0 дауыс
948 көрілді

Мен оқуға түскен кезімде бір жігітті көріп, бір көргеннен ғашық болып қалдым. Ол әдемііі деп те айта алмаймын. Қай жеріне ғашық екенімді де түсінбеймін. Мен өзім шыдамсыздау болғандықтан оған сезімімді білдіріп қойдым. Содан ол маған көптеген жаманшылық жасады. Группаластарыма сөз салып жүріп кетті. Менімен жатақханада бір бөлмеде тұрған қызды да алдап пайдаланып кетті. Мен жайлы біршама жаман әңгімелер таратты. Мен оны ұмыту үшін тағы не сұмдық көруім керек деп түсіне алмай жүрмін. Не істесем де ұмыта алар емеспін, көмек берсеңіздер?

5 жауап

+2 дауыс

Махаббат ұлы сезім. Бірақ оны аяққа таптап, пәк сезімді ластаушылар да болады. Әлгі жігіт сірә сондай адамдар қатарынан. Оған егер соншалықты ғашық болсаңыз ол сезімді жою мүмкін емес. Бірақ сіз оны көрген кезде оған назар аудармаңыз, тіпті оның өзіңізге ұнайтынын мүлде байқатпаңыз. Жалпылама айтқанда тіпті оны көрмеуге тырысқаныңыз жөн болар. Ол туралы мүлде ойламаңыз. Өзіңіздің бос уақыттарыңызды әртүрлі өзіңіз ұнататын істерге арнаңыз.Уақыт өте келе басқа өзіңізге лайық жанды кездестірерсіз деп үміттенемін.

+3 дауыс

Сіз ең қатты ұмытқыңыз келген нәрсені ешқашан ұмыта алмайсыз. Себебі, "ұмытуым керек" деген ойдың өзі оны әрдайым еске салатын болады. 

【Чак Паланик】

+4 дауыс

Қызға ең бірінші сабыр керек болмақ.Жүрек үні қалай соқса да,қыз жаратылысы ерек болғандықтан,нәпсіге ермеген жөн.Алғаш қателікті өзіңізден көрген абзал.Барлығы өзіңіздің қолыңызда тұр.Енді жүректі емес,ақылды тыңдап іс жасаңыз.Жамандық жасаған жандардың күнәларына Алланың өзі жазасын береді.Бірақ,сіз адамды жаман деп айта көрмеңіз.Ол адамға деген сізде ашу көбірек.Ұмыту қиын деп айтқан адамның өзі емеспе?Егер осы сөз айтылатын кезде,бір адам ұмыту оңай деген де,біз қазір оны оңай деп жүретін едік.Ұмыта алмаймын деп ойлайсыз.Өзіңізді іштей ұмытуға көндірсеңіз,ұмыта аласыз.Айналаға қараңыз.Ешнәрсе тоқтап қалған жоқ.Бәрі жалғасуда.Бір адам дүние келсе де,енді бірі кетсе де,жаңалықтар ашылып жатса да өмір тоқтап қалмайды.Сіз секілді ғашықпын дегендер қаншама,ұмыта алмай жүргендер қаншама?Адам жақсылықты оңай ұмытады.Ал жамандықты көкейінде сақтап жүреді.Ұмытуды қаласаңыз,ол жанды кешіріңіз,жақсы деп біліңіз.Ең ғажап түс те,ең сұмдық түс те ұмытылады.Оны түс деп біліңіз.Тіпті ең жақын жанынан айырылған адамдар,қанша жыласада өз тіршілігін жасап,ұмыт етеді.Кейде есіне салып отырғаны болмаса...Ұмыту үшін басқа іспен айналысы берудің қажеті жоқ.Ойлайтын бос уақыт  табылады.Сол үшін ұмыттым деген сөзге өзіңізді сендіріңіз.Кейіннен істі бастаңыз.Бұл істі бір сабақ деп біліңіз.Ақылды болыңыз.Сезімді қаншалықты жасыра білсеңіз,қадірлі болмақ.Жігітке бірінші сезімді білдірмей,сабырлы болуды үйреніңіз.Қыз біреуді сүйсе,оны өзіне ғашық ете алады.Бірақ олай жасамайтын тұрып,алғаш білдіру қателік.Кейіннен ешкімге реніш білдірудің қажеті жоқ...Жан дүниеңіз жақсы болсын десеңіз,жамандықты тез ұмыта біліңіз...

мынау бір кітап болды)
кітапты сағынған шығарсыз)
пікіріңізге рахмет
0 дауыс

оны ұмытудың бір ақ амалы бар ол басқа жанды ұнату.егер өміріңде басқа жігіт пайда болса сол адам ұмыттырады .бір жігіттен көңілім қалды бәрі сондай деп ойлауға болмайды.басқа жігіттерге мүмкіндік бер .

0 дауыс

Онда сен ол жігітті ұмытпа)))

...