+1 дауыс
1.8k көрілді

Ара шағып алса не істеу керек?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаз мезгілінде шыбын-шіркей мен жәндіктер ерекше белсенді болып келеді. Тіпті, масаның өзі адам өміріне қауіп төндіреді. Ал адамды ара я сона шақса, оның жазылуы ұзаққа созылады.

Адамды ара шағып алса, әдетте, адам ағзасы бірден сыр бере бастайды. Аяқ-қол сыздап, дене қызады. Адамның бет-жүзі ісе бастайды. Тері қызарып кетіп, дене қыши түседі. Араның шаққанда психологиялық және аллергиялық реакция пайда болады. Психологиялық реакцияда адам жәндіктің шаққанына шыдамсыздық танытып, мазасызданады. Екінші мәрте шағып кетеді деген күдікті әрі қорқынышты сезім пайда болады. Ал аллергиялық реакцияда адамның дене қызуы көтеріліп, басы айналып, жүрегі айниды. Қатты құсып, тәбеті жоғалып, тіпті, талып қалуы мүмкін. Абырой болғанда адамдардың 2-3%-ы ғана аллергия реакция ұшырайды. Оның да әр түрлі дәрежесі бар. Ең күрделі дәрежесінде адамға дер кезінде алғашқы көмек көрсетілмесе, адамның жүрегі тоқтап қалуы да әбден мүмкін.

Араның шағуына балалар мен әйелдер ағзасы бірден әсер етеді. Себебі, олардың ағзасы әлсіздеу. Әрі тері нәзік болғандықтан, ара уы тез таралады.

Есіңізде болсын!

  • Айналыңызда ара ұшып жүрсе, оған мән беріп, оны қағып, өлтіруге ұмтылмаңыз. Себебі, ара себепсіз адам баласын шақпайды. Тек адам тарапынан қарсы әрекеттер көрсе ғана, ол өзін қорғау мақсатымен, шағып алуға бел буады.
  • Егер де сізді ара шағып алса, сабыр сақтаңыз! Айғай салып, байбаламға түсудің еш қажеті жоқ.
  • Ара шаққан кезде дереу жақын арадағы медициналық пунктке бару керек немесе жедел жәрдем шақыртқан жөн.
  • Ара шаққан жерге кішкене қант басып қойыңыз. Қант арадан қалған улы затты сыртқа шығаруға ықпал етеді.
  • Ара шаққан жерді сығуға, қасуға, тырнауға болмайды. Кері жағдайда, ағзаға инфекция түсіп, ара уы денеге таралып кетуі мүмкін.
  • Ара шаққан жерді мүсәтір спиртімен немесе йод не көк дәрі қосылған сумен шайып жіберу керек. Қол астында бұл заттар болмаса, ара шаққан жерді ақжелкеннің жапырағымен ысқылап жіберуге болады.
  • Ара шаққан жерге ылғалды сүлгі немесе салқын суға толы жылытқы басу керек.
  • Шаққан жердің ісігін басу үшін мұз немесе салқын су басқан абзал.
  • Ара шаққан жанды көлеңке астында жатқызып немесе орындыққа отырғызып, көп мөлшерде салқын су беру керек. Салқын су болмаса, қант қосылған қайнатылған су мен бал қосылған шәй беруге де болады.
  • Ара шаққан жанның денесі қызарып, бөртіп жатса, оған кордиамин сұйықтығының 20-25 тамшысын беру керек.

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/3100,

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/11619 осы жерден табарсыз

0 дауыс

ара шағып  алған  жерге  магнитті  біраз  қойып  тұрасыз

магнит болмаса
0 дауыс

Тұз жағыңыз, спирт жағыңыз- ісігенді тоқтатады.

0 дауыс

ылғал  құмды  басасыз

0 дауыс

Ара шаққан жерге тұз басу керек.

0 дауыс

Ара қатты шақса міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

...