"Қазақстан дауысы" шетелдік сондай шоу-программаның көшірмесі болса да, жүргізушінің шеберлігі арқасында жақсы өтті. Сөз арасында "Мәдина Розаға ән айтуды ғана емес, қызылордаша сөйлеуді де үйретіпті", "Жіберген СМСтеріңіздің ақшасын Нұрлан Албан өзі төлейді" деген сияқты айтқандары жарасымды болды. Шахаризаттың ұтатынын о бастан-ақ білдім. Бірақ, босана салып келіп отырған Розаға жақтасып отырдым.