Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.
Эволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекуладеңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістерболып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция). Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, Эволюцияның қарапайым факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың Эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу). Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады.
Эволюция ұғымы, оның бағыттары[өңдеу]
Эволюция ұғымы, оның бағыттары. Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:
1. Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.
2. Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.
3. Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.
4. Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі. Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.
Сендерге ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан мәлім. Сендер тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келгені туралы бұрыннан білесіңдер. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер), үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені туралы да сендерге мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып қалғаи жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан өлдеқайда жас. Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың езі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.
Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте дамуы сол факторларға тәуелді болады.
Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды. Биологиялық алға басу (прогресс) дегеніміз - дарақтар санының, жүйеленген. сан алуандыцтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мөселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.
Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.
Мәселен, тірі ағзалар тобы, әр түрлі уақыт аралығында биологиялық алға басу ретінде де, биологиялық кері кету ретінде де өмір сүре алады. Жорғалаушылар мезозой дәуірінде үстемдік етсе де, соңынан сүтқоректілерге, бунакденелілер мен құстарға орын берді. Алға басу үдерісінің жолдары да әр түрлі болады. Ағзалардың біреуі жоғары сатыға көтеріліп, бұрынғысынан күрделілене түседі. Сөйтіп құстар мен сүтқоректілер де биологиялық алға басуға жетті. Ал оған керісінше, езге ағзалар қарапайымдалып, бірсыпыра маңызды мүшелерін жоғалтты. Бұл түрлер паразиттік жолмен тіршілік ете бастағанда байкалады. Кейбір құрттар (эхинококк (жылауық), ішексорғы (аскарида) және т.б. және бунакденелілер (бітелер, көдімгі және төсек кандалалары) осындай жолдан өтті.
Бізге органикалық өлемнің 5 - 6 миллион жылдардан кейін қандай болатыны, сондай-ақ ол сол қалпында сақталып қала ма, жоқ па беймәлім. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашкан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды.
Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы[өңдеу]
Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы. Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері (предшественник) деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы ғалымның жолы болды. Оның «Табиғат жүйесі» еңбегі 1735 жылы жарыққа шығьш, К. Линнейді дүниежүзілік даңққа беледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудід негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: «Ботаника философиясы» кейінірек жарық көрді. К. Линней ағзалардың косарланған атауын - қосарлы атаутізімді ғылымға енгізді. Бұл екі сез, оның біреуі сын есім - түрді, екіншісі зат есім - туысты белгілейді. Мәселен, үлкен жолжелкен және қандауыртөріздес жолжелкен бір туысқа - жолжелкен туыстасқа жатады. Бұл дүние жүзі ғалымдарыньщ бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік берді. Линнейдің тағы бір еңбегі, ол «түр» ұғымын айқын қисындап мазмұндады және оның анықтамасын морфологиялык өлшем негізінде, яғни сыртқы және ішкі құрылысының ұқсастығы бойынша жетілдірді. К. Линней адамды адамтәріздес маймылға (құрылысының ұқсастығын басшылыкка алып) жатқызса да эволюцияның болу мүмкіндігін ойламады. Линней: «жүйедегі жақындық қандас туыстыкты білдірмейді» деді. К. Линней эволюция мәселелерімен шұғылданған жоқ. Ол идеалист, метафизик болды, сондай-ақ «жаратылған күннен бастап» тіршіліктің езгермейтініне сенді. Линнейдін, сыртқы ұқсастыққа ғана негізделген жүйесінде толып жатқан қателіктер болды және кәбі жасанды еді. Алайда соның өзі өз заманы үшін ең жақсысы болғандықтан, Карл Линней ғылым тарихына жуйелеу атасы ретінде енді.
Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы[өңдеу]
Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Биологияда XVII ғасырдын, өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тірліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы түтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі біюлогияда эволюциялың тірсініктердің басымдыығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.
Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едөуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға (жөндіктерге) бөлді. Жөндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бакалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және кантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды. Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі езгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінін, қай жаққа өзгеруі қажеттіғін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Табиғи жағдайлардың езгеруімен бірге тірі ағзалар да езгереді. Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.
Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк өте діншіл адам болды. Оның ігікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбірі тірі ағзаныд бойына жетілуге ұмтылуды, жаксырақ болуға ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғаньш ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін кұтан өз аяғын сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырьш алады. Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз үзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып, ұрпак берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машыктанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мелшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми коғамдастық кенднен мойындамаса да, шынында төңкеріс жасағаньш естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына қарамастан, құдайға тіл тигізген сиякты көрінді.
Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі