0 дауыс
558 көрілді

Бугін кешке алтын доп иесін анықтау рәсімі болады.Роналду Месси Рибери осы үшеуі таласқа түседі,бір қызығы Роналду мен Месси бір қатарда отырады екен.Енді сұрақ бүгін кешке кім басты фаворит ?

Қай каналдан көре аламын?

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мойындау керек, Роналду 100  пайыз фаворит.

+1 дауыс

Роналду алтын допты алады оған еш күмәнім жоқ.

+2 дауыс

Меніңшеде Роналду фаворит себебі Месси жарақатына байланысты көп уақыт ойнай алмады әйтпесе Месси сөссіз футбол корлі! Айтпақшы транcляция сілтемесін жазып жіберіңіздерші!

http://www.fifa.com/ballondor/live/index.html?intcmp=newsreader_news_caption
Қазақ тілінде немес орыс тілінде жоқпа
+1 дауыс

Көптеген футбол мамандарының айтуы бойынша Роналдо алатын сияқты.Өз басым Роналдоны лайық деп есептеймін,ол үлкен еңбек сіңірді.

0 дауыс


Роналду  алады

Франк Рибериді «Алтын допқа» лайық емес деп санайтындар, футболшының командаластары Арьен Роббен және Томас Мюллермен салыстыра қарайды. Үш футболшының да өткен маусымдағы голдары мен пастары шамалас. Үш футболшы да командаға бірдей пайдасын тигізген. «Бавария» командалық ойынымен ерекшеленеді. Осыны басты назарға ала отырып, Риберидің шешуші кездесулерде де көзге түспейтінін алға тартады. Криштиану Роналду мен Лионель Месси маңызды кездесулерде командасын алға сүйрей біледі. Ал Рибери мұндай қабілетке аса құштар емес, немесе ие емес. Өткен Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде Томас Мюллер мергендігімен танылса, финалда Арьен Роббен көрсеткіш бойынша Рибериден басымдау түскен. Сонымен қатар ұлттық құрамада «Жеңілмейтін Армада» елінің құрамасымен бақ сынаған Франция топтан шыға алмай плей-офф кезеңіне өтті. Висенте дель Боске командасына қарсы кездесуде Рибери өзіне берілген мүмкіндіктерді пайдалана алмады. Ал плей-оффтың алғашқы кездесуінің өзінде Украинаға есе жіберіп жағдайларын қиындатып алды. Сонымен қатар, Рибериді «Алтын допқа» лайық емес деп ойлайтындар, жеткен жетістіктерін командалық ойынмен байланыстырады. Мәселен 2010 жылы Уэсли Снейдер «Интер» командасымен бірге футболшы қол созатын бірнеше мәртебелі атақтарды иеленді. Дегенмен сол жылы бұл атақ Мессиге бұйырған болатын. Тіпті футболшы алғашқы үштікке де ілінбеген еді. Соңғы сұхбаттарында Риберидің «Бұл атаққа мен лайықтымын. Менің әйелім «Алтын допқа» үйден орын да дайындап қойды. Жарым және командаластарым менің жеңетініме сенімді» деуінің өзі бұл атаққа лайықты футболшының көзқарасы емес. Бұл Риберидің «Алтын допқа» лайық емес деп айтатындардың пікірі ғана...

Өз еліне жолдама алып берген тағы бір ойыншы бар. Ол - Роналду. Шведтерге қарсы ойында Португалияның еңсесін көтерген ойыншы бүгінде бүкіл әлемнің сүйіспеншілігіне оранып үлгерді. Роналдусыз "Реалды", Роналдусыз Португалия құрамасын көз алдыңызға елестете көріңізші?! Бастысы, бұл ойыншының маңыздылығы және нәтижелілік тұрғысында көшбасшылығы. Сосын, Роналдудың кез келген клубта ойнай алатын қайталанбас даралығы. Ол өз мүмкіндігін өзі жасауға тырысады. Жоқ жерден гол соғуға тырысатын шабуылшы.

Месси жарты маусым жарақатына байланысты алаңға шыға алмай келді. Көпшілік қуанышына орай, жуырда ғана келіп қосылды. Аргентиналық талантты барлық уақыттың үздік ойыншылырының қатарына қосады. Сөзсіз, солай екені рас. Бұрыш қапталдан доп алып, Месси секілді орталыққа ойысып, өткір шабуыл өтіне бір демде шығатын ойыншылар аз. Бар шығар, бірақ қиынға соғары анық. Ал Мессидің еш қиындықсыз қорғаныстан өтіп кеткенін көргеніңізде, таңданбасқа шара қалмайды.

Дриблинг. Алаңда допты екі футболшы екі түрлі игереді. Мессидің аяғына доп тисе, ол алысқа шығармай «ақылды» түрде ұстайды. Ал Роналду көп финттер жасайды. Жылдамдығының арқасында өз финтін жүзеге асыра алады. Мұндай футбол жанкүйерлерге ұнайтыны анық.

Командаластарымен қарым-қатынас. Месси каталондық командамен тату-тәтті бір отбасыдай сыйласады. Өз командаластарымен жаға жыртысып көрмеген. Роналду өзіне ұнаған ісін істейді. Өз атына айтылған сындарға «мінезді» жауап қатады. Дегенмен құрметтуді біледі.

Жылдамдық. Бұл сында фаворит – Роналду. Әлемдегі жылдамдығы ең мықты футболшылардың қатарында. Ал Месси жай ғана жүріп, жай ғана барлығын тындыра алады. Дегенмен жылдам футбол жанкүйерлер айызын қандырары анық.

Ұлттық құрамадағы рөлдері. Екеуі де өз елдерінің қаһармандары. Роналду командасын алға сүйреудің хас шебері. Ал Месси ұлттық құрамада өзін аса негізгі ойынымен көрсете білетін тұстары әр кездесуде орын ала бермейді.

«Алтын допты» осы жолы Мессидің алмасы анық. Сонымен, тізімінен бір ойыншы кетсе, екінші ойыншы қалуда. Роналду мен Рибери. Қос мықтының бірі. Әлем чемпионатында иық теңестіретін алпауыттар. Әрине, жеке көрсеткіш тұрғысында Роналду Рибериден басып озары анық. Оның үстіне Роналдудың тұрақты ойын көрсетіп келе жатқанына біршама жылдың жүзі болды. Француз ойыншысы жетістік тұрғысында басып оза алады. Әйтсе де, ол әр уақытта тұрақты ойынымен көзге түсе қоймады.

Жалпы, "Алтын допты" кім қалай түсінеді деген әдет қалыптасты. "Алтын допты" жеке көрсеткішпен де, клубтағы жетістікпен де салыстырмаған дұрыс. "Алтын допты" миллиондардың көзайымына айналып, қуантып келе жатқан футболшы алғаны дұрыс. Мейлі, ол қақпашы, мейлі ол қорғаушы болсын, бірақ футбол сүйер қауымды қуантып жүрсе болғаны. Осы тұста Арсен Венгердің ("Арсеналдың" бас бапкері) "Алтын допты" алып тастау керектігін, ұжымдық ойынға әсер турасында айтқаны еріксіз еске оралады.

Соңғы жылдары «Алтын доп» сыйлығының құны мен қадірі қашып бара жатқан секілді. Соңғы жылда бұл сыйлыққа қол сілтейтін адамдар көбейді. Шамданатындар бүкіл әлемнің футболын бір ғана адам ұстап тұрғандай әсер қалдыратындығын айтады. Дұрысы, осы жолы Роналду "Алтын допты" алуы тиіс.

"Алтын допты" салтанатты табыстау кешін Eurosport каналынан тамашалай аласыздар.

Букмекерлік  кеңселерде  Роналду  алады  деп  жатыр.

Бүгін, Швейцарияның Цюрих қаласында футбол жанкүйерлері көптен күткен «Алтын доп - 2013» жүлдесінің иегері анықталады. Футбол мамандарының пікірінен бөлек, букмекерлік кеңселер де өткен жылдың үздік футболшысы атағына Португалия құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуды лайық деп танып отыр.   

Сонымен, әлемдегі ең беделді букмекерлік кеңселердің бірі SportingВet: «Роналду жүлдегер атанады» дегенге 1,01 коэффициент берсе, Лео Мессиге 19,00, ал Рибериге 21 коэффициент тиіп отыр. Ал BetCity түзген коэффициенттер өзгешелеу: 1,03 (Роналду), 10,00 (Месси) және 13,00 (Рибери).

Роналдудан бөлек, бұл жүлдеге мюнхендік «Бавария» жартылай қорғаушысы Франк Рибери (Франция) мен «Алтын допты» төрт мәрте қанжығасына байлап үлгерген «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси (Аргентина) үмітті.

Айта кетейік, аталған жүлдеге кімнің ие болғанын бүгін, 13 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 23:30-да басталатын салтанатты жиында біле аласыздар. Естеріңізге салсақ, осыған дейін Цюрихке ФИФА президентімен болған жанжалдан кейін Роналду келмейді деген ақпарат тараған еді. Алайда кейін екіжақ ортақ мәмілеге келіп, футболшы жүлде табыстау шарасына қатысуға келісімін берген.  

Бұлар  алтын  доп  туралы  жазылған  мақалалар

0 дауыс

Осы жылы Роналду ала қойсын.

+1 дауыс
Цюрихте ФИФА жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады. «Алтын доптың» иегері де анықталды.«Алтын доп» бұл жолы «Реал» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуға бұйырды. Мараппатау рәсімінде Роналду көзіне жас алып, «Реал» және Португалия құрамасына алғысын білдірді.
...