Халық банкті қарап көрдім. Ондай мүмкіншілік жоқ секілді. Ал өзім қолданып жүрген Казкоммецбанктің карточкасына аударуға болады. Ол үшін сізге: Казкоммерцбанк карточкасы, сол карточканың егесінің жеке куәлігінің ИНН номері және Карточканың уникалды IBAN саны керек. Ол 15 саннан тұрады және KZ деп басталуы қажет. Оны алу үшін карточка жасатылған банктің мекемесіне барып сұрасаңыз болады немесе Казкоммецбанктің мекемелеріне звандап алуға болады. Болмаса ең тиімді жолы егер карточканы homebank.kz сайтына тіркесеңіз оңай көруге болады. Оны астыңғы суреттен көріңіз.
Алдымен qiwi.com сайтына кіріп жеке бетіңізге өтіңіз.
Оңай тауып алу үшін. Іздеу өрісіне Казком деп жазамыз.
Ашылған терезеде қажетті ақпаратты енгіземіз.
Қажет ақпараттарды енгізген соң, аударатын қаражаттың көлемін жазып Оплатить батырмасын шертеміз. Ақша сіздің карточкаңызға АзияКредитБанк арқылы жүргендіктен қаражат сол арада карточкаға түспейді. Банктер арасындағы операция бір күн уақытты алады. Сондықтан қаражатты бүгін аударсаңыз ертеңгі күні сағат 16-30 17-00-ге жақын уақытта түседі. Мен көптеген қаражатты осылай карточкама аударып шығарып алып жүрмін. Тексерілген әдіс :)