+14 дауыс
4.6k көрілді
1. Қадай жанрдағы кітаптарды оқисыз?

2. Кітапты қаншалықты  жиі оқисыз?

3. Қоғамдық кітапханаларға жиі барасыз ба?
Сұрақтың жабылу себебі: Мәнсіз сұрақ!

39 жауап

+25 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Кез келген жанрдағы кітапты оқи беремін десем де болады.

Қазақ әдебиетінің әйгілі романдарын тауыспайынша шетел әдебиетіне көшпеймін деуші едім. Болмады. Айтматовтың "Боранды бекетінен" кейін Кобо Абэнің "Құм құрсауындағы әйелін" оқып жатырмын. Соңғы оқыған қазақша романым - "Ақ боз үй". Авторы - Смағұл Елубай.

2. Көп оқимын. Өте көп оқушы едім...

3. Біздің үйге қонақ болып кетіңізші... кітапхана ғой. smiley

Маған керек кітаптар біз жақта жоқ.
+25 дауыс
Керсінше оқып шығайын. Қоғамдық кітапханаға қызжармен танысу үшін барамын. Кітаптан көрі газет журнал көп оқимын. Маған жас балдарға арналған кітаптарды оқимын. Қазақтың балалар жазушысы - Бердібек Соқпақбаев тың кітаптарын. Және Ғабит Мүсіреповтың кітабын оқып өстім.
+26 дауыс
1. Мектепте жүргенде әртүрлі оқитынмын,қазір көбіне детектив,әйелдер романдары

2.Жиі оқимын

3. Бармағалы  қашаааан...
+26 дауыс
1.  Бұрын детектив оқитын едім, қазір психолгияға көштім

2. Жиі оқимын

3. Кітапты сатып алып оқимын
+25 дауыс
мен шынымды айтайын. кітап аз оқимын, оқымаймын десем де болады. кітапханаға бармаймын. бірақ бастайындеп жжүрм
+24 дауыс
Мен тарихи кітаптарды оқимын,жиі оқимын.Поэзияны да оқимын,әсіресе Мақатаевты қайта қайта.Жұлдыздар отбасы,Аңыз адам журналын,газеттер оқимын.Соқпақбаев,ең сүйікті жазушым.Өзім кітапханада 8 сағат жұмыстамын,байқайтыным жастар көркем әдебиет оқымайды,көбіне оқу залына және интернет залға келеді,сабақтары үшін.Реферат,курстық жұмыстарын түгел біз жазып береміз,әрине,ақылы түрде.Интернеттен керекті тақырыптарын таба алмайды.
+23 дауыс
Мен Бердібектің шығармаларын оқып өстім. Қазір негізінен Сандра Браунның шығармаларын қызыға оқып жүрмін. Ал қоғамдық кітапханаға соңғы рет осыдан 3 жыл бұрын барған екем... бірақ, бұл менің осыншама уақыттан бері кітап парақтамағанымның белгісі емес.
+23 дауыс

1. Ғашықтар, Махаббат туралы, қызықты әңгімелер

2. Универде оқып жургенімде сол сабағымды оқымасамда, кітапханадан әдеби кітаптар алып, көп оқитынмын....

3. қазір уақыт жоқ онда баратын.

+23 дауыс
мен романдарды сүйіп оқимын,кунде оқудан келген соң,сабағымды қараған соң кітап оқимын,Қазір "Абай жолының" орысшасын оқып жатырмын.Жазда Мұқан Иманжановтың кітаптарын оқыдым.Баубек Бұлқышевтің шығармаларымен біраз тасыспын.Әсіресе "Шығыс ұлына хат" дегенді бірнеше рет қайталап оқыдым.Ал кітапханалар болса,мектептің кітапханасына ғана және сабаққа керек материалдар инетернетте болмаса,басқа да кітапханаларға барамын.
+23 дауыс
студент кезімде кітапханадан шықпайтынмын қазір интернеттен шықпаймын
+19 дауыс
1. Көркем әдебиет

2. Күнделікті оқимын.

3. Үйде оқитын кітаптар болғандықтан, айына 3-4 рет.
+21 дауыс

1. Кез-келген жанрдағы.

2. Жиі оқимын.

3. Жиі барушы едім, қазір сатып аламын.

+22 дауыс

Жанрына онша қарамаймын. Бастысы, оқиға жақсы өрбіп, өзіне қызықтыра білсе болғаны. Кітапты жиі оқимын деп айта аламын. Осы уақытқа дейін оқыған кітаптарымның саны 30 асады. Нақты санын білмеймін. Кітапханаға тек кітап сатып алуға ғана барамын. Оған туу туралы куәлік өткізіп, жұмысты көбейткім келмейді.

Ең алғаш оқыған кітабым 4 сыныпта Бердібек Сокпақбаевтың  "Менің атым Қожа" повесті еді. Сол кітапты қазір көріп қалсам қайтадан оқи саламын. Қай жерінен оқысам да түсініп кетемін. Жаттап алғанмын.

+22 дауыс
1.Көбіне махаббат туралы оқимын , анда-санда қазіргі уақытта шыққан кітаптар мен газет-журналдарға көңіл бөлем

2.Бос уақытымның көбін кітап оқумен  өткізем

3.Аптасына кем дегенде бір рет
+19 дауыс
Мен Ислам діңі және Аллах тағала туралы кітаптар оқимын
...