – достық сенімнің мықтылығы;

Жіп иіргенді көрсеңіз – ерекше таныстыққа бастайды.

Жіпті үзіп алу — өсектен арылу;

Жіптің түйінін шешу – мақсатқа жету;

З

Заңғар тау ішінде жүрсеңіз – ынтымақтастыққа шақырады, достармен адал болуға;

Зәулім үйдің сыртынан көру – күтпеген үлкен жәрдем;

Зәулім үйдің ішіне кіру – жаңа мүмкіндікпен берекеге қол жеткізесіз;

И

Илеу – түсіңізде тері илеп жатсаңыз – жау арттырасыз;

Ит — жақсылық, адал дос;

К

Кабинетте отыру – ымыраға келе алмау;

Кагор ішу – қызметте өсу;

Казак – орыс әскері – қауіп төніп тұрғаны;

Капуста пісірсең — өсек, турасаң – сағыныш, шірігі – қапалы уақыт;

Коньон – ұлы мақсатқа қол жеткізу;

Картоп қазу – салымды ауыз сақтағанды жейді;

Картоп – ақша – береке

Кәмпит – қонақ келеді, несібе артады;

Кәрі кісілер – сәттілік;

Кәріптас ( Ятарь) – бақыт, байлық;

Кәуап (шашлык) жесе – басшылардың сыияпатына ие болмақ;

Кебеже – байлық, ашық – береке, жабық – сәттілік;

Кездеме өлшеу – үйлену тойға қатысу;

Кезек– түбі жеңіске жетесіз;

Кекілік – мезгілсіз қонақ;

Кеме – сенім, ақша; міну – күтпеген сыйлық; бату – туыстарыңыздан жақсылық болмауынан сақтаныңыз, жүзу – сәтті жұмыс;

Кемпірқосақ – ұнамды хабар, жолыңыз ашылады;

Кене – түсіңізде үстіңізге кене жабысып тұрса — ауру, бақытсыздыққа тап болу;

Кенені отқа тастасаңыз – аурудан айығасыз;

Кептер – той, үйлену, қуаныш хабары, ұшырсаң – кімнің отын отасаң соның суын ішесің – берекелі жанұя боласың;

Кептірілген жемістер – қайын жұртпен байланысың жоқ, өкінесіз;

Керней (труба) тазалық, ақталу;

Керуен – байлық;

Кереует – көмек келеді, шайқалып тұрса – еңбегіңіз еш кетіп, беделіңіздің кете бастағаны;

Керімсал жел – қуанышты хабар;

Кесе – сізді қауіптен қорғауда;

Кесене көру – қажылыққа бару;

Кесіртке – қызғаныш;

Киіз қалпақ – мұратқа жету;

Киіз ұлтарақ – берекелі болмақ;

Киік (сайгак) – көп малға ие болмақ;

Коллонада жүру – дұшпанның назары пәс болмақ;

Концертке қатысу – қадірінен айырылу;

Конькимен сырғанау — күнәдан пәк болу;

Корабль — билік, қожалық ету;

Космос сәулелері – қолы ұзын, сөзі өтімді болу;

Костюм — ер кісі көрсе, ақша, табыс, той, сәтті хабар, жолыңыз болады; әйел кісі – көңілденесіз, жыртық – ешкімді алдамаңыз;

Көбелек – сайқы-мазақ, ұстасаң -әділдік, ұшып кетсе-жамандықтан құтылу;

Көбік — түсіңізде ағын суда көбік көрсеңіз – тұрақсыз махаббат. Ал, қазаннан көбік алып тастасаңыз- ойнас сөзіне себеңіз;

Көже — істегі сәттілік , қанағаттанасыз;

Көжек – тұрақсыздыққа ұрыну;

Көз – бетсіз, әдемі – жақсылыққа бет бұру, қисық – мақсатыңызды айқындау; қиғаш – ақшада сәттілік; үлкен – абырой артады; сүрме жақсыңыз – байлыққа жетесіз; аңду – бәсекелес; артық – адасады; соқыр – мұқтаждықтан құтлады; белгісіз — кіріптарлықтан құтылу;

Көйлек – ақ – шексіз қуаныш; жасыл – сапар; қызғылт – сыйлық; қара түс –

Көкек – түсіңізде сайраған көкекті көрсеңіз — өкініш, барлық ісіңіз кері кетеді. Біріқ сәттілікті ұмытпаған жөн;

Көкжал — шығын. Әурегершілікке тап келумен жеңіс, сәттілік сіздікі;

Көк құтан — қызметіңіздегі жайсыздық;

Көкте ұшу – мұратқа жету;

Көл – жүзсең – байлық; құласаң – қауіп; шомылсаң – қуанасың; тасыса – кешігіп келген мақсат; тасқын ортасында болса – жағдайың жақсарады; бетінде жүрген, жүзген – жауына мерейі үстем болады;

Көлеңке — өсек, өтірікшілерден сақтаныңыз, бөтен – кедергі;

Көмір – ақша, қаражат алу;

Көң – байлық;

Көп ақша алу — өмір жасыңыз ұзақ болмақ;

Көпір — өту – қауіптен құтылу, сынық – ақша жоғалту, түсіңізде өтіп келе жатқан көпірдің тақтайы көтерілсе – бұл түс өлім хабаршысы; Көпірден өтіп кетсең – туысы бірге жетпейді, түбі бір кетпейді;

Көр – ісіңдегі кедергі жойылады;

Көр қазу – қызғаныш;

Көрпе – жамылсаңыз – ауру; ашсаңыз – қиыншылықтан арылу; күнге жаю – үй ішіндегі сәттілік, қымбат – ерлі зайыптының бақыты; жасыл – сапарға шығу дайындал . Қара – реніш.

Көсеу – түсіңде от жанбай тұрған ошақта көсеу тұрса – ұрыс. Егер де көсеу есік алдында жатса – сіздің қонақ жайлығыңыз біреулерді қызғандырады;

Көш – көпшілік құрметінің бақытына бөлену;

Көше – үлкен бақыт;

Көшет отырғызсаңыз – сәттілік, еңбек ете беріңіз;

Күл – жаңа жұмысыңыз табыс әкеледі; шашу – көптен күткен мақсатыңыз орындалады; жұмысқа қолдану – ескі ажырасқан достармен сәтті табысу;

Күлу — өзіңізге риза емессіз;

Күмбез – сізді құрмет күтіп тұр, сіздің адал ақ пейіліңізге;

Күміс – сәттілік, табыс, қызметіңізде жұмысыңызда жақсылық. Өмірдің барлық сәтін ұтыпсыз – құтты болсын;

Күн – сіз күтпеген бақыт, байлық. Жаңа қызмет күтуде;

Күрек – табыс көзі;

Күріш – ақша, көп болса – ақша көп;

Күріш алқабын суарса –кісі сізге – ақша береді

Кілем – сатып алсаңыз – ақша аласыз; үстінен жүрсеңіз – даңқыңыз артады, берсеңіз – шығын; сатып алсаңыз – билік қолда;

Кілт – жаңа істің көзі, махаббатта жолыңыз болады;

Кірпік – ұзын – сәттілік, қысқа — өкініш; кесу – жолдан адасу; үсті – құпияны ашу;

Кірпіш – табыс;

Кітап бастырып шығару – мақсат орындалады. Қуанышқа ортақ достар көп болсын;

Кітап – түсіңізде ұстап тұрған кітаптың мұқабасы қалың болса – бұл түс жұрттың алдында абыройыңызды арттырады. Егерде кітаптың бір – екі парағы жыртылса — өзіңіз көпке жағымдысыз. Ал, түсіңізде кітап қақ айрылғанын көрсеңіз — үлкен істерге мұрындық болады.

Кімде-кім түсінде кітабын жоғалтып жүрсе, құпия сыры ашылмақ;

Қ

Қабан – саудада қолың жүреді және басқа табыстарда да;

Қабылан – сіздің берекелі өміріңіз өзгелердің өзегін өртеуде;

Қажылық – айдарыңнан жел есетін болыпты;

Қажырлық танытса – мақсатыңды қолдай арманыңа жетесің;

Қаз – табыс, түгін жұлсаңыз бай боласыз, өлтіру – мұра, ұшып жүрсе – таң боласыз;

Қазан – молшылық; отта қайнаса – нәтижелі іс; қақпағы ашық – дүниеңізге ие болыңыз, қақпағы жабық – пайдалы іс.

Қайрақ – қызымет аласыз, бүтін – жолға шығысыз;

Қайшы – ұрыс – керіс; жұмыс істеу – жауыңызбен араңыз бітімшілікпен шешіледі;

Қайық – міну – қуаныш, жүзу – сәттілік, түсу – қиыншылықтан құтылу;

Қайыс белдік – ұл бала дүниеге келеді;

Қал — әлеуметтік жағдай жақсарады;

Қалайы – түсіңізде қалайыны балқытып жатсаңыз – үйіңіз құтқана;

Қаламұш (қарындаш) – түсіңізде көп түрлі қаламұшпен отырсаңыз – сіз өз қалауыңызды орындайсыз. Егерде қаламұшпен қызыңыз жазып отырса – ерге шығады. Ал, қаламұшты іздеп жүрсеңіз – жаңа қызметке қол жеткізесіз;

Қалың шаш ұзарса – үниені құдайым бергеннен алмасын;

Қамшы – түсіңізде қамшыны көрсеңіз – жауапкершіліктің жоқтығынан таяқ жейсіз;

Қамыр көру — өтіріктің шын сөзі зая;

Қамыр – илесе – үміт ақталады; жесең опық жейсің.

Қанат – сатып алсаң – құрмет; сыйласа – сүйгеніңізге қол жетеді;

Қаңбақ — өкініштен арылу;

Қар – түсіңізде қар лақтырып ойнап жүрсеңіз — өміріңіз көңілді болады;

Қарағай – болашағыңыз сәттілікке, ісіңіз алға жүреді;

Қарақат – көптен күткен сәттің мерзімі жетті;

Қас – түсіңізде қандайда бір қас көрсеңіз — өмір сізге барлық жақсылық, сыйын тарту етуде;

Қауын – ақша, табыс, пайда;

Қашар – олжа, береке;

Қой – арық – ауыртпашылық, семіз – береке, қошқар — ісіңіз сәтті аяқталады;

Қойма – байлық, ырыс, несібе;

Қол – жуу – барлық қиыншылықтан құтылу; былғау – байлық, әдемі, мықты – үлкен сәттілік; кішкентай – достарыңызға сенбеңіз; оң – сәтсіздіктен құтылу; сол – еңбек; жоқ – жаныңыздағыны жоғалтасыз, өлім;

Қолбасшыны көрсең – алға қойған мақсатыңыз өте жоғары — жетесіз;

Қорған – барлық істеріңізде жолдарыңыз болады. Тыныштық, қауіпсіз өмір сүру;

Қурай – қаралы хабар;

Құзғын – қаралы хабар;

Құран – түсіңізде құран кітабын сыйға алсаңыз – сәтсіз күндердің артта қалуы;

Құрлыс – болашаққа сенімді қадам баса беріңіз, қуаныш;

Л

Лақ – қуаныш;

Лау мініп жүрсеңіз — өзі жақсы кісіге, бір кісілік орын бар;

Лашық – көмек аласыз;

Лашын – ұнамсыз достардан құтыласыз;

Ләйлек – аспан астындағы береке сізге бұйырады;

Лимон – ісің көбейер, сәттілік;

Лифт – түсіңізде лифтіні өзіңіз басқарсаңыз жақсы мақсатқа жетесіз;

Лифт тез қозғалса – кедергі, әлде жұмысыңыз жәй жүреді;

Люстрадағы шамдар толық жанбай тұрса – уәделердің орындалмауы,

М

Магнит – бекерге өкпелеп өкше соңында жүргенің, өкпелеме ешкімге;

Мазут – қолыңа келіп қонған бақытты ұшырып алмауға әрекет етіңіз;

Май – жақсылық, басыңа жақсаң – ақша; төксең – махаббат сәттілігі;

Маймыл – берекесіз іс, ақмақтармен бірге сіз;

Майы көп болса – оу, қолыңдағы бола гөр, құсыңа абай.

Макарон көру – береке; пісіріп жеу – байлық; шикі – сәттілік;

Мақта ексең – қауп бар, сақтық жақсы;

Мал – байлық;

Малахит – жақындарыңыздың сәттілігін тойлау, қуаныш;

Мал қора — жақсы қызметке жету;

Маңдай – кең, үлкен – үлкен ұлылыққа, құрметке қол жету; қыртыс – көмектесу; теп-тегіс — махаббат әлегі, байланыс; шаң қонса – кісілігінен жұрдай болу; әдемі, көрікті – қоғамда құрметке бөлену;

Марал – таңдағы тауықтан, сол күні жұмыртқа артық;

Маскүнемді көрсеңіз – бұл түс мазасыздық;

Маса – ренжісу;

Масқарапаз (клоун) – түсіңізде масқарапазбен достасып жүрсеңіз – бақытсыздық;

Машина бұзылса – әлсіздік;

Маяк (теңіз сағаты) – түсіңізде маяк көрсеңіз – жанұяңыз бақытты, еңбегіңіз сәтті;

Мәжіліс – алдағы күндерге күдігіңіз мол;

Мәжіліске қатыссаң – мал досың көп, жан досың аз;

Мәреге шығу (спорт) – алған беттен қайтпау, жету, ұтыс;

Мәуелі ағаш көру – бақыт, берекелі өмір сүру;

Мектеп – ғылымдармен қызметтес болу;

Металл – байлық, абырой;

Метро – барлық істе қолың жүреді;

Мешіт – қауіптен аман боласыз;

Мола – достардың сізге деген сенімсіздігі, олардан сақтаныңыз;

Молаға барып құран оқу – «олжаң келіс болса, ісің кеңіс болады»

Молада жүрсе – мол несібе;

Молда – сенім, хабаршы, бірге – қуаныш; бата берсе – ісің оңға басқаны; құран оқыса – қызықты өмір; басқалармен тәтті-тәті өмір кешіп, достарыңыз көп болады;

Мөлдір бұлақ – достармен сөйлесудің арқасында сіз туралы жақсы сөздер айтылуда, қуанышты хабар аласыз;

Мөр – лауазымды қызметке тұру;

Мұз айдыны — өтірік өрге баспайды алда ма…

Мұнай қоймасы – шамаң келгенше байлықтың түгін тарт – олжа сенікі берекесін кіргіз;

Мұнарада тұру – бәрінен абыройың жоғары болады;

Мұнтаздай таза жерді көру – ғашықтығыңды кім көрінгенге айта Мұржа – түсіңізде мұржадан түтін шықса – ісіңіздің сәтті болғаны;

Ал, егерде мұржа түтіннен көрінбей тұрса — өсекке қалғаныңыз

Мұрын – өссе – құрметпен байлық; ұзын – ғұмыры ұзақ; кішірейсе – қол қысқалық етеді; қызыл – денсаулығыңызға қараңыз; бұзылса — өкініш, алдаушы көп;

Мұхит – теңдесі жоқ мақсатыңмен мұратыңа жету. Игілігіңе берекесін берсін;

Мүйіз – атақ, абырой, береке;

Мүйізді ірі қараны көру – байлыққа кенелу.

Міну – үлкен абыройға ие болу.

С

Сабын – табыс;

Сағат — өмірдегі күтпеген сәтті оқиғаларды өзіңіз көрген цифрдан байқайсыз;

Садақ ату — налу, өкпе, алдамшы хабарға сенбеу;

Сазды жерді кептірсе – байлық көзін ашу;

Сайтан — өз мүмкіндігіңді жоғалту арқылы өкінішке ұрынып барып, қуаныштың, бақыттың не екенін түсіну;

Сақал – байлық;

Сақина – сүйіктіңізбен жолығу;

Самай – қалың – байлық;

Самаурын – той;

Самғау – пәктік арманға қол жеткізудегі әрекеттермен жақсылықты игеру;

Самолет – мақсатыңыз , арманыңыз орындалады, қуаныш;

Сандық – бос кедейлік; іздеп таба алмау — өкініш, реніш; зат салу – күтпеген оқиға; тола – байлық;

Сарай – күтпеген жәрдем келеді;

Сары түс – түсіңізде сізге сары гүл силап жатса – қызғаныш, сатқындық, ісіңізге кедергі;

Сарымсақ – жаманшылықты, өкінішті тіліп, жарып елге елеулі халыққа, силы болу.

Сатирик – ұяттан абай болыңыз;

Сатурн – жұлдызың оңынан туыпты, шығармашылық табыс;

Саты – шығу – сәтті, түсу – кедергі;

Сауысқан – келісімге келу, бірігіп жұмыс істеу;

Секіру – түсіңізде секіріп ойнасаңыз — өзіңізді қинаудасыз. Егер де жардан секіріп өтсеңіз – қарыздан құтыласыз;

Сиыр – іс табысты болмақ;

Сағым – ісіңді сәтті аяқтау үшін, жексұрындармен ымыраға келе жүріп баруыңа тура келіп тұр-ау;

Соқа – түсіңізде соқамен жер жырытсаңыз – бақыт;

Су – таза – бақыт; жуыну – қуаныш, ақталасың; кір – ауру.

Сүйек кеміру — мақсатқа жету. Жұмыс сәтті аяқталады;

Сүйектерді өртесең – жалқау өзіне де жалқау

Сүйел – түсіңізде денеңізден сүйел көрсеңіз – жайсыз хабар; егерде қолыңызда сүйел болса – байлық, ал, басқа біреуден көрсеңіз күтпеген қауіп;

Сүйсініп тұрсаң – орайы келсе, орақ ор;

Сүйісу – қолды — болашаққа сеніміңіз зор. Қыз — жақын арада үйлену. Ер кісіні – қианаттығың мол. Әйел – қуаныш; Танымайтын – ұлықтыққа қол жеткізу;

Сүт – жақсылық, молшылық, береке;

Сыйлық – махаббат шығыны; сатып алу – сыйлық;

Сыпырғыш – шығынды төлеу, аула сыпырса — өкініштен құтыласыз;

Сырғаны көрсең – махаббат;

Сіріңке – ақша, жақсаң – молшылыққа кенелесіз;

Ү

Үгілген нанды жинасаң – жемейтін жердің астында, жемқорлықты қойған жақсы;

Үй – жаңа іс, сәттілік, құрмет;

Үй алсаң – асығың алшысынан тұрыпты;

Үй салсаң – атаңнан алпыс үйір алатын болыпсың ғой, байлық;

Үйлену – аңсаған мақсаттың орындалуы;

Үйрек — өтірік сөз;

Үкі – қауіпті хабар;

Үкілі тақия алдыңда тұрса – барымтаға қарымта;

Үкілі камзол кисең – тойсаң, тоба қыл;

Үңгір тауға кіру – берекелі, бақытты ғұмыр кешу;

Үркер жұлдызын көрсе – байлық;

Ұ

Ұзын шашты әйелге ғашық болу – біреудің төсін жесең, өзіңнің ұяңды сыйла;

Ұл бала жыласа – қуаныш;

Ұн елесең – байлыққа кезігесің;

Ұн – кіріс, төксең – молшылық; берсең – маңызды іске басшылық етесің;

Ұста – түсіңізде ұста сізбен сөйлесіп отырып жұмыс істесе – сіз қанша мұратқа жеткенмен, өзіңізді әлсіз санайсыз;

Ұяға бос болса – қиыншылыққа кезігесіз;

Ұстара – түсіңізде әйел кісінің шашын ұстарамен алып жатса — әйеліңіз әлде біреумен көңілдес;

Ұстахана – жұмысыңыз берекелі болады;

Ұшу – арман қуалау, мақсатқа жету;

У

Уайымдап жүру – тікен гүлін қорғайды, жаман малын қорғайды, жақсы атын қорғайды сен нені қорғайсың?

У тамыр жинау – үйіңе келгенде, үйдей өкпеңді айтпа;

У ішсең — әркім теңін олжалайды;

Уысыңды ашпау — қаттылық жасамаңыз;

Уыз жеу – күнәға бату;

Т

Таба – байлыққа кенелу; жалында қызса – берекелі жұмыста қолыңыз жүреді. Қақпағы ашық – ұрлатып алмаңыз заттарыңызды; Табалдырық аттау – кедергілерді бұзып, жару. Ісіңіздің бәрі оңынан болады;

Табаны тесік аяқ киім – берекесізге үйлену болмаса берекесізге тұрмысқа шығу;

Табытта — әке-шешең жатса, сәттілікке сізді шақырады, жат мінезді қою керек; Өзің жату – көптен бері мазалап жүрген дұшпаннан құтылу;

Таға – байлық, мұра, жақсы өмір сүру;

Тағам – береке, ырыс, несібе;

Таз адам — өмірінде есте қаларлық үлкен қуаныш бүгіннен басталады;

Таза бөлме – ұлықтық, атақ, абырой; ұлыққа, құрмет пен байлыққа қол жеткізеді;

Тазалау – үй – бақыт, байлық, береке; пияз – қиын іс сәтті шешіледі;

Тазымен аң аулау – ғалым жолын аңсау. Ғылым жолын игерсең;

Тайғанақ – бағытыңыз түзу;

Тайлақ – не нәрсеге жорысаңыз, сол арманыңыз орындалады;

Тақия – жасыңның келгенімен, ақылың кірмеген;

Таққа отырсаң – абырой, атақ;

Тақтай – тігі — қуаныш, қисығы — өкініш, сынығы – мақсатқа жете алмау;

Тамақ – біреулер ішіп отырса — жаңа қызметке жоғарлайсыз; өзің ішіп отырсаң – алдау;

Тамақ пісіру – қолынан келген, қоншынан басады;

Тамыр көрсе – істеген ісіңіздің жақсылығын көресіз; соқса елге елеулі болу;

Таң ату — барлық жұмысыңыз ағынан болады;

Таңба көрсең – байлық, үлкен табыс, барлық істе сәттілік;

Таразы – түсіңізде таразымен өлшеп тұрсаңыз – ісіңіздің алға басқаны; егерде таразыға өлшеуге болмайтын затты қойсаңыз – бұл түс сіздің өзіңіздің көшбасшы екендігіңізді білдіреді;

Таракан – байлық;

Тары – байлық, ырыс, несібе;

Тасқын – түсіңізде су тасқыны еден астынан шықса, жалмауыздың қолына түскеніңіз, кедергіде шек жоқ; егерде тасқын қабырғаны бүлдірсе — әлсіздік, қорғаушының жоқтығы;

Тас қопарса – ер басына күн туса, етігімен су ішкізер. Зәлімдерден құтылыпсыз;

Тас жол – көпті көп деме, азды аз деме, қанағат керек;

Тасбақа – құтты қонақ; аударылып жатса – ауа райы өзгереді, суда Татар – ғылым есігін ашу. Білімге кенелу;

Тау – қатыгездік; шыңға өрмелеу – беделге бастайды, түссеңіз – қиыншылықтан оңай құтыласыз;

Тауық — өкініш, балапаны – шығын;

Таяз – тыныштық, қуаныш және бақыт;

Таяқ – сәттілік, табыс, мұраға ие болу әрі керек-жарақ барыңызды аласыз, өз абыройыңызды қорғау керек;

Тәж – құрмет, сыйлық;

Театр – көңілділік;

Тебен – барлық ісіңіздің жемісін жейсіз, жақсылық;

Тезек – түсіңізде жануардың тезегін тауып алсаңыз – бақыт; ал, егерде аттың аяғында көрсеңіз – ауыр, беймаза күндер;

Телефон — өсекке ұрыну;

Телевизор — әлемге паш ету жақсылықты;

Темір – байлық;

Теңіз – толқын – сапарға; жүзсең – күш-қуат, денсаулық, байлық; тұп-тұнық – шексіз бақыт; ағысымен бірге ақсаң – жаңалық; өтсең – мақсатың орындалады; қайыққа мінсең – қиыншылықтан құтылу; бетінде жүрген – дұшпан жеңеді;

Тер – аурудан арылу;

Терезе – ішінен шықсаңыз мақсатқа жетесіз;

Тиын – түсіңізде алтын тиындарды санасаңыз – қуаныш, жұмыста кедергі болмайды, ал күміс тиын – ұрыс – керіс, реніш, аяғы — өкініш;

Тон – байлық, мұра; ұзыны – тез арада жолға шығу; қысқасы – ұрыс-керіс; әдемі, жарасымды — жоғары лауазымды жұмысқа тұрасыз;

Тоты құс – хабар, өтіріктен арылу;

Трамвай – таңдау, аялдамада тұру — өкініштен арылу;

Тұқыл темекіні тастасаң – шығын;

Тұқым себу – қаншама жерге сепсеңіз соншалықты сәттілік пен қуаныш байлық;

Тұлып кисең – байлық, молшылыққа кезігу;

Тұмар тақса – абырой, ырыс, несібе, қуаныш;

Тұнба ішу – аурудан жазылу;

Түбекте қалса (полуостров) – істеп жүрген шаруаңыз пайдасыз екен;

Түйе құс – бақыт;

Түтін – болашағыңыздан хабар: түзу – алға бара жатқан ісіңіз дұрыс, қисайса – дұрыс, пейілді адам емессіз, төмен қарай түссе – ісіңізде береке болмайды;

Тырна – қуанышты хабар, ізгілікті сәлем;

Тырнақ – ұзын – сәтсіздіктен құтылу, көмек; қысқа — өсек; қырқу – өкініш, айқай-шу; тырнап алу – даңқыңыз өседі; өссе – ақша, байлық;

Тырма – болашаққа жоспар құру;

Тышқан – берекесіздік, жалғыздық;

П

Падишах – ісіңіздің бәрі дұрыс, алайда мақтаншақтықпен игере алмай жүресіз-ау берекені;

Пайғамбарды көру — мақсатқа жету;

Палау – мол байлықтың мұрагері болу;

Палуба – мақсатың айқын екен, тезірек жету жолын қарастыр;

Пальмаға шығу – жетістікке жету;

Пальто – егерде түсіңізде пальто таза суда жатса – сіздің еңбегіңіздің жануы, береке, байлыққа жеткізеді; түсіңізде пальтоңызды біреу киіп жүрсе — өкінбеңіз, жұрт алдында абыройыңыз артады, өзіңізді жақсылыққа жетелей беріңіз; пальтоңыздың етегін өртеп алсаңыз – сіз аманатқа берген дүниеге қиянат жасағаныңыз. Тезірек қарыздан құтылған жөн;

Пальто (жаңасы) – достарыңыздың арасында құрметіңіз артады; ескісі – жеңіс, табыс; орану – мұраңыз көбейеді;

Пара – тыныш жүрген дұрыс;

Паранжы жамылса — өлімнің ауылынан алыс қонбағысыз;

Парашютпен секіру – сізге жауыздық ойлағандардың ойраны шығатын болды. Бір-ақ ешкімге айтпаңыз бұл түсті;

Парик кисе — әсемдікке құмарсыз. Байлыққа ынтықтығыңызбен барлық силастарыңызды таңқалдырып жүрсіз;

Паравоз – көпшілікке мол береке әкелушісіз, өзгеге бергеніңіз өзіңізге өзге жолмен сәттілік, береке әкеледі;

Параход – сеніміңіз мол, жұмысыңыз сәтті болады;

Осы жердесіз: Негізгі бет » Қоғам » Мистика. Қиял-ғажайып. Түс жору

...