Олимпиада сұрақтары:
1. Адамның демалуы қалай қамтамасыз етіледі:
а) өкпе көпіршіктерінде бұлшық ет талшықтары бар;
б) жамбас сүйектеріндегі арнайы бұлшық еттер диафрагманы төмен тартады;
в) ерекше бұлшық еттер қабырғаларды жоғары көтереді, фиафрагма көтеріледі, бұл көкірек қуысының үлкеюіне және демалуды жүзеге асыруға әкеледі;
г) іш прессінің бұлшық еттері іш қуысының мүшелерінің тартуына әкеледі.
2. Адам ағзасында лимфа қалай жасалады:
а) бүйректердің қайту жүйесі қаннан артық сұйықтықты бөледі, ол бүйрек тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне өтеді, сол жерден лимфа жүйелерінің түтікшелеріне бөлінеді;
б ) трубалы сүйектерде қосатын ткань бар, бұл ткань лимфалық сұйықтықты шығарады;
в) бауырдың жағалы жүйесі қанның фильтрациясы мен лимфаның жасалуын жүзеге асырады;
г) капиллярлардың қабырғалары арқылы қаннан қан плазмасының кейбір бөліктері шығады, тканьдік сұйықтық құрылады, әріқарай бұл сұйықтық лимфатикалық түтікшелерге жетіп, лимфаны құрады.
3. Симпатикалық нерв жүйесінің белсенуі кезінде байқалмайды:
а) қарашықтардың үлкеюі;
б) қан түтікшелерінің тарылуы;
в) ішек қабырғаларының жиырылуы күшейеді;
г) сілекей бөліну күшейеді.
4. . Нерв жүйелерінің қозуы ... бірге болады:
а) Na+ иондарының клеткадан сыртқа шығуы;
б) Са2+ иондарының клеткадан сыртқа шығуы;
в) К+ иондарының клеткаға кіруі;
г) калий-натрий насосы жұмысының күшеюі.
5. Аштықта немесе қысқы ұйқы кезінде энергиялық субстраттардың қоры келесі кезекпен шығындалады:
а ) майлар– ақуыздар – көмірсулар;
б ) ақуыздар-майлар-көмірсулар –
в) көмірсулар-майлар – ақуыздар;
г) ақуыздар-көмірсулар – майлар.
6. Жержаңғақтың жемісі – бұл:
а ) қорапша; б) бұршақ;
в ) жаңғақ; г ) бұршаққын.
7. Жүректің жалпы босаңсу фазасында оның клапандары:
а ) жартылай ай - ашық, жабылмалы - жабық;
б ) жартылай ай - ашық, жабылмалы – ашық;
в ) жартылай ай - жабық, жабылмалы - ашық;
г ) жартылай ай - жабық, жабылмалы- жабық.
8. Тірі организмдердің мекендеу ортасы ретінде табиғатты өзгертуге әкелетін, олардың өміріне қауіп төндіретін адам қызметі факторларға жатады:
а) экологиялық; б) абиотикалық; в) биотикалық; г) антропогенді.
9. Жасушалық теорияға пайымдауы жатпайды:
а) жасушалардың көбеюі олардың бөліну жолы арқылы жасалады;
б) жасуша–барлық тірі организмдердің құрылуы және дамуының негізгі бірлігі;
в) туа біткен өзгергіштік хромомсомалар мен гендерді қамтиды;
г) барлық біржасушалылар мен көпжасушалы организмдердің жасушылары құрылымы бойынша ұқсас.
10. Спиральдану, хромосомалардың қысқару және кеңеюі өтетін жасушалардың бөліну фазасы:
а) анафаза; б) профаза; в) метафаза; г) телофаза.
11. Аш ішектегі ортаның реакциясы қандай:
а) әлсіз қышқылды; б) нейтралды;
в) қышқылды; г) сілтілік.
12. Гомологиялық үлгілердің мүшелері болып табылмайды:
а) кактус тікенектері мен бұрыш мұртшалары;
б) бөріқарақат тікенектері мен долананың тікенектері;
в) шықшөптің жапырақтары мен түйінді пияздың қабықтары;
г) інжіргүлдің тамырлары мен картоп түйіндері.
13. Жасушалардың құрылымы, химиялық құрамы, қызметі қай ғылымның зерттеу пәні:
а) экология; б) эмбриология; в) палеонтология; г) цитология.
14. Екі сипаттың тәуелсіз мұралануы немен байланысты:
а) гендер гомологиялық емес хромосомалардың түрлі жұптарында болады,
б) гендер гомологиялық хромосомаларда болады,
в) гендер бір хромосомаларда болады,
г) берілген гендер аллельді емес болып табылады.
15. Гликоген органикалық қосылулардың келесі сыныбына жатады:
а) көмірсулар, б) липидтер,
в) ақуыздар, г) нуклеин қышқылдары.
16. Парниктік эфектінің себебі:
а) атмосферада көмірқышқыл газының азаюы,
б) атмосферада оттегінің газының азаюы,
в) атмосферада көмірқышқыл газының көбеюі,
г) атмосферада оттегінің көбеюі.
17. Ксилеманың өткізуші элементтері:
а) түтіктер және елек тәрізді трубкалар, б) елек тәрізді трубкалар мен трахеидтер,
в) кеңірдек пен түтіктер, г) елек тәрізді трубкалар және талшықтар.
18. Өсімдіктердің өсуі жасуша ұлпаларының бөлінуі, өсуі арқылы жүреді:
а) қабатты, б) механикалық,
в) өткізуші, г) жасаушы.
19. Күрделі гүлдер өсімдіктеріне тән сипат:
а) төрт мүшелі типті гүл, б) себет гүл шоғыры,
в) бұршаққын жемісі, г) дән жемісі.
20. Рептилиялардың жер бауырлаушылармен салыстырғандағы күрделенуі:
а) буынды аяқ-қолдарының пайда болуы,
б) өкпе арқылы демалуының болуы,
в) екі қанайналым шеңберлерінің болуы,
г) жүрек қарыншасында толық емес қалқаның болуы.
21. Грек тілінен аударғанда «амеба»:
а) кішкентай, б) түссіз,
в) өзгергіш, г) қозғалғыш.
22. Ақ планарияның ішкі органдарының арасында орналасқан жасушаның ұлпалары:
а) нерв, б) қабатты,
в) бұлшық, г) жұмса біріктіруші паренхима.
23. Саратын қоңызының дене қуысында қан айналады:
а) дененің аяқ жағынан басына,
б) дененің бас жағынан аяқ жағына,
в) дене ортасынан басына және аяқ жағына қарай,
г) дененің бас және асқ жақтарынан ортасына.
24. Дәреттер құстардың ішегінде көп сақталмайды, сондықтан олар жиі ішті босатады. Бұған асқорыту жүйесінің келесі ерекшелігі мен ұшуға қабілеті көмектеседі:
а) тістерінің жоқтығы, б) асқазанның екі бөлігінің болуы,
в) қысқа ішектің болуы, г) клоаканың болуы және массаның жеңілдеуі.
25. Сүтқоректілердің мишықтары келесі қызметті атқарады:
а) қозғалысты реттеу, б) шартты рефлекстерді қалыптастыру,
в) көру ақпаратын талдау, г) жылу реттеу.
26. Адамның ортаңғы құлағында орналасқан:
а) есту труба, б) қабыршақ,
в) ұлу, г) төс.
27. Вегетативті нерв жүйесіне кіреді:
а) соматикалық,
б) ортаңғы,
в) жұлын және бас миы,
г) парасимпатикалық.
28. Ішкі секреция безі секілді қызметті атқарады:
а) ұйқы безі,
б) сілекей безі,
в) гипофиз,
г) жыныс бездері.
29. Екі қабатты ұрық эмбрионалды дамудың келесі кезеңінде қалыптасады:
а) бөлшектену, б) бластула,
в) гаструла, г) органогенез.
30. Денатурация кезінде ақуыздың құрылымы қайта қалпына келмейді:
а) бастапқы, б) екінші,
в) үшінші, г) төртінші.
31. Липидтердің синтезі өтеді:
а) гранулярлық ЭПР-де, б) агранулярлық ЭПР-де,
в) рибосомааларда, г) Гольджи аппаратында.
32. Ас қорыту каналында майды ерітетін фермент:
а) мальтаза, б) липаза,
в) лактаза, г) пепсин,
д) нуклеаза, е) амилаза.
33. Адамның тіке жүруіне байланысты келесі ерекшеліктер пайда болады:
а) қозғалу жылдамдығы артады,
б) табан күмбез тәрізді болады,
в) қолдардың үлкен саусақтары қалғандарына параллель болады,
г) жамбас сүйектері өзара бірікпейді,
д) бас сүйегінің ми бөлігі бет өлігінен кішкентай,
е) қалың түктің болуы.
34. Митоздың профазасы үшін хромосома мен хроматидтердің формуласы тән:
а) 2nc, б) 2n4c, в) n4c,
г) n2c, д) nc, е) 4n6c.
35. Модификациялық өзгергіштік үшін келесі сипаттар тән:
а) гендер мен хромосомалардағы өзгерістермен байланысты,
б) мұра бойынша беріледі,
в) сыртқы ортаның факторларының әсер ету арқылы пайда болады,
г) өзгерістер факторлардың әрекеттеріне байланысты болмайды,
д) реакция нормасымен шектелмеген,
е) геномдық мутациялар арқылы аяқ астынан, тез қалыптасады.
Белгісіз
пікір