+2 дауыс
6.4k көрілді

Қай нұсқасы дұрыс. "Балдар" , "Балалар" және мағыналыры.

10 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Негізі  "балалар" деген дұрыс. Жергілікті диалект бойынша "балдар" деп айтып жатады. Тағы бір байқағаным, көпшілік адамдар жігіттерді, ұлдарды балдар дейді екен... 

+3 дауыс
Балалар деп айтқан дұрыс. Бала сөзін көпше түрде "балдар" деп айту қате деп ойлаймын. Араның балын көпше түрде "балдар" деп айтуға болады.
Елжан, сұйықтықты қалайша балдар дейсің, суды сулар демейсің ғой.
0 дауыс

Әрине "Балалар" деген дұрыс. Әр жақтың сөйлеуінде айырмашылықтар болады ғой!  "Балдар" деп солай айтылып кеткен кей жақтарда. Әйтпесе кітаптардан, журналдардан оқығанда "балдар" деген сөз көрмеппін.

Барынша қазақша әріптермен жазуға тырысшы!
0 дауыс

Балалар деген дұрыс. Әйтпесе, суда өсетін балдырға ұқсап кетеді.

Балдыр емес,Балдар.
0 дауыс

Әрине БАЛАЛАР! 

Сосын ұлға да қызға да балалар деп айтылады. Ұлдарды ғана бала немесе балалар деп айтатындарды түсінбеймін ол ҚАТЕ!

Өзбек па Қырғыз солардың сөзі оңтүстікке сіңіп кеткен, ол қыз емес бала деп тұрадығой ЖЫНЫҢА тиіп!!!!

Өз тіліңді біл құрметте!

–1 дауыс

Балалар деген сөз дұыс деп ойлаймын...

–1 дауыс


Балдар  дегеннен   гөрі   балалар  деген  дұрыс  Балдар  деп  ол  жас   балдар  арасында   олданылады  ал  балалар  үлкен  адамдар   көбінесе   кішкентай  балаларға  осылай  айтады

–2 дауыс

Менің ойымша Балалар.Оны ауылдық жерлерде көп айтады, Балдар деп

0 дауыс
Балалар деген сөз дұрыс.
0 дауыс
Кәзір мен өзім қазақ тілімен шұғылданып жүрмін, сондықтан осындай сауалдар менің өзімде көп пайда болады. Барлық ұлттың бір қасиеті - тұған өлкесіне қатысты сөйлеу ерекшелігіне қатты дауласады. Әдеби тіл бар, диалект бар. Маңызы бар зат, тірі тіл, белсенді қолданудағы тіл дамиды, жаңа сөздер пайда болады, өзгереді. Ағылшын тілімен де көп шұғылданамын. Ағылшын тілінде қаншама өзгерістер бар. Кез келген ағылшын тілі мұғалімінен сұрасаңыз айтады: бұрын осылай еді, кәзір былай, бірақ екеуіде дұрыс деп. Сол сияқты, қатып қалудың керегі жоқ шығар. Ақылға сияр мөлшерде өзгерістер болуы керек шығар деп ойлаймын
...