1945 жылы құрылған.Сол туралы мәлімет толығырақ....Антигитлерлік коалиция (ағылш. Allies of World War II) – 1939-45 жылдары нацистік блоктың, яғни Ось елдері: Германия, Италия Жапония және олардың сателлиттері мен одақтастарының елдеріне қарсы Екінші Дүниежүзілік Соғыста соғысқан мемлекеттер мен халықтардың бірлестігі. Соғыс жылдары антигитлерлік коалицияның синонимі АҚШ Президенті Ф.Рузвельт ұсынған және 1942 жылғы Біріккен Ұлттар Декларациясында алғаш рет кездескен Ұлттар Бірлестігі болды. Коалицияның соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі әсері өте зор, оның негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды
1939 жылдың қыркүйегінен бастап Польша, Франция, Ұлыбритания және оның доминиондары (Ағылшын-поляк әскери одағы 1939 мен Француз-поляк альянсы 1921) Германиямен соғыс жағдайында болды. жылдың ішінде коалицияға КСРО, АҚШ, Қытай қосылды. Жылдың қаңтарына қарай антигитлерлік коалицияға ел кірді: Үлкен Төрттік (АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Қытай), британ доминиондары(Австралия, Канада, Үндістан, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка), Орталық және Латын Америкасының, Кариб бассейнінің елдері, сонымен қатар, еуропалық елдердің қуғындағы өкіметтері. Коалицияға қатысушы елдердің саны соғыс үстінде артты. Жапонияға қарсы қимылдардың аяқталу сәтіне қарай фашистік блокпен соғыс жағдайында ел болды: Австралия, Аргентина, Бельгия,Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венесуэла, Гаити, Гватемала, Гондурас, Грекия, Дания, Доминикан Республикасы, Египет, Үндістан, Ирак, Иран, Канада, Қытай, Колумбия, Коста-Рика, Куба, Либерия, Ливан, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Никарагуа, Жаңа Зеландия, Норвегия, Панама, Парагвай, Перу, Польша, Сальвадор,Сауд Арабиясы, Сирия, КСРО, АҚШ, Түркия, Уругвай, Филиппины, Франция, Чехословакия, Чили, Эквадор, Эфиопия, Югославия, Оңтүстік Африка Одағы. Текетірестің қорытынды кезеңінде бұрын Берлин-Рим-Токио Осінің құрамына кірген Болгария, Венгрия, Италия, Румыния, Финляндия Ось елдеріне соғыс жариялады. Антигитлерлік коалицияның әскери одақтасы басып алынған территориялардағы неміс, жапон, италиялық басқыншыларға және олармен қызметтескен реакциялық күштерге қарсы Қарсыласу қозғалысы болды.
Қалыптасудың негізгі кезеңдері
Бірігудің тарихы Антигитлерлік коалицияның бастамасы - “Батыстық одақтастар” коалициясы - нацистік Германияның Польшаға басып кіруінен кейін пайда болды. Өзара және Польшамен өзара көмек жөніндегі келісімдермен байланысқан Ұлыбритания, Франция және тағы бірнеше ел соғысқа кіруге мәжбүр болды. 1941 жылы Германия басқыншылығына дейін КСРО антигитлерлік коалицияның мүшесі болмады. Антигитлерлік коалиция алдымен АҚШ және Ұлыбритания өкіметтерінің Кеңес Одағын қолдау жөніндегі мәлімдемелерінен кейін рухани, одан кейін үш держава өкіметтерінің ұзақ талқылауларының нәтижесінде екіжақты және көпжақты құжаттардың бекітілуімен қалыптасты. Бұл ретте АҚШ жылдың соңына дейін (Жапоняның шабуылына дейін) ресми түрде соғыс жағдайында болмаса да, соғысып жатқан елдерге әскери және экономикалық жәрдем беріп, антигитлерлік коалицияның “соғыспайтын одақтасы” болды. Коалицияның іс-әрекеті барысындағы ерекше маңызға ие оқиғалар: Мәскеу(1941), Атлант Хартиясы (тамыз 1941), Біріккен Ұлттар Декларациясы (қаңтар 1942), Каир конференциясы (1943), Тегеран конференциясы(1943), Бреттон-Вуд конференциясы(1944), Ялта конференциясы(1945), Потсдам конференциясы. Антигитлерлік коалиция мүшелерінің жаумен күресіндегі қосқан үлесі әркелкі болып келеді: біреулері Германия және оның одақтастарымен белсенді әскери қимылдар жүргізсе, екіншілері оларға әскери өнім жөнелтіп көмектесті, ал үшіншілері соғысқа жалған қатысты. Антигитлерлік коалицияда қатысудан Кеңес Одағы алған көмек, басқа елдерге қарағанда, түрлі ақпарат көздерімен болмашы немесе айтарлықтай болып бағалануы мүмкін.
Қалыптасудың негізгі кезеңдері
Германияға қарсы соғыста бірлескен әрекет жөніндегі Кеңес-ағылшын келісімі, 12 шілде 1941ж. Мәскеу
Атлант Хартиясы мүшелері АҚШ мен Ұлыбритания 14 тамыз 1941ж. КСРО 24 қыркүйекте 1941ж. қосылды.
КСРО, Ұлыбритания, АҚШ Сыртқы Істер Министрлерінің Мәскеу конференциясы 29 қыркүйек- 1 қазан 1941 ж.
Ленд-лиз бойынша АҚШ-нан КСРО-на 1942 ж. жеткізілімдердің басталуы
Фашизмге қарсы соғыстың мақсаттары жөніндегі Вашингтон Декларациясына (Біріккен Ұлттар Декларациясы) 26 елдің қол қоюы 1қаңтар 1942ж.
Германияға қарсы соғыста одақ жөніндегі Кеңес-ағылшын келісімі 26мамыр 1942ж. Лондон
Өзара көмек және агрессияға қарсы соғыс жүргізудің қағидаттары жөніндегі Кеңес-Америка келісімі 11 маусым 1942ж. Вашингтон
Одақ және өзара көмек жөніндегі КеңесФранцуз келісімі 10 желтоқсан 1944ж. Мәскеу
Қызықты деректер
9 мамыр 2010 жылы антигитлерлік коалицияға мүше елдер Қызыл Алаңдағы Жеңіс парадына алғаш рет қатысты.