Есімімді қалай өзгерте аламын?! Өзгерткім келеді! Қате жазылып кеткен! Өтінемін!!!!!!!!!
Жоқ өкінішке орай есіміңді өзгерте алмайсың.Ондай мүмкіндік қарастырылмаған
Кез келген Қазақстан Республикасының азаматы өзінің атын немесе тегін (фамилиясын) өзгерте алады. Ол үшін ЦОН-ға немесе әділет (юстиция) басқармасына барып, сондағы мамандармен кеңесу керек.
Өзгерте аласыз. ОЛ үшін сіз АХАЖ бөліміне туу туралы куәлігіңіз бен жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып барып, тегіңізді, атыңызды немесе әкеңіздің атын өзгерткіңіз келетініңіз туралы арыз жазасыз. Санаулы күндерден соң олар сізге қалауыз бойынша өзгертілген жаңа туу туралы куәлік пен аты-жөніңізді ауыстырғандығыңыз туралы анықтама береді. Осылар арқылы сіз жаңа өзгертілген есіммен жаңа құжат ала апасыз.
Аты-жөнді өзгертуге ең қолайлы кездер, бірінші жеке куәлік алғанда және екінші 25ке толып, жеке куәлік ауыстырған кезде. Жеке куәлік алмағандарға тіпті оңай, АХАТ бөліміне барып туу туралы куәлігін өзгерте салады.