+3 дауыс
23.1k көрілді

Зиянды әдеттер туралы мысалғы темекі шегуге болмайды?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін зиянды әдеттерден бас тарту қажет. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі және уытты заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Зиянды әдеттермен күресу осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана табысты болады. 
Темекі тарту, яғни, никотинизм – зиянды әдет және нашақорлықтың бір түрі.

Статистикалық мәліметтер бойынша планетада ересектердің 40 пайызы темекі тартады. Оның ішінде 60 пайызы ер азаматтар, 20 пайызы әйелдер екен.

Темекі түтіні адам организмі үшін зиянды және улы заттардың жиындысы болып табылады. Олардың ең бастылары – никотин, синиль қышқылы, көмір қышқылы, сірке қышқылы, азот, эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әртүрлі радиобелсенді элементтер болып табылады. Олардың ішіндегі ең улысы – никотин. Адам ағзасы үшін бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин уы жеткілікті көрінеді. 

Темекі тартатын адамда никотиннің ықпалынан асқазан қышқылдығы төмендейді. Қан қысымы артады. Орталық жүйке жүйесі мен жүректің қызметі бұзылады. Елу жасқа дейін темекі тартатын әйелдерде миокард инфаркті темекі тартпайтындарға қарағанда 20-есеге жиірек кездеседі екен. Бронхитпен ауырушылардың 75 пайызы темекі тартушылар болып табылады.

Темекі ішкі мүшелер қызметін бұзып, ауруға душар етумен қатар, адамның сыртқы келбетін де бұзады. Түтіннен шыққан зиянды улы заттар беттегі майда қан тамырларын зақымдап, бет терісі ауруларына душар етеді.

Жыл сайын жер бетінде темекіден 3 миллион адам, яғни темекінің улы әсерінен әрбір 13 секунд сайын бір адам өледі екен.

Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10 пайызға көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10 пайызға кемітеді екен.

Сондықтан жас кезден денсаулықты сақтап, темекіге әуестенбей, темекі шегушілерден бойды аулақ ұстап жүрген дұрыс.

рахмет сізге))
Белгісіз
0 дауыс

Сізден өтініш,сұрақты нақтырақ, толығырақ жазсаңыз. Ал, менің түсінгенім, жалпы зиянды әдеттерге болмайды дегеннің бәрі жатады, білім тұрсақ та, байқамай сол әдетті қайталаймыз. Мысалы: кейбір адамдарда кездесетін сұғанақтық, жиі өтірік айту, арақ ішу,тырнақты тістелеу,бор,кесек жеу және қалғандары есіме түспей отыр.)

 

мен буларды апайга беруим керек
Белгісіз
0 дауыс

Асыққан - шайттанның ісі. (с)

0 дауыс

Қазір адам сенбес жағдай. ХҮІІІ ғасырда темекіні дәрілік препарат есебінде дәріханаларда сатқан.

0 дауыс


Жаман  әдеттер:наспай  ату,сіңгіру,түпіру,арақ  ішу,тамақ  ішкенде   аузыңды  қатты  ашу,өтірік  айту,өзіңнен  кішкентайларға  зорлық  көрсетіп  ақша  сұрау,қоқырсықтар  лақтыру,табиғатты  ластап ,жәндіктерге  тиісу,ата-анаңның  айтқанын  тыңдамау  осылар  деп  ойлаймын

...