+1 дауыс
750 көрілді

Бірде радиодан өмірде болған қызықты оқиға деген айдардан естіп едім:

Пойызда кетіп бара жатырмыз. Кенеттен тісім ауыра бастады. Қоятын шығар десем, шыдатпай бара жатыр. Қасымдағы басқа жолаушылардан, тіпті бүкіл вагоннан дәрі іздеп шықтым. Бір жігітке:

- Тістің ауырғанын қойдыратын дәріңіз бар ма? - дедім.

- Менде дәрі жоқ, бірақ тісіңіздің ауырғанын қойдыратын бір дұға білемін, - деді де, кішкене қағазға дұғасын жазып, бүктеп-бүктеп, - Міне, мына қағазды ауырған тісіңізге басып ұстаңыз, жазылған соң қағазды оқымай терезеден лақтырып жіберіңіз. Әйтпесе тісіңіз қайтадан ауырады, - деді.

Ойымда ештеме жоқ. Қағазды алдым да, рақметімді айтып, тісіме басып өз орныма кеттім. Жарты сағат өтті ме, өтпедіме, тісімнің ауырғаны басылып қалды. Шіркін, рахатынай.

Жаңағы жігіттің айтуы бойынша қағазды терезеден лақтырып жіберейн деп бара жатып, қағаздың ішінде не жазылғанын, қандай дұға екенін, болашақта керек болып қалатын шығар мүмкін, аш, аш, ашсай деп ішімдегі шайтаным азғырып барады.

Ақыры терезенің алдына келіп, туу қойш, оқи салайыншы деп ашып қалсаааам, қағазға "Тіс, көтіңді қыс" деп жазып қойыпты. Ішегім қатып күлгенім-ай )))

Осы қызықты оқиғадағы сөздер өзгертілген. Есте сақтау қабілетім соншалықты мықты емес.

Ал енді сұрақ: Мидың күшімен өзімізді өзіміз емдеуімізге болады ма? 

Бұл жерде қыз тісінің қоятынына сеніп, өзін сабырлыққа шақырған еді, тісінің ауырғаны қойды. Кейде мен де ауруыма көңіл аудармай тез жазылып кететінім бар!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Әрине болады, өз-өзіңді сендіру (самавнушение) психологиялық құбылыс. Ғылыми атауы "аутосуггестия" деп аталады. Кез-келген дәрігерден сұрап қараңыз аурудан жазылуға деген сенім өье үлкен рөл атқарады

...