Не қарап жүрсің, дос? Қолынан ұста да, дәрігерге зыт. Сосын, бұл құбылыстың қашаннан бері пайда болғанын анықтауды ұсынамын. Себебі, тез ұсыныс жасап, тез дайын бола қалу күдікті. Нақты фактке көз жеткіз. Егер барлығы рас болса, мойныңмен көтер. Жағдай жоқ деп жүру бұл сылтау ғана. Адамның қолынан бәрі келеді! Жассың, қолыңнан көп шаруа тындыру келеді! Мүмкін бұл өміріңді түбегейлі өзгертуге шақырып тұрған оқиға болар. Таста елдің сөзін, оларға қарасаң өмірің өмір болмайды.
Абай атамыздың мына сөзйн ғана айтқым келеді:
Себе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап!
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап!!!
Датым бар, Өтебойдақ атамыздың мына өлеңін мәңгі есте сақта:
Басыңа күн туғанда он екіден айырылма:
1.Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма;
2.Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырлма;
3.Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;
4.Тіл- кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;
5.Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма;
6.Өзіңді зор,басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма;
7.Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма;
8.Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың- малыңнан айырылма;
9.Ағайын, туыс, дос- жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма;
10.Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма;
11. Пенде жан серігі- бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма;
12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;
(Бұларды жалпы өмірлік серік ет бауырым!)