+2 дауыс
1.5k көрілді
Білсеңіз ақпаратыңызбен бөлісе отырыңыз! Оливье қандай мағына береді? Адамның аты ма , әлде салатқа қосылатын бір нәрсенің атауы ма? Оливье салаты қай жылдары пайда болды? Кім ойлап тапты?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

"Оливье" салаты - есте жоқ ерте замандардан бері дастарханның төрінен орын алып келеді. Туған Күн кеші, Жаңа Жыл немесе басқа да ірілі-ұсақты мерекелерді "Оливье" салатынсыз қарсы алу мүмкін емес нәрсе секілді. Жасқа да, жынысқа да, ұлтқа да қарамай ауызға алуға болатын осы бір салаттың дәмі де ешқашан ескірген емес. Біздің арамызда да "Оливьеден" дәм татып көрмегендер жоқ болар...

Осыдан біршама уақыт бұрын "Оливьені" дайындауды үйренген болсақ, бүгін сіздермен сүйікті салатымыздың тарихы туралы әңгіме айтып көрмекпіз.

Шұжықтың жартысы, жасыл бұршақтың бір банкасы, үш картоп, сәбіз және бір қапшық майонездің көмегімен жасалатын салаттың отаны - Франция. Франциялықтар оны "корнуют" деп атайды.

Атақты "Оливьенің" авторы да мәшһүр. Шебердің есімі - Люсьен Оливье ("Эрмитаж" мейрамханасының меңгерушісі). Салаттың дүниеге келген ресми жылы болып 1860 жыл белгіленді.

Мәзірде "Оливье" салаты пайда болысымен, Люсьеннің мейрамханасы әлемде ең көп адам келетін дәмханаға айнала шықты. Яғни, "Оливье" көпшіліктің асқазанын бірден жаулап алды.

Бақталастар әдеттегідей әлемді аузына қаратқан салаттың көшірмесін жасап шығуға талпынады. Алайда, ешкім де Люсьен Оливье секілді жасай алмады. Шебер өзінің құпиясын өле-өлгенше ешкімге жария етпеген.

Тек қана 1904 жылы бүгін сіз бен біз қорек етіп жүрген салат әзірленді. Қазір әркімнің өз рецепті бар десе де болады. Асхана қожайындары салатты дайындау үшін қолда барды қоса салудың шебері болып бара жатыр. "Заманауи оливьеден" сүрленген тауықты, теңіз таяқшасын, жүгеріні, маринадталған қиярды, жібітілген алманы көруге болады. Ал патшалық тағамға айналған нағыз классикалық "Оливьенің" құрамы мынадай еді:

1 бұзаудың тілі

2 қарабауыр

1 қадақ түйірсіз қара уылдырық

2 қадақ жаңа піскен салат(свежий салат)

25 қайнатылған шаян

2 банка пикули (сәл ғана қайнатылып ұсақ туралған көкөністер, аздап сірке (уксус) мен тұз қосылады)

1 банка соя қосып әзірленген ащы тұздық

2 қияр

5 қатып піскен жұмыртқа

Ақпарат массагет.кз сайтынан алынды... 

...