осы жерден Қазақстанның ең көп ақша табатын жұлдыздарын көре алсың
Ал қазақстанның ең көп ақша табатын жұлдыз Мейрамбек ағамы
Әлемдегі бай әнші
Америкалық Forbes журналы сейсенбі күні жоғары ақылы музыканттардың жыл сайынғы тізімін жариялады. Оның нұсқасы бойынша, бірінші орынды поп-жұлдыз Мадонна (суретте) еншіледі. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Журналдың мәліметіне сай, 55 жасар Мадонна өткен жылдың маусымынан биылғы маусымға дейін 125 млн. доллар қаржы тауыпты. Әнші өзінің негізгі табыс көзін «MDNA» атты әлемдік турнеден, сондай-ақ киімдер мен әтірлер сатумен айналысатын өз желісінен тапқан. «Мадонна өзінің «Материалды қыз» деген лақап атын толығымен ақтады», – деп атап өтеді Forbes.
Рейтингте екінші орында 27 жастағы эпатажды поп-жұлдыз Леди Гага тұр. Оның жылдық табысы 80 млн. долларды құрапты. Әнші жылдың басында жарақат алып қалуына байланысты өзінің «Born This Way Ball» атты әлемдік турнеге қатысуын тоқтатуға мәжбүр болған. «Әйтпесе, табысы бұдан жоғары болатын еді», деп жазады «Форбс». Бұған қоса, Леди Гаганың «ARTPOP» атты альбомын сатудан түскен ақшасы есепке алынбаған. Себебі, ол 2013 жылғы маусым айынан кейін шығарылған. Демек, оның пайдасы келесі жылғы есепке қосылады.
Үштікті жыл көлемінде 79 млн. доллар ақшаға қол жеткізген рок-музыкант Джон Бон Джови тиянақтайды.
Айта кету керек, бұл тізімге тек тірі музыканттар ғана енгізілген. Ал өлі өнер шеберлері арасында «поп-музыка королі» Майкл Джексоннан озатыны жоқ. Forbes-тің болжамы бойынша, өлгендердің арасында ең бай муызкант болып табылатын оның табысы тіпті тірі әріптестерінен де әлдеқайда асып кеткен. Әншінің мұрагерлері жыл ішінде оның атымен 160 млн. доллар ақша тауыпты. Журналдың бағамынша, әнші «табысының» басым бөлігі Канада циркінің «Сирк дю солей» /Сirque du Soleil/ – «Өлмес әлемдік тур» /Michael Jackson: The Immortal World Tour/ және «Жалғыз» /One/ деп аталатын туындылары әкелген. Сондай-ақ жалпы табысқа әлемдегі аса ірі музыка жазатын компаниялардың бірі – «Сони/Эй-ти-ви» /Sony/ATV/ акцияларының 50 пайыздық мөлшерінің қосқан үлесі де аз болмаған.