-
Ескендір Зұлқарнайын, Александр Македонский (патшалық құрған мезгілі б. з. б. 336 – 323) – әлемге аты мәшһүр қолбасшылардың бірі. Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған. «Жалғыз ғана қазақ арасында емес бүкіл Шығыс әлемінде Ескендір Зұлқарнайын деп аталып кеткен кісі – македониялықтардың әйгілі қолбасшысы Александр Македонский. Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македонский» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты. Осы Зұлқарнайын, яғни Македонский патша да қазақ даласын жаулап алуға құмар болған көрінеді. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Македонский осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия-эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Александр заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Македонский жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Александрия Арийская (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Александрия Маргиланская (қазіргі Байрам Али) Бактра қаласының маңындағы Александрия, т.б.
Македонскийдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330 – 400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Македонский жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Македонскийдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Македонский жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Македонскийдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Македонскийдің абыройын артқыза түспек болған. Дәл осындай қатені Македонский тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған. Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Македонский күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал Птолемей Сырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің – сақтар, соғдылықтар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді. Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі, «қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.
Македонский өлгеннен кейінгі жердің бөлінуіБактрия мен Соғдыны жаулап алған Македонскийдің қадамын енді Сырдарияның бойынан сонау Еуропада жатқан Донның жағасына алып бару ешбір ақылға сыймайды.
Әрине, А.И. Левшин дәл осылай етіп, нақтылы тұжырым жасамаған. Ол өз еңбегінде («Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей». А., 1996) Сырдарияның тарихына шолу жасағанда ежелгі және көне дәуір тарихшыларының еңбектеріне талдау жасап, әркім әр саққа жүгіртіп жүрген өзеннің Сырдария өзені екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Ал сол жазбаларға тереңірек үңіліп, сол кісі атаған еңбектердің бірқатарына көз жүгіртіп өтсеңіз дәл осындай тұжырым жасауға болады. Енді осы мәселе Македонскийдің Сырдариядан өтіп соғыс салуы мен сақтар жеріне тұңғыш рет әрі соңғы рет аяқ басуы туралы. Ал осы соғыс қай жерде өтті? Біз жоғарыда Арриан мен Квинт Курцийдің дәлелдерін келтірдік. Оның біріншісі Македонскийдің сақтар даласына Самарқаннан аттанып барып, Сырдан өткенін айтса, екіншісі шайқастан соң жараланған қолбасшының Самарқанға төртінші күн дегенде жеткенін айтады. Демек Сырдариядағы өткел Самарқаннан қашық емес. Кейбір авторлардың осы өткелді, тіптен Александрия қаласының өзін де Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына апарып орналастыруын кезінде А.Левшин батыл сынап, Сырдариядан өту үшін бұлай қарай бағыт алған болса құм даламен жарты айлық немесе бір айлық жол екенін айтады. Македонский, әрине, өз әскерін құмға айдамайды, керісінше елді мекені көп, сулы жермен жүруге тырысатыны белгілі. Сондықтан бұл қолбасшының да Сырдариядан өткен жері баяғы Кир патшаның өткен өткелі болса керек. Тек бұл жолы сақтар үш күндік жерге шегініп кеткен жоқ, жауына алғашқы соққыны тура өзеннің жағасында берді. Өзеннен өтіп жатқан македониялықтарға садақ оғын қардай боратты, сонан соң жер жағдайы өздеріне әбден танымал болғандықтан бірде шегініп, бірде ұмтылып, кейбір кезде бүйірінен тиісіп отырды. Дегенмен осы шайқас дәл өзеннің жағасынан әрі жылжымады деу әбестік болар еді. Өзеннен өткен македониялықтар ілгері ұмтылуға тырысатыны анық. Өйткені соңдарынан келе жатқан қосындары сол өзеннен жайбарақат өтуі керек. Артынып-тартынып келе жатқан қосымша лектің сақадай сай тұрған жауынгерлері қардай бораған жебенің астында өтуі мүмкін емес. Ал сақтар болса бұл шайқастың тек өзен жағасында ғана аяқтала қоймайтынын жақсы түсінеді. Олар үшін жер ыңғайына қарай шегіне соғысу тиімді. Оның үстіне осы жерде біз Т.Жұртбаевтың кітабында келтірілген дерекке сілтеме жасап көрейік. Автор өз кітабында Македонский өзінің әскери Ордасын Ванкент қаласында орналастырды дейді де, оны қазіргі Ходжент қаласының маңынан іздеуді меңзейді. Біздіңше бұл дұрыс емес. Автордың Ванкент деп отырғаны Бенакент (кейбір деректерде Бинакент, Фенакент) қаласы болу керек. Бұл Сырдариядан өткеннен кейін әудем жерге орналасқан қазіргі Шыназ (Шахрухия) қаласы. Македонский өзеннен өткеннен кейін қол астындағы қыруар әскерді басқару үшін әскери орда (штаб) құруы қажет қой. Оның үстіне македондықтар өзеннен бері өте салып, сол замат ары өтіп, кейін кетпеген. Македонский нақ осы шайқаста бірінші рет жарақаттанып, бірнеше күн шатырынан шықпай жатып алған. Ал бұл кезде сақтардың тек қана көшпенді өмір сүрмей отырықшылықпен айналысатын тобы болғанын жоғарыда Квинт Курций шығармасындағы мына бір жолдар айқындайды: «Сақтар аспандағы сұңқар сияқты. Яксарттар күніне жүз рет ары-бері кесіп өтсе де өз еркі. Өйткені, бұл біздің отанымыз! Сенің отаныңа біз қиянат жасағамыз жоқ. Біліп қой: Тәңірім бізге өгіздің мойынтұрығын, соқаны, найзаны, жебені және тостағанды сыйлады. Өгіздің күшімен еккен дәнімізді достарымызбен бөлісеміз, тәңірімізге мінажат етіп, тостағанымыздағы шарапты соларға құйып береміз. Ал жебемен жауымызды жайратамыз, жақындаса найзамызды шаншимыз». Демек, сақтар егіншілікпен айналысатын жер негізінен Қазақстаннның оңтүстігі, ал мына айтылып отырған оқиғаларға келетін болсақ және де Келес өңірі, Шыршық, Өгем, Бадам, Арыс өзендерінің аңғарлары. Отырықшылық болған соң қаланың да жұрнағы болуы әбден ықтимал. Ал осы Македонский заманынан екі жүз жылдан кейін осы аймаққа келген қытай жиһанкездері мұнда егіншілігі де, көшпенділігі де, қалалары мен кенттері де бар, қол өнері де өркендеген Кангюй мемлекеті болғанын көздерімен көрген. Македонскиймен шайқасқан сақ көсемдері мен қолбасшыларының есімдерін біз Жұртбаев кітабынан келтірейік: Ұлы кеңестің биі Тамыр, қолбасшы Ботақан, Күдіре батыр, Садырақ батыр, жау тылында әрекет жасаған Сыпатай батыр (Спитамен). Спитамен жөнінде бірер сөз В.Ян кітабы бойынша оның әкесі соғды, шешесі сақ қызы. Өмір талқысымен әкесін іздеп Афинаға да барған, Македонскийдің соғыс тактикасын да жақсы меңгерген. Соңынан елінің азаттығы үшін күрескен батыр Македонский қолы Сырдариядан өтіп, сақтармен шайқасып жатқанда Спитамен (қазақ жазушылары Сыпатай деп атап жүр) қол жинап, Самарқанға шабуыл жасайды. Осындағы македониялықтарды қаладан қуып шығып, өзендегі аралды паналауды мақсат етіп барған жерлерінде жойып жіберген (шамасы, Зеравшан өзенінде болса керек). Ол жауларымен үш жыл бойы шайқасқан. Шайқасқанда қазіргі тілмен айтқанда партизан соғысын ұйымдастырған. Солай бола тұрса да ол Македонскийдің ең таңдаулы әскербасы Фарнухтың жасағының күл-талқанын шығарған. Осы бір елін қорғаған патриот жөніндегі деректерге жүгінетін болсақ академик В.Струбе «Кавказ бен Орта Азия жөніндегі дерекнамалар» деген кітабында былай деп жазған екен: «Александр Македонскийге қарсы соғыста Орта Азия халқының бостандығын сақтап қалған Спитаменнің соңғы жорығы туралы Аррианның әңгімесіндегі оқиға сақтардың Ұлы Ордасы орналасқан кең даланың құпия сырын толық ашып береді. Спитамен соғдианаға жасырын өтіп кетіп, македониялықтарға соққы бергісі келді, ал Спитаменнің шабуылынан сескенген Александр Соғдианада қыстап қалды» (65-бет). Міне, дүниені түгел билесем деген қолбасшының сақ жеріне келіп қайтуының сыры осылай. Ал сол шайқас қай тұста өтті деген сұраққа жоғарыда айтылған әңгімелердің бәрін жүйелеп көрген зерделі оқырманның өзі-ақ тұжырым жасауына болады. Бұл тұс және де Келес өңірі, қасиетті Қазығұрттың маңы, Қазығұртты айтқанда біз барлық оқиғаны сол бір таудың іргесіне апарып тіреп қоюдан аулақпыз – бүкіл Қазығұрт өңірін қоса айтып отырмыз. Осылайша қазақ даласының және бір жойқын апаттан аман қалғанына қасиетті Қазығұрт куә. Осы жерде және бір айта кететін нәрсе – Қазығұрт аймағындағы Ескендірдің атына байланысты айтылатын «Ескендір төбесі», «Ескендір көпірі» сияқты атаумен аталатын орындардың барлығы. Шымған тауының маңында Ескендір деп аталатын ауыл да бар. Белгілі қазақ мәдениеттанушысы, әдебиеттанушысы Мекемтас Мырзахметұлының еңбегінде келтірілген Оңтүстік Қазақстан аймағында қыздардың жігіттерді сынағанда айтатын «Ескендір тауға шықтың ба?» деп басталатын жыр үлгілерінің сақталғанын мысалға келтіреді. Бұл да тұжырымдардың бір нышаны. Ал сол көне дәуірде сақтардың «Ұлы Ордасы» деп аталатын орыны Қазығұрт төбесіндегі жазықта әлі күнге дейін «Орда қонған» деп аталатын орын болуы әбден мүмкін. Қамалға айналдырылған қорғаныс орындары – Өгем шатқалындағы ескі қаланың орны. Македония елінің негізін қалаған
Аррианның жазбалары бойынша жеңістен жеңіске жеткен Македонский сол даңқтың буына мас болып, тек қана даңқ қосу үшін сақтарға жасаған жорығын Мараканда (Самарқан) қаласынан бастаған.
Квинт Курций өз жазбаларында жарақат алған Македонскийдің өзен бойынан аттанып Самарқан қаласына төртінші күнде жеткенін айтады (осы қашықтық Сырдарияның Шыназ төңірегіндегі өткелінен Самарқанға дейінгі қашықтықты меңзеп тұр).
Нақ осы Квинт Курцийдің тарихи поэмасындағы скиф елшілерінің (Левшин атауы) Македонскийге айтқан сөздерінен олардың елдерінің де, ордасының да қайда жатқанын анық меңзеуге болады. - Сақтардың ұлы қолбасшысы Томирис
- Геродоттың жазуы мүмкін немесе Помпей Трог
- Бұны білмейтін қазақ емес шығар Керей мен Жәнібек құрған
- Бұл Бумын