Азаматтығы жоқ адам.
Мұндай адамдарды ғылым тілінде апатрид деп атайды. Яғни «азаматтығы жоқ тұлға». Адамдар әртүрлі жолдармен апатрид атанады. Мәселен, сіз келтірген мысалдағыдай заңсыз туылған болса немесе мемлекет шешімімен азаматтығынан айырылса (бұл көбіне саяси жағдайға байланысты болуы мүмкін), мемлекет ұсынған артық мүмкіндіктерді жоғалтып алған жағдайда (мәселен, неке қатынасы жолымен алынған азаматтық), азаматтықтан өз еркімен бас тартқан болса. Халықаралық қатынаста апатридтердің статусы жөніндегі арнайы конвенция бар. Осыған сәйкес, апатрид тұлғалар ел ішінде мемлекет белгілеп берген мерзімге дейін уақытша тұрақтай алады. Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да апатридтердің құқы уақытша жүрген шетелдіктердің құқымен бірдей. Олар мемлекеттен өздерінің азаматтығы жоқ екендігін куәландыратын құжат ала алады. Тарихта азаматтықсыз жүрген әйгілі тұлғалар жетіп-артылады. Солардың бірі – Альберт Эйнштейн, Карл Маркс, Фридрих Ницше.