Махаббат қолың жеткенше әдемі, жеткесін әсерлеуге тұрмайтын күйбең тірліктің бөлшегіне айнала ма?

0 дауыс
628 қаралым
• Санаты: Махаббат

5 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Ұлы Ескендір,сұрақ өте өзекті.Махаббат деген сол қалпында ызылып тұрады деген ол далбаса. Адам үйленіп үй болғасын, бал айы өтіп,балалы-шағалы болғасын ол мүлдем бөлекше сипатқа,мәнге ие болады. Ендігі өмірде махаббат ерекше бір силастыққа,жұбайылық өмірдің жауапкешілігіне ауысады.Ал оның ішінде қызықты күндер де,қиыншылық күйзелістер де,күйбең тіршіліктер де,ыдыс-аяқ сылдыры да болады.Осы күйбең тіршілікке көндіге алғандар ғана өз махаббаттарының жемісін көріп,ұрпақ өрбітіп, ұзақ  мәнді де,сәнді өмір сүреді.Міне осы жандардың махаббатын мәңгілік махаббат деп атаса болады,себебі олардың махаббаттары балаларына беріледі.Ал керісінше махаббатымды осы қалпында сақтап қаламын дейтіндер ақымақтың күйін кешіп ажырасып тынады да,шын махаббат мәңгілік болмайды деп қуалап жүре береді.
+2 дауыс
Неге олай ойлайсың өмірде бақытты жанұя көрмедіңіз бе не?
+3 дауыс
Ия мүмкін солай да шығар. Бірақ әдемі қалпында сақтап қалу әркімнің өз қолында.
+4 дауыс
Ия,ол әркімнің өз қолында тұрған бақыты ғой....Әдемі қылып сақтау да,,күйбең тіршіліктің бір бөлігіне айналдыру да......
+1 дауыс
Ия, адам барлығынан жалығады ғой!!!
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы