Көзілдіріктің адамға деген зияны мен пайдасы қандай?

+1 дауыс
2.8k қаралым

Мен көзілдірік сатып алған едім  -1,5.  Соның қандай пайдасы мен зияны бар? Бұрын киеп көрмедім, Жұмыста компьютерде 12 сағат  бойы киеп отырамын. Көшеде жүргенде  шишеп қойып жүруге болама? 

Жалпы медицина

2 жауап

+1 дауыс

Мүмкіндігің болса, медицина маманынан сұраған дұрыс қой. Ал, мен бұл жайында естігенім, көзілдірікті жалпы мүлдем кимесе, көру қабілеті одан сайын нашарлайды деп естігенмін, алайда менің әкем, үлкен адам ғой, тек кішігірім жазуларды көрмегендіктен, сондай кезде ғана киеді, ал қалған уақытта, көшеде болсын көзілдіріксіз жүреді. Тағы да айтам,окулистке жолыққаның жөн)көмегім осы

 

+1 дауыс

Көзілдіріктің пайдасы: сізге өмірді жарқын етіп көрсету, көзге түсетін нагрузканы азайту , минустың одан әрі өсуін тоқтатпаса да баяулату. Зияны : егер дұрыс таңдалған көзілдірік болса, зияны жоқ. Тек ыңғайсыздық тудырғаны болмаса. Сізде  миопияның әлсіз түрі. Көшеде көзілдіріксіз жүру сізге қиындық алып келмесе, шешіп жүре берсеңіз болады.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы