Мынау Ультра дыбыс
Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады.[1][2]
Ал тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 12—14 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Инфрадыбыстардың әсерінен қорғану жолдарының бірі — дыбысты естілетін жиіліктер аймағына көшіру. Ол үшін әртүрлі құрылғылардың қатаңдығы арттырылады, резонанстьж, камералық сөндіргіштер пайдаланылады.
Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Дыбыстың шағылу құбылысына теңіз тереңдігін өлшеуге арналған құрал — эхолоттың және су астындағы нысаналарды табу үшін қолданылатын сонардың (лат. sound navigation and ranging — "дыбыстық навигация және кашықтықты өлшеу" деген сездерден) құрылысы негізделген. Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады. Кеме табанына орнатылған құралдардың көмегімен белгілі бір бағытта ультрадыбыстар жіберіледі. Бұл дыбыстар теңіз түбінен немесе ізделінді нысанадан шағылып, бір мезеттен кейін кемеге қайта оралады. Кемедегі өте сезімтал аспаптардың көмегімен тіркелетін бұл толқындар электр импульстеріне түрлендіріледі де, экранда, мысалы, сүңгуір кайықтың кескіні пайда болады. Теңіз суындағы дыбыс жылдамдығын және дыбыстың жіберілген мезеті мен қабылданған мезеті арасында өткен уақытты біле отырып, теңіз тереңдігі немесе су астындағы нысанаға дейінгі кашықтық анықталады.
Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді.
Ультрадыбыстық тексеру жолымен сырқат адамның денесіндегі әртүрлі ауытқулар — қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтакталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асырылады.
Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт бойы қабылдауы жүйке жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.
Ультрадыбыстарды дельфиндер, иттер, жарқанаттар және басқа да тіршілік иелері шығарады. Мысалы, жарқанаттың ультрадыбыстық гидролокаторлары адам жасаған ең күшті деп есептелетін радио және гидролокаторлармен салыстырғанда мүлтіксіз жетілген.
Олар ультрадыбыстарды шығару арқылы өзінің, ұшу бағытын және қажетті қорегін таба алады. Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен өлшенеді. Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде. Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық әдістермен алынады. өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады. Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу жиіліктері төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады. Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды. Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар жасуша мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін. Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі: 1) алғашында - вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады; 2) шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы; 3) айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология. Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін. Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды. Емі. Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады. Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса, жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді. Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады. Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі децибелмен өлшенеді. Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде. Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық әдістермен алынады. өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады. Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу жиіліктері төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады. Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды. Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар жасуша мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі. Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін. Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі: 1) алғашында - вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады; 2) шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы; 3) айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология. Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін. Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды. Емі.' Вегетативті полиневрит кезінде емдік шаралар қолданылады. Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтары шешіледі. Ол болмаған кезде немесе ауырсыну синдромы аз айқындылықта болса, жұмыс қабілеті сақталынады. Жиі парестезия немесе ауырсыну сезімдерімен жүретін вегетативті тамырлар немесе сезімталдықтың бұзылуларының айқындылығы кезінде, науқастар ультрадыбыспен байланыстары бар жұмыстардан шектелінеді. Алдын алу шаралары дыбыс қысымының адам ағзасына әсерлерін төмендетуге арналған. Яғни оған ультрадыбыспен қатынаста болатын уақыт ұзақтығының қысқаруы, дистанционды басқаруларды қолдану, электромагниттік толқындардан дыбыстарды шектейтін экрандарды қолданулар, жеке басының қорғаныс заттарын қолдану жатады. Ультрадыбыспен қолдардың байланысын үзу мүмкін болмаған жағдайларда резиналы перчаткаларды қолданады. Құралдардаың шектейтін қол саптары болу керек. Кезеңді түрде 12 айда бір рет, жұмыс басталғаннан кейін алғашқы 36 айда бір рет медициналық қараудан өту керек. Барлық тексерушілерге суықтық сынамасын, вибрациялық сезімталдықтарын тексеру керек. Шеткі тамырлардың ангиоспазмы, Рейно ауруы, облитерирлеуші эндартериит, шеткі жүйке жүйеснің сүлелі аурулары ультрадыбыспен байланыста болатын жұмыстанр үшін медициналық қарсы көрсеткіш болып табылады
Инфра дыбыс туралы мәлімет өте аз екен
Инфрадыбыс(лат. іnfra – төмен, астында) – жиілігі адам еститін дыбыс толқыны жиілігінен төмен (16 Гц-тен төмен) серпімді толқын. Амплитудасы үлкен И-тар жер сілкіну, су асты, жер асты қопарылыстары, қатты дауыл кезінде, цунами толқындарынан, т.б. пайда болады.
Тақырыбы: «Адам ағзасына жанаспалы ультрадыбыс пен инфрадыбыстың әсері»
Мақсаты: Ультрадыбыcтың және инфрадыбыстың адам организіміне әсеріне негізделген патологиялармен студенттерді таныстыру. Оларлың патогенезімен, клиникалық үрдістердің ағымының ерекшелігімен, диагностикасымен, емімен, профилактикасымен, дәрігерлік-еңбек сараптамасының ерекшелігімен таныстыру
Адам организіміне ультрадыбыcтың әсері
Ультрадыбыс өздігінен тербеліспен сипатталады және жұмсақ (газ, сұйық), қатты денелерде таралады. Ол 20кГц жоғары есту табалдырығында өте жоғары жиілікте (120-145 дБ) дыбыстың сезілуі байқалады.
Өндірісте ультрадыбыс көзі – құрал-жабдықтар. Оларда технологиялық процестер техникалық бақылау, өлшеу және қондырғылармен қосарласа жүретін фактор ретінде ультрадыбыстық тербелістер әрдайым болады.
Ультрадыбыстың физико-гигиеналық қасиетін тербеліс жиілігі құрайды. Дыбыс қысымының өлшем бірлігі-децибел (Халықаралық жүйеде ультрадыбыс жиілігі Вт/см2 бірлігімен өлшенеді).
Ультрадыбыстық тербелістердің әсері бойынша механикалық, термиялық және физико-химиялық түрлерін ажыратады. Табиғаттың өзі (тартылу-қысылу) механикалық әсерді қамтыса, механикалық энергияның жылуға айналуы, әсіресе бөліну шегінде (қатты-сұйық) термиялық жоғарлайды. Ультрадыбыстың ерекше қасиеттерінің бірі кавитация (микрокөпіршіктер) түзілуі, оның физико-химиялық әсерін қамтиды. Ультрадыбыстың сұйықтарға, биологиялық тканьдерге 0,3 Вт/см2 жоғары жиілікте тарағанда кавитация туындайды. Тканьдерде кавитация температура, қысым жоғарлағанда, электр заряды, люминисценттік жарқырауда, су молекулаларының ионизациясында, гидроксильді радикал және атомды сутегіне (Н2О = НО+Н) ыдырағанда жүреді. Химиялық тұрғыдан судың ионизделген молекулалары белсенді болғандығымен ультрадыбыстың биологиялық әсерін тудырады. Бұның бәрі клеткалық мембрананың өткізгіштігінің жоғарлауына әкеледі.
Өнеркәсіптің әр түрлі салаларында ультрадыбысты кеңінен пайдаланады: машина жасау, радиотехника, химия және жеңіл өндірістерде. Оны талдау, бақылау және технологиялық процесстерді интенсификациялау мақсатында қолданады. Ультрадыбыстық бақылаудың әдістерінің ішінде ен танымалы дефектоскопия. Сонымен, жоғарғы жиілікті ультрадыбыс көмегімен дәнекерлеу, қазандықтардың жабысуы, әр түрлі өнімдердің сапасын, прокатты, ұста және қысу цехтарын, турбина, ұшақ бөлшектерін тексереді. Төменгі жиілікті ультрадыбыс тербелістерімен механикалық әсер ету арқылы оптикалық шынылардың металл бөлшектерін, керамика өнімдерін жуу және залалсыздандыруда кеңінен пайдаланады.
Ультрадыбысты араласпайтын сұйықтықтардан эмульсия жасағанда қолайлы, гальванотехникада электролиттік процестерді жылдамдатуда, қағаз өндірісінде целлюлозаны ыдыратқанда, медицинада бірқатар ауруларды анықтау, емдеу барысында кеңінен қолданылады.
Ультрадыбыстық тербелістердің қатынасты әсері өндірістік жағдайда өнделіп жатқан құрал-жабдық бөлшегін кезенді ұстағандағыдай ультрадыбыстық диагностика аппаратурасымен жұмыс жасауға болады. Жұмысшылардың организіміне созылмалы немесе кезеңді әсерін тигізгенде орталық және шеткері жүйке жүйесінде, жүрек-тамыр жүйесінде және есту вестибулярлы анализаторларының қызметінің өзгерулеріне әкеледі.
Патогенез. Қатынасты жоғары жиіліктегі ультрадыбыстың биологиялық әсерін зерттеу орталық, шеткері жүйке жүйесі, бас ми қыртысы, гипоталамус, орталық және шеткері вегетативті құрылымдардың сезімталдығын көрсетті. Бұдан ультрадыбыс тербелістерінің жүйке жүйесіне тікелей әсер ету механизмінен басқа, жаңа нейрогуморальды және рефлекторлы өзгерістерге жататын интерорецепторлардың алмасу процестерің, эндокриндік, жүрек-тамыр жүйесі, анализаторлардың бұзылуымен жүретіндігін анықтаған. Ультрадыбыс патологиясының генезінде үлкен орынды клетка мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы клеткадағы репаративті процестердің дамуына ікеледі.
Ультрадыбыс әсері ангиотрофоневроздың дамуына әкеледі. Ультрадыбыстық вегетативті полиневропатияның механизмі рефлекторлы ісерлермен анықталады. Олар гипоталамустың вегетативті ядроларынан, кейін жүйке діңдерінде органикалық өзгерістерге әкеледі. Төменгі және орташа жиіліктегі ультрадыбыстық энергия «ішкі» ортаның өзгерістерін шақырады; тері, гематоэнцефалитикалық барьер өткізгіштігін, клетка мембранасының құрылысын, гидролиз, гликолиз процестерін стимулдейді. Бұның бәрі ультрадыбыстың жағымды қасиеттері ретінде терапевтикалық мақсатта қолдануға мүмкіндік туғызады. Бір жағынан төменгі жиіліктегі ультрадыбыстың ұзақ әсер етуі арнайы еместігімен ерекшеленетін патологияға әкелуі мүмкін.
Клиникалық көрінісі. Сырқаттың ерекше симптомдары стажы жоғары мамандарда кенеттен байқалуы мүмкін. Негізгі шағымдары: әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, жоғары қозғыштық, тітіркену мен сезімталдық. Бұндай белгілер аурудың басында кезеңділікпен сипатталады және жұмысқа қабілеттілігін төмендетеді.
Науқастарды қарағанда эмоциональді лабильдігі және тітіркендігіштігі бірден көңіл аудартады және құрғақ-периостальді рефлекстері жоғарлаған. Вегетативті бұзылыстар: тұрақты қызыл дермографизм, Ромберг қалпында тұралмау, қолды созғанда саусақтарының дірілдеуі. Вегетативті полиневропатия синдромы вегетативті-сенситивті, сирек сенсомоторлы формада жүреді. Қол саусақтары суық, көгерген, дистальді фалангілерінің формалары өзгерген және аздап ісінген. Тенар гипотониясы, гипотенар, бұлшықет күші төмендеген. Тері қабатында ақ дақ симптомы он.
Ультрадыбыстың әсеріне байланысты вегетативті полиневропатияның маңызды симптомдары сезімталдықтың бұзылуы. Көбінесе ауырсыну, температура және тактильді сезімдер зақымдалады. Сезімталдықтың бұзылуы дистальді гипалгезия түрінде өтеді. Кейде діріл сезімі біртіндеп анықталады және ауыршандық сезімі нашар байқалады. Вегетативті полиневропатия вегетативті-тамырлы дистония фонында жүреді. Патологиялық процесті толығымен алып қарастырғанда компенсирленген формадағы ангиотрофонефрозбен сипатталады.
Жүрек-тамыр жүйесі жағынан жүрек ритмінің бұзылуы, жиі брадикардия, сирек тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, гипотония түріндегі нейроциркуляторлы дистония, ЭКГ-да брадисистолия, ішкі жүректік және қарыншалық өткізгіштіктің бұзылыстары анықталады. Патологияның көріну дәрежесіне байланысты: орталық және шеткері гемодинамика өзгерістері, капилярлы қан айналымының бұзылыстары. Ангионевротикалық көріністер жиі вегетативті полиневропатияның бастапқы кезеңінде негізгі симптомы болады. Шеткері қанда қатынасты моноцитоз, эозинофилия, кейде гипогликемия, гиперпротеинемия, қанның витаминмен қанығуының төмендеуі байқалады. Ауыр жағдайда (сирек) гипоталамустың жетіспеу синдромы дамиды. Мұндай науқастарда тұрақты бастың ауыруымен қатар ретсіз бас айналу, ауыздың құрғауы, субфебрилитет, дене салмағының төмендеуі, анорексия, зәрді ұстай алмау анықталады. Висцеральді криздердің пароксизмальді ұстамалары бұлшықеттің механикалық қозғыштығының жоғарлауымен, вегетотамырлық дистония немесе ангиодистония түріндегі тамырлық бұзылыстармен сипатталады. Гипотермиялық бұзылулар, вегетативті-сенситивті полиневропатиямен қосарласа жүреді.
Ультрадыбыстың қолдаушысы жоғарғы жиілікті шу науқастарда есту мен вестибулярлы анализатор бұзылыстарын анықтайды.
Клиникалық ағымы бойынша үш кезенің ажыратады: бастапқы, айқын емес және айқын. Бастапқы кезеңінде вегетотамырлық дистония фонында аяқ-қолдардың вегетативті невролгия синдромы жүреді.
Айқын емес кезеңінде жоғарғы аяқтамалардың вегетативті полиневропатия симптомы ескеріледі, оған қоса астеновегетативті синдром бар. Айқын кезеңде бірінші кезекте таламо-гипоталамиялық жеткіліксіздікпен жүретін диэнцефальді патология орын алады. Бұл кезеңде жалпы церебральді бұзылыстардан басқа сезімдік, тамыр және трофикалық өзгерістер айқын. Оған қоса эндокриндік өзгерістер дамиды.
Диагноз. Диагнозды қойғанда жұмысшы организміне қатынасты ультрадыбыстың әсерінің жиілігі міндетті түрде көрсетілген еңбек жағдайына санитарлық-гигиеналық сипаттаманы ескере отырып, клиникалық көріністеріне сүйене, біртіндеп дамығанын анықтаймыз. Ультрадыбыстық вегетативті полиневропатияның дәл мәлімет беретін диагностикалық тестері- алгезиметрия, динамометрия, термография, перифериялық реовазография.
Емдеу. Негізгі емдеу симптоматикалық және жалпы сауықтандыруға бағытталған. Ерте кезеніңде витаминотерапия – В1, В6, В12 витаминдері, физиотерапия – тұзды-емдік ванналар, парафинозокерит, лазеротерапия жүргізіледі. Дәрілік заттардан мепробомат 0,2г ішке күніне 2 реттен, айқын кезеңінде-транквилизаторларды (аз мөлшерде аминозин, мепротан, триоксазин және т.б.) витаминдермен қоса тағайындайды. Мысалы: В1-күнде 1мл 6% ертіндіні бұлшықетке (15-20 инъекция), В6-1мл 5% ертінді (20 инъекция), В12-300-500мкг күн ара бұлшықет ішіне (15 инъекция); кокарбоксилаза бұлшықет ішіне 0,05г-нан 20-25 күн аралығында. Беллатамал (белластен) күніне 2-3 реттен 1 таблетка, рудатель күніне 1 таблетка. Физикалық әдістердің ішінде Щербак әдісімен гальванизацияны кеңінен пайдаланады, дарсонвализация, жалпы УК-сәулелер, озокеритті аппликация, массаж, радоидты, тұзды, күкірт сутекті ванналар мен қатар рефлексотерапия.
Жұмысқа жарамдылықты тексеру. Сырқаттылықтың айқындылығына байланысты экспертиза жекелеген және мақсатты болады. Аурудың бастапқы кезеңінде уақытылы және белсенді емдеу жасалса, терапия тиімді болса еңбекке жарамдылығы сақталады. Жоғарғы аяқтамалардың тұрақты невропатиялық симптомдары кезіңде уақытша жұмыстан босатылуы, кәсіптік бюллетень 2 айға емдеумен бір уақытта беріледі. Санатории-профилакторияларда сауықтандыру тағайындалуы және толық диспансерлік бақылауға алынуы.
Аурудың айқын симптомдарында және терапевтикалық әсердің болмауында науқасты өндірістік ортаның физикалық факторына ұшырамайтын жұмысқа (ультрадыбыс, шу, діріл) ауыстыру қажет. Егер рациональды жұмысқа орналастыру оның квалификациясын төмендетсе, ВТЭК-ке жұмысқа қаблеттілігінің жоғалту деңгейін анықтау үшін жіберіледі. Кейін реабилитациялық шаралар мен диспансерлік бақылау жүргізу керек.
Профилактика. Ұйымдастыру-техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар ұсынылады. Өнеркәсіптік ультрадыбысты қондырғылардың жетілуі қажет, оған ультрадыбысты станоктар мен пісіру машиналарының дыбыс қысымын төмендету, ультрадыбысты аппараттармен қолмен жұмыс жасауды шектеу және т.б. Қазіргі кезде құрал-жабдықтарды дистанционды жүргізу таралуда. Жеке басты қорғау заттары: резеңкелі қолғаптар, шуға қарсы заттар. Емдеу-профилактикалық шараларға көктем-қыс мезгілінде витаминопрофилактика, физиотерапевтикалық процедуралар, гимнастикалық жаттығулар кешені және т.б. жатады.
Алдың-ала және кезеңдік медициналық тексеріс өтетіндерге ультрадыбыстық дефектоскопия және медициналық аппараттармен, генирленген ультрадыбыспен жұмыс істеушілер жатады. Кезеңді медициналық тексеруді 12 айда 1 рет, ал ультрадыбыспен алғаш қатынаста жұмыс жасағандарға 36 айдан кейін жүргізіледі. Медициналық тексеруде невропатолог пен терапевт міндетті түрде қатысуы қажет. Барлық тексерілушілерге суықпен қойылатын сынама және дірілге дірілге сезімталдығын тексеру қажет.
Ультрадыбыспен қатынаста жұмыс жасауға қосымша медициналық қарсы көрсеткіштер: шеткері жүйке жүйесінің созылмалы аурулары, облитерлеуші эндоартрит, Рейно ауруы, шеткері тамырлардың ангиспазмы.
Адам организіміне инфрадыбыстың әсері
Өндірістік орта факторларының ішінде маңызды орынды инфрадыбыс алады. Ол 20Гц төменгі жиілікті дыбыстықауытқуларды құрайды. Инфрадыбыс ауытқуларының жиілігі мыңдағын герцтен 20Гц дейін жетеді. Инфрадыбыс интенсивтілігінің дәрежесі дицибелмен дБ өлшенеді. 20Гц төмен жиіліктегі көліктен туған механикалық ауытқуды инфрадыбыстың механикалық көзі және көптеген турбулентті газдардан, сұйықтықтардан пайда болған ауытқуларды инфрадыбыстың аэродинамикалық көзі болып табылады. Ол ауада, суда, жер бетінде көптеген қашықтықтарға дейін таралады. Инфрадыбыстық ауытқулар табиғатта желмен, найзағаймен, жарылыстармен, жер сілкіністермен бірге кездеседі. Қазіргі уақытта гравитационды-акустикалық толқынды тіркеу үшін және штормаларды ескерту үшін инфрадыбысты толқындарды қабылдау бойынша арнайы құрылғылар шығарылады.
Өндірісте инфрадыбысты ауытқулар көліктердің, агрегаттардың, комперссорлардың, қыздыру пештерінің, вентиляторлардың және басқа құрылғылардың жұмысының қуаттылығының нәтижесінде пайда болады. Транспорттық заттар: автобустар, жеңіл көліктер, су көлігі және басқалар-төменгі жиілікті акустикалық ауытқулардың көзі болып табылады. Мысалы, жеңіл көліктердің қозғалысынан туған шудың спекторлік құрылымы инфрадыбыс сипатында болады. Жоғары жылдамдылығы көліктің және агрегаттардың жұмысы төменгі жиіліктегі дыбыстық толқынды тудырады. Инфрадыбыстық ауытқулар меррополитендегі электропоездтардың қозғалыс ұзақтылығында да пайда болады. Жүргізуші отырған кабинаға инфрадыбыстың максималды дәрежесі 2-4Гц, ал оның интенсивтілігі 104-105 дБ құрайды. Бұл өндірістік обьектіде және транспорттық заттарда инфрадыбыс ауытқулары жоғары салыстырмалы тығыздықты құрайтының көрсетеді. Инфрадыбыс интенсивтілігінің әсер ету ұзақтылығына байланысты ол ОЖЖ және вестибулярлы-салыстырмалық себеп болады.
Патогенез. Инфрадыбыстың әсерінен туған бұзылулар туралы мәліметтер аз зерттелген. Адам организмі жоғарғы жиіліктегі дыбыстардың ауытқуларына әсер етіп қана қоймай, санымен қатар ол терінің механорецепторына да әсер етеді. Тері инфрадыбыс ауытқулар үшін « кіру қақпасы» болып табылады. Механорецепторлпрдан туған қозу жауабы бас ми қабығының орталығына, соның ішінде оның таламус бөлңміне түсетін жүйке импульстерінде пайда болады. Төменгі жиіліктегі акустикалық ауытқулардың әсерінің нәтижесінде алдыңғы ми қабығындағы клеткалардың қозғыштығының төмендеуі байқалады. 6-8Гц жиіліктегі инфрадыбыстың әсерінен резонанс тууы мүмкін және ол организімінің жағымсыз сезінуіне тудырады. Қазіргі уақытта инфрадыбыстың организіміне әсер етуі ОЖЖ, жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу жүйесінің қызметінің бұзылуын және есту анализаторының өзгеруін тудырады.
Клиникалық көрініс. Инфрадыбыстың адам организіміне әсері жағымсыз жайлар кешенін тудырады: бас айналу, жүрек айну, тыныс алудың қиындауы, іште ауырсынулардың болуы, қорқыныш сезімнің болуы. Дегенімен бұл жағымсыз жайлар аз уақытты үзіліс кезінде олар жоғалады. Инфрадыбыстың ұзақ увқыт әсер еткенде ауыздың құрғауы, жұтқыншақта қырылдау сезімі, жөтел, тұншығу, мазасыздану сезімі, қозуының жоғарлауы байқалады. Обьективті қараған кезде әлсіздікке, апатияға, көңіл күйінің жоқтығына, қажудың жоғарлауына, қозғыштыққа көңіл аударуға болады. Бірінші орында ОЖЖ қызметінің бұзылу симптомдары гипотаниялық түр бойынша нейроциркуляторлы дистанциялық көріністегі астеновегетативтік синдром түрінде білінеді.150дБ жоғары интенсивтегі инфрадыбыстың ұзақ әсер етуі жүректің соғу дыбысының әлсіреуі, жүректің жиырылу күщінің төмендеуі көрінетін миокардиодистрофия симптомдарын тудырады. Көбінесе есту мүшесі зақымдалады. Дабыл жарғағының гиперимиясын, құлақта қысымның жоғарлауының сезімі, есту ақауларының жоғарлауын анықтауға болады.
Бүл симптомдар 150дБ жоғары интенсивтегі 1-7Гц жиілікті инфрдыбыстың 10мин ұзақтықта әсер етуіне пайда болады.
Вестибулярлы реакцияларды Воячек сынамасымен тексерген кезде вестибулярлы-соматикалық реакцияның гипертрофиясын анықтауға болады. Сонымен қоса кейбір науқастарда тепе-теңдік функциясының нашарлауына және сызықты жылдамдықты қабылдайтын отолитті аппараттың сезімталдығының жоғарлауы анықталады. Инфрадыбыс вестибулярлы аппараттың анық әсерін тудырмайды. Патологиялық процесс компинсирленген сипатта болады. Осыған байланысты ауруға тән симптомдардың көрінуінде инфрадыбыс әсері бар жағдайға жұмысты уақытшы тоқтатып, симптоматикалық ем қабылдау керек.
Профилактикалық шаралар. Профилактикалық шаралар инфрадыбыстың ауытқуларды шектейтін көліктерді, агрегеттарды шығаруға бағытталу керек. Ең басты инфрадыбысты жұтуға арналған құрылғыларға көңіл аудару керек. Жеке қорғаныш заттарды міндетті түрде қолдану керек. Кезеңді медициналық тексеруді 24 айда1 рет отолариголог, невропотолог, теропевт мамандарының қатысуымен жүргізіп отыру керек. Жұмысқа қабылдау алдында қосымша медициналық қарсы көрсеткіштер бодлып табылады:
мына рефаратты сіз үшін жүктедім өтінем жж таңдаңызшы