Кітап оқығанды ұнатасыз ба? [жабық]

+14 дауыс
4.6k қаралым
1. Қадай жанрдағы кітаптарды оқисыз?

2. Кітапты қаншалықты  жиі оқисыз?

3. Қоғамдық кітапханаларға жиі барасыз ба?
Сұрақтың жабылу себебі: Мәнсіз сұрақ!
• Санаты: Кітап, Әдебиет

39 жауап

+18 дауыс
Мен мектептегі әдебиет Қаз тарих т.б осындай сияқты пәндерді оқимын ал былайша сабақтан бөлек кітап оқымаймын

Кітап оқудың интернетте отырғаннан гөрі пайдасы зор. Мектеп программасының кітаптарын барлығы да оқиды. Сіз тек мектеп оқулықтарын оқитын болсаңыз ой-өрісіңіз дамымай қалады ғой.

Кітаптың жанрына қарамаймын. Әсіресе, демалыс уақыттарында оқығанды ұнатамын.Жақында оқығандарым: Ж.Аймауытов "Ақбілек", Ш.Мұртаза "Қызыл Жебе"(1;2; және ""Жұлдыз көпір";"Қыл көпір" кітаптары), Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романдарын оқыдым.Енді "Абай жолын" оқысам деймін
+21 дауыс

 

Я бұрын интернет жоқ болған кезде оқитын едім.Бердібек Соқпақбаевтың " Менің атым Қожа" "Жекпе-жек "деген шығармалары тамаша жазылған.Және ақын-жазушылардың әсіресе "Соғыс" туралы жазған әңгімелері мен шығармалары және т.б оқығанды жақсы көрем.
+22 дауыс
1. Сонгы кезде қазақ классиктерін қайталап оқып жатырмын. Б.Майлин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов жіне Қ.Жұмаділовтың кітаптарын толык тауыстым.

2. Өзім кітап жинап жатырмын. Бір кітапты орташа қолым бос болса бір күнде бітіремін.

3.Аудандық кітапхананын кітаптарынын біразын оқыдым. Өте жиі бармаймын, себебі сол кітаптарды өзім сатып аламын.
+18 дауыс
Кiтап оқығанды қатты ұнатамын!!!
1. Фантастикалық, романтикалық.
2. Бос уақытта.
3. Орталық кiтапхана, 16 кiтапханаға барамын кiтап алуға=))
+18 дауыс
кітап оқығанды керемет ұнатамын басқа бір әлемге кіріп кетесін өзіңе ұқсас мінезді адамдарды кездестіресіз
1.көбіне  әнгіме хикая жанрға мән бермеймін
2жиі оқимын...газет журналдан қосымша керегімді аламын ұзақ әнгімелерді ұнатамын
3қалалық,мектепшілік кітапханалардың тұрақты оқырманымын
+18 дауыс
Бала кезімнің бір бөлігі саналып кеткен Сайын Мұратбековтың "Қалың қар" романын қазіргі уақытта қайта оқығым келіп жүр...
Не туралы еді? Қайта оқығыңыз келгеніне қарағанда қызықты-ақ шығар?
+14 дауыс
әрине! әсіресе тарихи кітаптарды!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
+14 дауыс
Бұрындары бас алмай оқитын едім,қазір оншалықты емес.Қазақ классиктерін түгелге жуық оқыдым,шетел жазушыларынан да аз оқымадым.Өз бибдиотекам бар 2000 нан аса кітаптарым бар,негізгі байлығым да солар.Қонақтарыма кітаптарымды көрсетіп мақтанамын.100 жылдан аса өмірі бар бірнеше кітаптарым бар.
Керемет! )
+11 дауыс
Кітап оқымасам ішкен асым бойыма тарамайды, кітапханадан кітапхана қоғаным жоқ. Енді бір ел естіп-көрмеген кітапты қолға түсірсем деп армандаймын....
Аты-жөнін білсек қолыңа түспесе де шамамыз келіп жатса қолыңа ұстап оқып шығуыңа себепкер боп қалармыз.
Соңғы оқыған кітабым...М.Д.Товаровскийдің

 "Физкультура и спорт". 1948г.

Осы кітаптың бір қызығы,Атамнан қалған үйде жүргенде тауып алдым...Ішін ақтара келе бұл кітапта көбінесе футбол туралы айтылады өте қызықты кітап!!!
+11 дауыс
Сұраққа жауабы сай келмеседе жауап бергім келіп тұр. Бүгін 05.12.11 бірінші рет қолға кітап алып аяғына дейін оқуға бел байладым. Ол бақытты кітаптың аты "Махаббат, қызық мол жылдар".
Әзілхан Нұршайықов атаңның кітәбі,басты кейіпкері Меңтай менің жерлесім.Өткен ғасырдың 70-жылдарының жастары жастанып жатып оқыған.Керемет шығарма,оқысаң өкінбейсің деп ойлаймын.
Сіз мақтағасын міндетті түрде оқим.
+10 дауыс
1. барлық десе де болады, өзім кішкетайымда тек қазақ жазушыларының кітаптарын оқитынмын қазір тек Джек Лондон, Луй Буссенар және т.б. жазушылардың шығармаларын оқып жүрмін
2. Айына 1-2 кітап, одан көп емес
3. аптасына 2-3 рет себебі үйіме жақын керек мағұлматтарды табуға ыңғайлы
+1 дауыс
Тек сабақ кітаптарын оқимын, оны да әрең-әрең.))
Белгісіз
+3 дауыс
1. Тарихи және махаббат тралы кітаптар оқимын.
2. Кітап оқу менің негізгі хоббиім десе де болады.
3. Ия жиі барамын.
+3 дауыс
Менде кез келген жанрдағы кітаптарды оқимын.Күніне 1 ары кетсе 2 сағатымды ғана бөле аламын.Жиі жиі барып тұрамын,ондағы апайлар мен барсам қуана қарсы алады,қоғамдық шаруаларынада ат салысам.Сондағы бiр апаймен доста болып алдым.:P
Белгісіз
+2 дауыс
1. Техникалық әдебиет, әлеуметтік фэнтези, мемуар, биография, соңғы кезде психология. Негізі кез-келген қызықтырған кітапты оқи беремін.
2. Ұйықтар алдында. Техникалық әдебиетті керек болған кезде :)
3. Кітапханада тек лекция жазамын немесе интернетте отырамын. Ал кітаптарды интернеттен скачать етіп алып, телефоннан оқимын.
Ох, көзіңізге аса қиын шығар (

Ұқсас сұрақтар

+5 дауыс
29 жауап
+1 дауыс
14 жауап
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы