Мопед жүргізу үшін куәлік алу қажет пе?

+1 дауыс
1.4k қаралым
Үлкен інім 15 те. Сол бір жылдан бері мопед алып бер деп көкемнің миын ашытып жүр. Ал ағам , -мопед үшін жүргізуші куәлігін алу керек алдымен дейді. Мопед жүргізу үшін куәлік қажет пе?
Қызық сұрақтар

3 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Мопед жүргізу үшін әрине куәлік аласыз. Ол 3 айлық курс оқып А санатындағы жүргізуші куәлігін аласыз. Ол үшін 16 жасқа толу шарт....

+2 дауыс

Мопед жүргізу үшін жүргізу куәлігі керек емес-деп ойлаймын,өйткені қәзір  көптеген мектеп оқушылары мопед мініп жүреді.олар әлі жеке куәлікте алған жоқ.

+1 дауыс
Елімізде көлік жүргізуге берілетін куәлікке жаңа категориялар енгізілді.

Енді жүргізу куәлігі 7 негізгі категориямен қатар, 6 қосымша категорияны өзіне қосып отыр. Сонымен қатар, жолда еркін серуен құрған скутер мен мопед құрылғысына да арнайы жүргізуші куәлігі болуы шар. Барлық өзгерістер ҚР-ның "Жол қозғалысы" ережесіне сай жүргізіліп отыр. Бұрындары негізгі деп танылған А, В, С, Д, Е категориялардан басқа, қазір қосымша кіші категория пайда болды. Бұл өзгеріс бірінші кезекте ешбір категорияларға9 жатқызылмаған көлік құрылғыларына тағайындалған. Мәселен, бүгінде А1 категориясына скутер, мопедтер, сондай-ақ, трициклдер мен квадрациклдер жатқызылып отыр. Осыған орай, бұл құрылғыны тізгіндеушілерге жүргізу куәлігі міндет деп табылады. Ал, В1 - Д1 категорияларына бір орынды немесе екі орынды шағын жүк көліктері мен шағын куперлер жатқызылып отыр. Жаңа заңға сәйкес, С, Д1 санаттарын алу үшін жүргізушілердің жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы шарт. Айталық, Д1 категориясы үшін 16 орынға шақталған жолаушылар көлігін міндеттеледі. Ал, одан жоғары орынға Д категориясының өзі болу жүктеледі.
Белгісіз
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы