–3 дауыс
38.0k көрілді
Қазақ тілі әлемдегі   тілдер арасында қай орында?
СЕН   ҚАЗАҚСТАННЫҢ   ТІЛДЕРІНІҢ  НЕШІНШІ  ОРЫНДА  ЕКЕНІН  СҰРАДЫҢБА  ӨЗІ
Жоқ Қазақ тілі
Қазақ тілінің проблемалары айтылса неге төмен дауыс қоясыңдар? Бірінші орын алуы міндетті емес. Қолданыста қай халықтармен шамалас екенін, қандай деңгейде тұрғанын білу дұрыс. Бэйрден болмаса да біртіндеп дамиды.
Бұл жерде қазақ тілінің проблемаларын талқылаудың қажеті жоқ. Басқа жерде айтыңыздар. Сұрақтан ауытқымай накты жауап беріңіздер. Бұл сұрақ-жауап сайты.
Әлем бойынша 3 орын ,Казакстанда 2 орынды алады )) десем қалай қарайсың

8 жауап

+1 дауыс

Әлемдік  тілдер  арасында  70-орында,ал  тіл  байлғы  бойынша  3-орында  ТОЛЫҒЫРАҚ...

Baq.kz – Қазақ тілі сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70-ші, тіл байлығынан үшінші орында. Сену қиын десек те деректер осылай. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлар болса 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады.  

Тілдің қуаттылығының, өміршеңдігінің тағы бір көрсеткіші болып табылатын оның тазалығы жағына келгенде де қазақ тілінің сапалық деңгейі – жоғары. Қым-қиғаш араласқан, сапырылысқан заманда таза тіл – жоқтың қасы. Тілдер бір-біріне барынша әсер етіп, біреулері өзінде жоғын басқалардан алып, байып жатса, бұлай жасай алмаған енді біреулері алпауыт тілдерге жұтылып кетіп жатыр. Мысалы, ағылшын тілі жыл сайын өзінде жоқ 25 мыңдай сөзді басқа тілдерден алып, толыға түссе, отыздай тіл өмір сүруін тоқтатып жатады екен. Бұл жағынан келгенде де қазақ тілі өзінің табиғи негізін сақтай біліпті; осы уақытқа дейін тілімізге араб, парсы, орыс тілдері молынан еніп келсе, бүгінгі күндері ағылшын тілінен келген жаңа терминдерге жатырқамай жатсақ та қазақ тілінің сөздік қорының 60 пайыздайы түркілік түбірлі сөздер екен. Бұл – түркі тілдерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.
Осы жерде салыстыру ретінде келтіре кетсек, орыс тілінің славяндық негізі – 45 пайыз. Сонда Еуразиядағы көптеген ұлттардың тіліне тізесі батып, өктем әсер етіп отырған әлеуеті күшті орыс тілі сөздік құрамының жарымынан астамы өзі араласқан тілдерден енген сөздер екен. Міне, осындай жағдайға байланысты орыс зиялылары дабыл қағып, орыс тілінің тазалығын сақтау мәселесін көтеріп, жалпы ертеңгі күнгі болашағын ойлауға шақырып жатыр.
Сонымен, қазақ тілі – сан жағынан әлем тілдері ішінде 70-ші орында, түркі тілдерінің арасында төртінші тұрған, ал тіл байлығы жағынан үшінші орынды алатын, түркілік болмысының сақталуы жағынан келгенде, ең бірінші тұрған тіл болса, оның осындай қасиеттерімен ұлы тілдердің қатарында жүруге тиіс бүгінгі тыныс-тіршілігі патша көңілді көншіте бермейді. Қазақ тілінің әлемдік тілдердің арасында иеленетін осындай биік орнына қарамастан, тәуелсіздік алғанымен бүгінгі күндері де мүшкіл хал кешіп жатқанын немен түсіндіруге болады? Бұрындары бар бәлені отаршылдыққа жауып келдік, енді кімнен көреміз. Бұған жауап берудің оңай еместігі, себеп-салдарларының бір-бірімен әбден шатасып, тереңде жатқандығы байқалады.
Қазақ тілінің тағдыры кезінде КСРО-ның қол астында болған көптеген ұлттардың тілдерімен тағдырлас. Өткен ғасырдың басында алты миллион қазақ сан жағынан түркі халықтарының ішінде түріктерден кейінгі екінші орында болған. Бір ғасыр өткен соң, төртінші орынға түсті. Қазір түріктер 80, әзірбайжан 35, өзбек 30 миллион болса, қазақтар 14 миллионнан енді асты. Мұның өзі орыс отаршылдығы кезінде басқа халықтарға қарағанда, қазақтардың көбірек теперіш көргендігін, тәуелсіздік алғаннан кейін де қазақтардың көсіліп кете алмай жатқандығын байқатады.
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін большевиктер Ресей құрамында бодандықта болған барлық ұлттардың теңдігін жариялады. Солардың бірі болып, қазақтар да өз мемлекеттігін құрды. Ғасырлар бойы жүректерде ұялаған асыл армандар жүзеге аса бастағандай болған. Бірақ Қазақстан ресми түрде жеке республика атанып, қазақ тілі мемлекеттік тіл саналғанымен де билік орыстардың қолында болып, ресми іс қағаздары негізінен орыс тілінде жүргізіле берді. Күткен үміт ақталмады. Кеңес өкіметі жылдарында қазақ тілінің зарын тыңдайтын құлақ билік басында жоқ болатын. Болған күннің өзінде де компартия мұны жөндеуге жол бермейтін.
Оның үстіне жоспарлы түрде дүркін-дүркін жүргізілген қазақ зиялыларын «ұлтшылдықпен» айыптау саяси науқандары қазақ халқының ұлттық дамуына орны толмастай нұқсандар келтірді. Қазақ халқы сан жағынан ойсырап, ғасыр басындағы алты миллионнан соғыстан кейін 2,5 миллионға дейін кеміді; ұлт көшбасшыларынан, зиялыларынан айрылды. Орыстардың көпшілік болуы жер-су аттарының өзгеруіне, мектептегі оқу істерінің түгелдей орыс тіліне көшуіне, іс қағаздарының орыс тілінде жүруіне алып келді. Орыстандыру саясаты ресмилік сипат алып, бүкіл республика көлемінде қарқынды жүргізілді. Нәтижесінде ұлттық республикадағы қазақтардың үлес саны үштен біріне де жетпей қалды.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарындағы қазақ мектептері түгелге жуық жабылып, бір-бірден ғана малшының балаларына арналған облыстық интернаттар ғана жұмыс істеді. Қазақстанның астанасы Алматыда бір ғана қазақ орта мектебі жұмыс істеді. Жоғары оқу орындарында қазақ тілі мен әдебиетінен басқа мамандықтардың барлығы дерлік орыс тілінде оқытылды. Осы кездерде Қазақстан бойынша 700-дей қазақ мектебі жабылды. Жоғары оқу орнына түсу үшін талапкер міндетті түрде орыс тілінен емтихан тапсыру тиіс болды.
1989 жылдың 22 қыркүйегінде тіл туралы Заң қабылданды. «Қазақ ССР-інің тіл туралы» заңында қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі ресми түрде атап көрсетілді. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін жариялады. 1997 жылы тіл туралы заңды толықтырулармен, өзгертулермен тәуелсіз мемлекеттің мүддесіне орай қайта қабылдады. Халық бұл Заңнан еліміздің егемендігіне қызмет ететін, көптің ойынан шығатын шын мәніндегі мемлекеттік тілді көргісі келді. Өкінішке орай, бұл үміт те ақталмады.
Ең бастысы тәуелсіз елдің мемлекеттік тілін төрге шығару мақсатымен қабылданған тіл туралы заңның шылауына орыс тілі тағы да жармасты. Турасын айтқанда, бұл орыс тілінің қазақ тілін, орыс рухының қазақ рухын әлсіретуі ресми түрде заңдастырылғандай болды. 1989 жылы кеңес өкіметі жылдарында қабылданған заң қазақ тілі туралы болса, жаңа заң «Тілдер туралы» аталып, Қазақстандағы барлық тілдердің жырын жырлады.
Үш жүз жылға жуық уақытқа созылған орыс отаршылдығы қазақ ұлтын рухани жағынан оңайлықпен оңалмастай орысшылдықтың айықпас ауруына шалдықтырған. Ұлттық сана-сезімін орысшылдықпен лайлап, ұлттық иммунитетінен айырған. Нәтижесінде ұлттық болмысы әбден әлсіреген «интернационал» ұлтқа айналып, не қазақ емес, не орыс емес, ортасындағы дүбәра, ұлтын мойындамайтын космополиттер көбейе бастаған.
Тәуелсіздіктерін алған соң, басқа ұлттар уақытты босқа жібермей, бірден бодандықтың былықтырған ауруларын емдеуге кірісіп кетті де ұлттық дамуға кедергі келтіретіндердің барлығынан дер кезінде арыла білді. Ал бізде отарсыздану саясаты жүргізілмеді де халқымыздың болмысына ғасырлар бойы батпандап кірген әлеуметтік кеселдер енді оған қолайлы қоғамдық – психологиялық жағдайларды барынша шебер пайдаланып, мысқалдап та шықпай жатыр.
Қазақ жерінде қазақ тілінің бел жаза алмай жатқандығы Қазақстанның Конституциясында жазылған бір-ақ сөйлемге байланысты болып отыр. 1993 жылы қабылданған Конституцияда орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілсе, 1997 жылы бұл аздай орыстілді қазақ депутаттарының күш салуымен қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылатын ресми тіл мәртебесін иеленді. Ата Заңда бірінші тармақта қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі туралы айта келіп, соның артынша екінші тармақпен «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылуының өзі мемлекеттік тілдің мәртебесін жоққа шығарғандай болып тұр. Қазір Қазақстан Республикасының Конституциясындағы қазақ тілінің түбіне жеткен осы бір сөйлем құрымайынша, оның көсегесі көгермейтіндігіне көз жетіп отыр.
Кезінде А.Байтұрсынұлы қазақ мектебінде оқып, ұлттық тәрбие алмаған баланың кейін ұлтына қызмет етпейтінін, сондықтан да балаларды қазақша оқыту қажеттігін ескерткен болатын. Ұлы Ахаңның ертеңгі күннің қамымен болашақ ұрпақтарға өсиет ретінде айтылған осы бір сөздерінің шындығын бүгінгі қазақтың рухани өмірі айна-қатесіз көрсетіп отыр. Қазақстанды басқарып отырған мемлекеттік қызметкерлердің 96 пайызы орыс тілді дегенге сенгің келмейді. Бірақ ащы шындық – осылай.
Өмірді орыстың көзімен көріп таныған, білімін орыстың дүниетанымымен орыс мектебінде жетілдірген, орысқа қызмет ететін орыстың рухымен сусындаған мәңгүрт пе, көзқаман ба, әйтеуір бір аты қазақ та, заты басқаның қазақ ұлтының мүддесіне, қазақ рухына, оның тілінің өсіп-өркендеуіне үлес қосады дегенге сену қиын.
Керісінше, осылар қазақтың ұлттық мүддесіне ашық қарсы шығып, «іштен шыққан жау жаманның» керін келтіріп отыр. Оларда халыққа қызмет ету деген ұғым-түсінік, отаншылдық, патриоттық сезімдер жоқтың қасы; бар арманы – бар мүмкіндікті пайдаланып, ұлттың, халықтың, мемлекеттің есебінен қалтасын толтыру. Міне, осындай жағдайда билік маңында мемлекеттік қызметте жүрген отаншылдық сезімнен жұрдай қазақтардың тікелей қатысуымен Қазақстанның ұлттық байлығы талан-таражға түсіп жатыр.
Тәуелсіздік алған 1991-1992-ші оқу жылында республика мектептеріндегі оқудың 28 пайызы орыс тілінде жүрсе, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 65 пайыз. Қазір Қазақстандағы барлығы 7516 мектептің 3843-і қазақша білім беріп, онда барлық оқушылардың 84 пайызы – 1 074 533, оның ішінде 2 500 бала басқа ұлттың балалары оқиды. 259 454 қазақ баласы 2067 орыс тілді мектепте білім алады. Қалғандары – аралас мектептер. Аралас дегенімізбен олардың да заты – орысша. 1991 жылы Қазақстандағы 8 881 балабақшаның 4734-і жас бүлдіршіндерді қазақша тәрбиелесе, қазір елімізде 648 ғана балабақша қазақ тілінде тәрбиелейді. Ал жоғары оқу орындарындағы орыс топтарының 70-80 пайыздайы тағы да – қазақтар.
Бұл фактілер Қазақстанның білім беру саласы болашаққа екі тілде сөйлейтін, екі түрлі дүниетанымды, екі түрлі бағыттағы ұрпақ дайындап жатқандығын байқатады. Сонда мұнымыз бір ұлтты іштей екіге жарып, бөлшектеп, арасына жік салу, іштей ірітіп, әлсірету болып шықпай ма? Ұлт бірлігінің, халық бірлігінің негізі тіл, тіл тұтастығы ұлт тұтастығының кепілі екендігін ұмытпайық.
Бүгінгі оқу орындарында орысша білім алып жатқан оқушылардың осыдан 20–40 жылдан кейін Қазақстан қоғамының белсенді азаматтары, көшбасшылары болатындығын ескерер болсақ, 2011 жылы маусым айының 29-ында қабылданған «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» және Қазақстан Республикасы Президенті қазақстандықтардың 2017 жылы 80, ал 2020 жылы 95 пайызы қазақша сөйлейтін болады дегенінің қалай орындалатындығы ойлантады.
Қазір әлемдік ауқымда ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Батыста әбден күшіне мініп алған ақпараттық империализм басын көтерді. Қазақстан тәуелсіз ел болғанымен де оны Ресейдің ақпараттық отарлауы әлі де жалғасуда. Жан-жақтан жасалынып жатқан ақпараттық шабуылдар тәуелсіздігімізді бұзып, ұлттық болмысымызға қауіп төндіруде.
Республика аймағына тарайтын 8004 басылымның 2756-сы Қазақстанда, онда да оның 453-і ғана қазақ тілінде басылады да қалған 5248 газет пен журнал сырттан келеді. Қазақстанда тарайтын барлық басылымдардың шамамен 90 пайызы орысша, 6 пайызы басқа тілдерде, тек 4-ақ пайызы қазақ тілінде.
Жаңа заманда интернеттің қоғамдық өмірде алатын орны күн сайын арта түсуде. Ғылым мен техниканың ең соңғы жаңалықтарына, Батыстың аса қуатты экономикасының қолдауына сүйенген жаһандану үдерісінің негізгі арналарының біріне айналып отыр. Рас, бұл салада да азды-көпті атқарылып жатқан жұмыстар бар. Десек те олардың көпшілігі орыс тілді екендігін айтпасқа лажың жоқ. Қазақ тіліндегілері бір пайызға да жетпейді.
1980 жылы Қазақстанда тәулігіне 4 кітап шығып тұрған болса, соның үштен екісі қазақ тілінде жарық көрген. 50-100 мың данамен шығатын қазақ кітаптарының тиражы қазір екі мыңнан аспайды. Бұрын әлемдегі кітапты көп оқитын халықтардың бірі болсақ, қазір кітап оқымайтын жұртқа айналып бара жатырмыз.
Мемлекттік тіл сол мемлекеттің қоғамдық өмірінің барлық бағыттарында дерлік қолданылатын қарым-қатынас құралы болуы тиіс болса, қазақ тілінің ғылым, халықаралық қатынастар, экономика-қаржы салаларындағы жағдайын айтуға ауыз бармайды. Қазақстанның ғылымы, әсіресе жаратылыстану ғылымдары әлі күнге дейін негізінен орыс тілінде «сөйлейді»; қорғалып жатқан диссертациялардың 7-8 пайызы ғана қазақ тілінде.
Саяси биліктің ең жоғарғы органы болып саналатын Қазақстанның парламенті орыс тілді; ол қабылдаған заңдардың барлығы да орыс тіліндегі нұсқасымен қабылданып, қазақ тіліне аударылады.
Қазақстанның саяси билігіндегі мәжіліс депутаттарынан бастап, министрлерге дейін 96 пайызы орыс тілді. Мемлекеттік тілді қолдануға үлгі болуға тиіс парламенттің, министрліктердің, агенттіктердің, түрлі деңгейдегі әкімдіктердің жұмыс бабындағы отырыстарының барлығы дерлік орыс тілінде жүреді. Тәуелсіздік алған 23 жылдың ішінде негізінен қазақтар Қазақстан парламенті бір ғана заңды қазақ тілінде («Көші-қон туралы») қабылдаған. Осының өзі-ақ Қазақстандағы тіл ахуалының қандай күйде екенін аңғартса керек.
Қазақстанда хабар тарататын телеарналарда берілетін хабарлардың 10-ақ пайызы («Айқын», 01.03.2013), ал фильмдердің 3-ақ пайызы ғана қазақша дегенге тіпті сенгің келмейді. Астана телеарнасының 19 сағаттық бір күндік бағдарламасының 3 сағаты ғана қазақ тілінде берілген («Жас қазақ үні», 12.03.2011-18.03.2011).
«Жығылған үстіне жұдырық». Тәуелсіздік алғаннан кейін де орыс тілінің озбырлығынан құтыла алмай, шырмалып, рухынан уланып, ес жия алмай есеңгіреп жатқанымызда, оның саяси уысынан қашан шығарымызды аңдып тұрғандай, ағылшын тілі келіп, тарпа бас салды. Есімізді жияр-жимас тағы да ағылшын тілді жаһандануға келіп қойып кеттік. Сөйтіп, бұрын екі тілді болып келген Қазақстан енді жаһанданудың арқасында үш тілді елге айналып келе жатыр. Қазір елімізде «үш тұғырлы тіл» саясаты жүзеге асырылуда.
Әрине, тіл білген – жақсы. Көп тіл білген сайын адамның өрісі де, өресі биіктей береді. Әсіресе қазіргі таңда халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың тіліне айналып отырған ағылшын тілін білу өмір қажеттілігіне айналуда. Десек те ұлттық мемлекет Қазақстанда үш тілдің, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қатар қойылуы, іс жүзінде үшеуінің бірдей қолданылуы заңға сия бермейді.
Міне, осының салдарынан әлжуаз қазақ тілі бұрын барлық мемлекеттік мекемелерде қолданылып келе жатқан орыс тілінің қазақша аудармасына, яғни аударма тілге айналып келсе, енді оның орыс тілімен қатар ағылшын тілінің де қызметшісіне айналып кету қаупі туып отыр. Қазірдің өзінде-ақ ғылым саласындағы іс қағаздардың барлығы дерлік үш тілде толтырыла бастады. Көшедегі мекеме аттары мен жарнамалар да ағылшындана түсуде. Бұрындары Алматының көшесімен келе жатқанда, жан-жағыңдағы қаптаған орыс тіліндегі жазулар орыстың қаласында келе жатқандай әсер беретін; енді соларды ағылшын тіліндегілер ығыстыра бастағандай. Заңда көрсетілгендей, алдымен қазақ, содан кейін барып басқа тілдегі аудармасы жазылу керектігін ешкім орындап жатқан жоқ.
2013–2014 оқу жылынан бастап, ағылшын тілі мектептерде бірінші сыныптан бастап оқытылатын болды. Алға қойылған міндетті «асыра орындағысы» келіп, ағылшын тілін үйретуді балабақшадан бастап жатқандарды да газеттен оқыдық.
Мәселе осы «үш тұғырлы» тіл саясатын жүзеге асырудың жолдарында болып отыр. Тіпті «үш тұғырлы» тілге Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі. Негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп, қадап айтқан түсініктемесі де ескерілмейтін болды.
Біздіңше, балаға шет тілін оқытуды балабақша түгілі бастауыш сыныптарда да оқытуға болмайды. Өйткені, ғалымдардың анықтауынша, жас баланың сөйлеу тілі, сол арқылы ойлау жүйесі ата-бабалардан келе жатқан тұқым қуалаушылық арқылы сол ұлттың тілі арқылы ғана алғашқы мүшелде, яғни 13 жасқа дейін қалыптасады. Жас баланың бойындағы ген арқылы тұқым қуалап келе жатқан ойлау жүйесін сол негізде ана тілі арқылы ары қарай жалғастырса, ол баланың ойлау қабілеті тез жетіледі. Ал енді ойлау жүйесі әлі қалыптаса қоймаған жас балаға өзінің бойында бар ген арқылы келе жатқан ойлау жүйесіне сәйкес келмейтін тілді оқытса, ол баланың бұрыннан тұқымында келе жатқан ойлау жүйесі бұзылып, жаңа тілге негізделген жаңа ойлау жүйесі пайда бола бастайды. Ал екі тіл қатар оқытылғанда, екі тілде қатар сөйлегенде, екі тілдегі ойлау жүйесі де қатар жұмыс істеп, бір-біріне кедергі жасайды..
Қоғам дамуының көшін бастаған әлемдік саяси серкелер мен рухани жұлдыздардың дені – ұлттық топырақтың бар асыл қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлттық мектепте, ұлттық рухта тәрбиеленгендер. Нобель сыйлығын алған ғалымдардың көпшілігінің осы ұлттық мектептен шығуы да көп нәрсені аңғартса керек.
Қазақстан жағдайында мемлекеттік тіл саясатын жүргізгенде, ғылыми негізге сүйенген жүйеліліктің жоқтығы, білімсіздік, науқаншылдық сияқты көптеген шылықтардың орын алуы біздің рухани өмірімізді көптеген келеңсіздіктерге ұрындырып отыр. Қоғамда тіл саясатының дұрыс жүргізілмеуі орны толмас олқылықтарға, әлеуметтік қайшылықтарға апарып соқтыруы мүмкін.
Егеменді ел болып табылатын Қазақстанда қазақ халқының ұлттық мүддесі қорғалмай, ұлттық рухының, ұлттық мәдениетінің тамырына балта шабылып, жат жұрттық экспанцияға ұшырап отыр.
«Туған тіліңді қорғау – туған Отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса – бітті» (Б. Далан). Ана тілін ұмытқан мәңгүрттердің, көзқамандардың, космополиттердің көбеюі тілге ғана емес Отанға да аса қауіпті. Қоғамымызда орын ала бастаған маргиналдық құбылыс, Батысқа көзсіз бас июшілік ұлтқа төніп келе жатқан қара бұлттың алғашқы хабаршылары іспеттес.
Әрбір ұлт алдымен, тілін сақтауға ұмтылады, сақтай алмаса, ұлтымен де, сол ұлтты қорғау, сақтау мақсатымен құрылған мемлекеттігімен де қош айтысуына тура келеді. Қазақ тілі тәуелсіз болмай, Қазақстан тәуелсіз бола алмайтындығы барлық уақытта есте болуы керек.
Рухсыз халық өмір сүре алмайды. Рух көбіне ұлттық сыпатта болса, ал «ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» (Мұстафа Шоқай). Тіл түзелмей, рухтың түзелмейтіндігі, рух түзелмей ұлттың түзелмейтіндігі, өз кезегінде қоғамның жаңарып, өмірдің орнығып, өрге баспайтындығы – аксиома.
Бүгінгі Қазақстан жан-жақтан – Батыстан, Шығыстан, оңтүстіктен, солтүстіктен анталап қаптап келе жатқан түрлі қауіп-қатерлерге қарамастан, Еуразияның қақ ортасында бейқам өмір сүріп жатқан аты қазақ, тегі түркі болғанымен, тілі орыс, діні араб, ділі американ, киімі қытай, экономикасы Батыстың нарығы, ұлттық болмысы әбден әлсіреген, ұлттық даму жолына түсе алмай жатқан ел сияқты.
Халық барлық уақытта да алдыңғылардың үлгісіне қарап, тіршілік жасайды. Тіл туралы қабылданған заңның қағаз жүзінде қалмай, лауазым, зиялы қауым өкілдерінің тілге жанашырлықпен айтқан сөздерінің сол заматта желге ұшып кетпей, жүзеге асуына атсалысу – Елбасыдан бастап, қарапайым адамға дейін алдында тұрған абыройлы міндет. «Арбаның алдыңғы доңғалағы қалай қарай домаласа, соңғысы да солай қарай домалайды».
Өткен жылы қабылданған «Қазақстан 2050» стратегиясында» елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясатына жаңаша көзқараспен қарап, болашақ даму бағытын айқындап беруі көңілге үміттің отын қайта жаққандай болды. Мұнда қазақ тілінің «қазақ ұлтын біріктіруші басты фактор», «Қазақстан халқын біріктіруші», «қазақ тілі – біздің рухани қазынамыз» екендігін баса айта келіп, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп жарияланды. Бұл сөздерді ұлтының ертеңіне елеңдеулі ұлт жанды азаматтар көптен күткен еді.
Қазақ ұлты, кешегі бір замандарда әлемге түркілік мәдениеттің не бір асыл үлгілерін жасаған көк түріктердің қара шаңырағы қалған қазақ жерінде өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтарының бірі, тәуелсіздігін жариялаған егеменді ел, болашақта өркениетті ел боламыз деп алдымызға таудай мақсаттар қойып, ертеңімізден үлкен үміт күтетін халық екендігіміз рас болса, ұлттық жаңғыру жолына түсуіміз керек.
Қазақстан бүкіл қазақстандықтардың қоғамдық-саяси ортақ үйі болса, сол үйдегілердің рухани бірлігін, рухани тұтастығын, рухани өмірін қамтамасыз етуге қызмет жасайтын мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Қазақ тілі – қазақ рухының қан тамыры. Денеге қан жүрмесе, оның тіршілігі тоқтайтындығы сияқты, қазақ рухының бойына қазақ тілі арқылы ғана жүретін қан жүрмесе, қазақ ұлты да, сол ұлт құрып отырған Қазақстан мемлекеті де түптің түбінде жойылмақ.
Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді; мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді. Сондықтан да еліміздің қоғамдық-рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізетін уақыт жетті.
Ататүріктің «Қай кезде де ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеге басымдық беруіміз керек. Халықаралық саясат, еларалық жағдай – мұның бәрі ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеден төмен тұруы керек» дегеніндей, Қазақстан мемлекетінде де оның тілінен бастау алған рухани құндылықтарына бет бұрып, барынша халықтық мүддеге қызмет ететін ұлттық саясат жүргізу – бүгінгі күн қажет етіп отырған басты талабы.

 

+1 дауыс

Қазақ тілі қазақ халқынан басқаларға қажеттігі шамалы және жақын жүз жылдықтарда қажет болу мүмкіндігі жоқтың қасы.Сондықтан бізді қазақ тілінің әлем бойынша рейтингінен көрі өз ішімізде қолдану аясы толғандыру керек. Егер әрбір қазақ өз тіліміэді құрметтейтін жағдайға келсек, онда қазақ тілі біз үшін әлемдегі бірінші тіл деп есептей беруге болар деймін.

келісемін   сенімен
Ағылшын тілінің дәрежесіне көтеріле ме дегенім ғой?
СЕН   ҚАЗАҚСТАННЫҢ   ТІЛДЕРІНІҢ  НЕШІНШІ  ОРЫНДА  ЕКЕНІН  СҰРАДЫҢБА  ӨЗІ
Жоқ Қазақ тілі
Қазақ тілінің басқа халықтарға қажеттілігі туралы проблеманың  бұл жерге қатысы жоқ.
+2 дауыс

Әлем халықтары тілдеріне төмендегі тілдер жатады: ағылшын, қытай, хинди, неміс, испан, португал, итальян, француз, орыс тілдері. Себебі бұл тілдерде бірнеше мемлекеттің халықтары сөйлейді. Мысалы, испан тілінде Испания, Аргентина, Бразилия, Венесуэла және тағы басқалары.

–1 дауыс
билмим кайдан блейн оны ким билед
0 дауыс
Берілген мәліметке қандай да бір сілтеме келітрілсе сенімдірек болар еді
0 дауыс
Менің бұл әлемдегі орыным дененге эссе керек еді
0 дауыс
9 орында гой дейм сойтып жаза бер
0 дауыс
қазақ тілі 3-орынды алады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...