+1 дауыс
17.2k көрілді

кай кезде аниондар жане катиондар тузуледи:?неге оларды анион катион деп атайды
?толыгырак болса

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Анион – бір немесе бірнеше атомнан тұратын теріс зарядты  иондар. Аниондар химиялық реакцияларда катализатор рөлін атқарады, электр өрісінде электр тогын оң электродқа (анодқа) қарай тасымалдайды. Соңғы құбылыс ерітінділердің электролизі кезінде де байқалады. Аниондар (катиондармен бірге) геохимияда, технология және тірі организмде болатын процестерде үлкен маңыз атқарады. Анион — теріс зарядталған, сондықтан электролиз жағдайында оң зарядталған электрод не анод төңірегінде шоғырланатын ион.

Катион оң зарядты ион; электр өрісінде теріс электродқа (катодқа) қарай қозғалады. Бос күйінде плазманың газ фазасында және аниондармен бірге көптеген тұздардың құрамында болады. Бейтарап бөлшектерден бір немесе бірнеше электронды қатты қыздыру, электрлік заряд, иондаушы сәуле, тағы басқа нәтижесінде айырып алады. Электролиттердің электролизі кезінде катодқа қарай тартылады. Құрамында катионы бар және жұпталмаған электрондары бар бөлшектер катиондар-радикалдар деп аталады. Катион — оң зарядталған, сондықтан электролиз жағдайында катод, яки теріс зарядталған электрод төңірегінде шоғырланатынион.

Анион - анодқа барушы, катион - катодқа барушы болғандықтан солай аталады. 

8,9 сыныптың  кітаптарын қарасаң  нақты , толық  жазылған. 

0 дауыс
Катион оң зарядты ио

Ұқсас сұрақтар

...