0 дауыс
2.5k көрілді

Ертеде қай металды аспаннан түскен деп есептеген ? Оның себебі неде ?

1 жауап

0 дауыс

Мына жерден қарап көрші. Бұл жерде темірді айтыпты.

Темір (Fe) периодтық жүйенің VIII тобының химиялық элементі.
Ауада қышқылданып тот басады. Табиғатта тарау бойынша темір IV орын алады; 300-ге шама минералдарды құрайды. Металл өнімдерінің 95% темір және көміртек, одан басқа элементтердің құймасы болып табылады.
Темір (ағыл.Iron, франц.Fer, неміс.Eisen) жеті ежелгі металлдардың бірі. Шамамен адам басқа металлдарға қарағанда бірінші метеориттік темірмен танысқан болуы керек, өйткені ол темірді жер теміріне қарағанда оңай тануға болады. Оның құрамында 5 – 30 % дейін никель бар.
Темірдің ежелгі тілдегі атаулары біздің ата – бабамыздың бұрыннан ол металлмен таныс екенін білдіреді. Көп халықтар темірді аспаннан түскен металл деп танысқан болып саналады. Өйткені олар бірінші күмәнсіз метеориттік темірмен танысқан. Ежелгі мысыр елі темірді би – ни – пе атаған (бипинет, коптік бипине) тілме – тіл ол сөз (аспандық руда немесе аспандық металл) деген мағынаны білдіреді. Месопотамияда алғашқы эпохасындағы Урдинастиясы темірді ан – бар (аспандық темір) деп атаған. Эберс (б.э.д 1500 ) папирусында темір туралы 2 мағлұмат бар: бірінші жағдайда Кейзи қаласынан шыққан металл туралы айтылса, басқасында аспанда жасалған металл (арпет) туралы айтқан. Ежелгігректік сонымен қатар солтүстік – кавказдық темірдің аталуы – зидо, латын тілінде сақталып қалған көне сөзбен байланысты, siderous (жұлдызды sidus – жұлдыз, жарқырама). Ежелгі және қазіргі армян тілінде темірді еркат деп атайды, ол аспаннан жауған (құлаған) дегенді білдіреді. 

...