+1 дауыс
481 көрілді

Менде мегалайн старт тарифінде. Бөгде сайттар үшін жылдамдық аз болатынын білем. Бірақ қазақстандық хостингтердің өзінен жүктей алмай жатыр. Кейде тіпті қосылу кезінде "678 қате" деп шығады. ADSL және Internet деген жерлер модемде жанбай қалады. Ол неліктен?

165-ке хабарласып көріңіз, бірақ өзіңіз де қатені кетіріп тастауыңызға болады.

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Сіздің тарифыңыздағы ең жоғарғы жылдамдық 1Мбит\с. Айына берілген 3Гб трафик көлемін пайдаланып қойған болуыңыз керек.

Қате коды

678 Қашықтағы компьютер жауап бермейді (Удаленный компьютер не отвечает).

Себебі: Бұл қате Ғаламторға қосылу дұрыс күйге келтірілмеген кезде, баптаулар өшіп қалған жағдайда (вирустардан болуы мүмкін) пайда болуы мүмкін, немесе сервер жауап бермейді (мәселе серверде).
Түзету: Компьютердің баптауларын тексеру қажет, жабдықтардың телефон желісіне дұрыс қосылуын тексеру қажет, модемнің дұрыс орнатылуын тексеру қажет.

ADSL - DSL - Internet  жанбаса 165-ке хабарласыңыз.

Қазақстандық сайттардан жүктегенде трафик кетпеуші еді ғой?
"kz" доменінде жатқан сайттардың бәрі ішкі ресурсқа жатпайды. Мысалы: Осы сж сайты сыртқы ресурсқа жатады, трафик кетеді деген сөз.
Ал оны қалай анықтауға болады? Қай сайттың ішкі, қайсысының сыртқы екенін?
Жеке кабинеттен сыртқы трафикті өшіріп тастаңыз да модемді өшіріп қайта қосыңыз. Интернет қайта қосылғанда тек ішкі сайттарға ғана кіретін болады.
...