Динозаврлар туралы ақпарат беріңдерші.
Динозаврлар – 160 миллионға жуық жылдар бойы (225 миллион жыл бұрынғы кезден бастап, 65миллион жыл бұрынғы кезге дейін) Жер бетіндегі ең басым жануарлар болды. Алып динозаврлар жануарлардың барлық кезеңдегі ең ірілері болды және олар көлемі жағынан пілдерден біраз асып түсетін. Ерте кездегі ұшатын бауырымен жорғалаушылар (рептилиялар) аспанға көтерілетін ең үлкен жануарлар болды. Жер үсті алыптарынан өзге мұхитта да құбыжық (монстр) жорғалаушылар өмір сүрді. Динозаврлар (Dіnosaurіa) – мезозой дәуірінде тіршілік еткен бауырымен жорғалаушы жануарлар; архозаврлар класының бір тармағына жатады. Дене тұрқы 20 см-ден 35 м-ге дейін. Динозаврдың қаңқа сүйектері алғаш рет 19 ғ-да Англия, одан соң Канададан, ал Қазақстан Арал маңынан, Оңтүстік Қазақстанда (Әлімтау, Қазығұрт, т.б.) табылған.
Толығырақ мына жерден көре аласыз http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%B7%D0%B0%D0%B2%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80
128k сұрақ
322k жауап
153k пікір
72.7k қолданушы