+5 дауыс
21.4k көрілді

Алдар көсе және Қожанасыр тарихта болған ба?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Алдар  көсе  оның  өмірде  болғаны  болмағаны  туралы  мәлімет  жоқ

Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады.[1] Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ.
Қожанасыр  тарихта  болған

Қожанасыр (араб.: نصرالدین جحا‎‎ ходжа насруддин) – түркі халықтары арасына Орта ғасырда (13-ші н-се 14-ші ғасырларда) кең тараған күлдіргі әңгімелердің кейіпкері.
Әңгімелерде Қожанасыр бірде қу, бірде аңқау, бірде өткір тілді қалжыңбас бейнесінде сипатталады. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орта, Кіші және Алдыңғы Азия, Арабия, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин әпенді деген аттармен кең тараған.

 

+3 дауыс

Қожа Насреддин өмірде болған тарихи адам. Ал Алдар Көсе ойдан шығарылған.

сизге келисемін
0 дауыс
Менің ойымша алдар көсе өмірде болған оның зираты бар деп естігенмін
...