+4 дауыс
2.4k көрілді

Желечный пузырьда тас бар оны алу үшін операция жасайды, ал бұл операция қауіпті ме?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өт қабында тастардың пайда болуының бірнеше себептері бар: Соның бірі - өт қышқылдары мен холестериннің өзара қатынасы тұрақтылығының бұзылуында ,- дейді ғалымдар. Әрине күрделі операция. Отаның сәтті өтуі хирургтың тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты. Операция жасатқаннан кейін адам жақсы күтінуі керек. Ас қорыту жүйесі бұзылатындықтан, операциядан шыққан адам үнемі диета ұстап , дәрігер жазып берген жақсартатын дәрілерді уақытында қабылдап отыруы тиіс.
+1 дауыс

жоқ қауіпті емес аман қаласыз

0 дауыс

Қазіргі кезде өт қалтасындағы тастарды қансыз (бескровный метод) әдіспен алып тастайды. Операция қауіпсіз.

+2 дауыс

Негізгі екі жолы бар: ашу арқылы және лапароскопиялық әдіс.

 Қазіргі кезде көбіне ЛАПАРОСКОПИЯ әдісі жиі қолданылады.Оның артықшылығы кесу аймағы аз болуы , орындарының тыртықсыз  тез жазылуы.

Қауіптілігіне келсек ,  операция болған соң асқынулар болуы мүмкін. Бірақ та сирек.

...