Менің шашымда қайызғақ көп сол қайызғақтарды қалай кетіремін. Шашым тап-таза болғанын қалаймын. Басымды жусамда кетпейді. Қайызғақты қалай кетіруге болады.
Низорал сусабыны бар. Өзім осының жолын тапқандаймын, жақында Сульсена 2% пастасы шампунымен бірге пастасын қолдандым, нәтиже береді, шаш қайызғақтанбайды. Дәріханаларда сатылады. Бұл жарнама емес, мен де сіз сияқты қайызғақпен күресу жолын іздеп жүрген адаммын десем болады. Осы да нақты жазылған, қарап көріңіз: http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/14334?rates=up
Қайызғаққа қарсы дәріханаларда Себопирокс-911 деген шампунь болады.Жақсы көмектеседі деп естігем.
Осы сұрақ бірнеше рет берілді,осы сайтта.Қайызғақ- ол бастың терісінің бүлінуінен болады,сондықтан басыңызды өте ыстық суға жумағаныңыз жақсы,сосын бас жуғанда басыңызды тырнағыңызбен тырналамай,саусақтарыңыздың ұшымен ақырын массаж жасағандай етіп уқалаңыз,қайызғаққа қарсы шампуньмен.