Тірек сөздер уәде,ант,серт,ар-намыс,шындық,азаматтық, қымбат, омир, жеңіл, ой ,пейіл, ниет ,ақиқат, отірік, ұят, абырой ,артық соз, мактаншактық.
Ерте замандардан бері қазақ халқы ер адамдарды уәдеге берік болуын талап еткен. Ант беріп , серт қабылдап артынан сол уәделерін орындамай ар-намысы жерге тапталғандар бар. Қазіргі кейбір азаматтардың намысы жоқ. Бұл шындық. Көптеген азаматтар өздерінің азаматтық борышын орындамайды. Оларға Отаннан гөрі , алтын мен ақша қымбат. Олар өз өмір тектен-текке жұмсайды. Жеңіл табысқа жетем деп , ақыры өз өмірлерінен айырылғандар бар. Қазірден бастап ойымызды түзеп, пейіліміз бен ниетімізді жақсартсақ біздің өміріміз мәнді болмақ. Ақиқатын айтып , өтірікті айтпай ұятымызды сақтасақ , бұл біз үшін мәңгі сарқылмас абырой болмақ. Артық сөз айтпай , қысқа да нұсқа жауап беріп , ер жігіттігімізді көрсетсек , Абай атамыз айтқан мақтаншақ, өтірік , өсек , еріншек, мал шашудан аулақ болсақ, біз нағыз жігітпіз. Екі сөйлеу ерге сын.
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы