Адам жер бетіндегі ең саналы ақыл иесі болып саналады, сондықтан біз мыңдаған, миллиондаған түрлі насекомдарды,жәндіктерді көреміз, не істеп жатқандарын зерттеп қойғанбыз (биология), олармен ғылыми эксперименттер жасап тастағанбыз, олардың тіршілігімен жақсы таныспыз, бірақ не үшін олармен сөйлеспейміз, оларды мақұлық санаймыз да жүре береміз, бұл баяғыдан бері үйреншікті болып қалды. Енді келіп біз сол жәндіктерге қалайсыңдар, жағдайларың жақсы ма? біз адамдармыз, сендермен сөйлескіміз келеді, қонаққа шақырысайық демейсің ғой. Бөгде ғаламшарлықтар да адамдарға тура солай қарайды , өйткені олар миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келеді, бізді жақсы біледі, сөйлесейін десе қызық емес, адамның анатомиясын егжей-текжейлі, жілігін шағып майын ішіп зерттеп қойған, олар 1 секундтта сенің миыңдағы барлық информацияларыңды, ойларыңды оқып қояды, миллион жылдық тарихың да олардың көз алдында. Енді келіп семен не жайында сөйлесуі керек? Олардың сана сезімдері адам сана сезімімен салыстырсаң аспан мен жердей, мүмкін салыстыруға да мүлдем келмейді.Олар бір уақыттан екінші уақытқа ауысып жүре алады, олардың тарелкалары біздің корабльдер сияқты ұшып жүрмейді, милиондаған жыл алға, артқа орын ауыстырады, миллиар жылыңды 1 сакунтта өткізе алады,өйткені олар басқа физикалық өлшемді пайдалануға мүмкіндіктері бар, жетеді.