+2 дауыс
45.1k көрілді

Мағжан Жұмабаевтің ''Батыр Баян''поэмасының мазмұнын айтып бересіздер ме?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қысқаша айтқанда, Батыр Баян Жоңғарлармен бір соғыста жоңғардың бір қызын алып келеді, оған Баянның інісі Ноян ғашық болып қалады, содан жаңағы қыз Ноянның басын айналдырып өзінің еліне ертіп бара жатқан жерінен Баян соңынан қуып жетіп екеуінде өлтіреді, сосын Батыр Баян әдейі күйінгендіктен Абылайханның тактикасына келіспей жалғыз өзі 100 шақты әскерімен жоңғарлардың бүкіл армиясына қаршы шабады. Сонда өзі де қаза табады.

Негізі өзіңіз оқығаныңыз жақсы қазақ әдебиетінің ең жақсы туындыларының бірі (әсіресе Баянның інісі Ноянмен сүйіктісін өлтіргеннен кейін айтатын монлогы) 

Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі

Ісімді мынау ағат немен жабам?

Қарабет болдым алаш баласына,

Ер дер ме енді мені Абылай данам?!

Жорыққа қу қалмаққа жүрдім неге?

Тобына көк бөрідей кірдім неге?

Тәтті бал, балауса тал жас сұлуды

Көр болғыр, екі көзім, көрдің неге?

Қозымды қас дұшпандай қудым неге?

Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,

Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?

Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау,

Бір ата, бір анадан тудым неге?

Салдырып шіріп қалғыр саусақтарым

Қанымен өз қозымның жудым неге?

Күнәсіз екі жасты өлтіргенше,

Өлмедім ішіп уын удың неге?

Күй, жүрек! Көл бол, жасым! Өртен, ішім!

Алдымда айнам жатыр бөбек пішін.

Сұм садақ кетсе үзіп жас жүрегін,

Жойған жоқ құлыншағым ерке түсін.

Сорлы ағаң атып жығып өз інісін,

Иіскейді енді зарлап аппақ төсін.

Тартқанда сынбадың-ау, сұм садағым!

Қайтейін, арымадың, арда күшім!

Жоқ, әлде, жоқ... жоқ... Әлде... Өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

сосын:

Өз бауыры, өз сүйгенін өзі өлтірген

Болар ма, сірә, сорлы адам менен?!

Ел беті енді маған болсаң арам,

Алашым, аттанамын жауыңда өлем! – деп

 

Баян енді өмірден үміт үзіп, ажал аузына өзі ұмтылады

 

Рахмет...
Белгісіз
+1 дауыс

Қызық екенсің, өзің оқымайың ба? Сен кішкентай сәби емессің ғой, ертек айтып ұйықтататын.

0 дауыс
Бұл поэма ертек емес
келісемін
0 дауыс
батыр баянға қысқықаша өлең құрастырып беріңіздерші
0 дауыс
Батыр Баян керемет поэма дұрыстап түсіндеру керек лутче поэманы түгел оқыған дұр
0 дауыс
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.
...